Зерттеу жұмысының барысында келесі әдіс – тәсілдерді пайдаландым: зерттеу, салыстыру, дәлелдеу, мысал келтіру, сауалнама жүргізу, талдау, тұжырымдау.
І. Ауызекі сөйлеу стилі
Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б. Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері – варваризмдер, кәсіби сөздер, жаргондар, диалектлер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелмейді.
Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі – әнгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа – райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (лингвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдалануы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.).
Ауызекі сөйлеу стилі негізгі тілдің қызметімен қарым –қатынас функциясын атқарады, тікелей хабар берудің айрықша формасын құрайды. Ауызекі сөйлеу тілінің тілдік белгілері оның қызметінің ерекше шартын анықтайды. Олардың бастылары мыналар:
Бейресмилік;
Сөйлеу еркінділігі;
Сөйлеу қарым – қатынасының экспрессивтілігі;
Тілдік тәсілдерді сұрыптаудың қажетсіздігі;
Сөйлеудің автоматтығы.
Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады. Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола).
Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретінде сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында кездеседі. [2]
Достарыңызбен бөлісу: |