Әлеуметтік психологиядағы шағын топты зерттеудің әдіснамалық мәселелері. Адам аралық қатынас дегеніміз – қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайды. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушілікпен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен көдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жек көруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелілікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.