Қазіргі жастар тіліндегі сленг сөздерді тақырыпқа жіктеу және көркем әдебиеттегі (Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан) сленгтердің қолданысы


Қазіргі жастардың «сленг» тілінде сөйлеуі және Шу қаласы жастарының сленг сөздері



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі60,99 Kb.
#84734
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы

1.2. Қазіргі жастардың «сленг» тілінде сөйлеуі және Шу қаласы жастарының сленг сөздері.

XXI ғасыр әлемде электро-техниканың, ғылымның дамыған заманында адамдардың да сөйлеген сөздері де белгілі бір уақытқа байланысты өзгеріп жатыр. Қазір жаһанданы, жаңғыру заманы және әлеуметтік желілердің дәуірі жүріп тұрған кезде, орыс тілі мен бірге ағылшын тілін меңгеру осы жастардың сөйлеу тілдерінде сленг сөздерінің көрінісі көрініп жатыр. Басында оғаштау керініп еді, қазір құлағымыз үйреніп кетті. Сленг сөздіріне Никитина Т. Г. «Толковый словарь молодёжного сленга» кітабында былай деп жазады: «Молодёжный сленг — социолект людей в возрасте 12—22 лет, возникший из противопоставления себя не столько старшему поколению, сколько официальной системе. Бытует в среде городской учащейся молодёжи и отдельных замкнутых референтных группах.» [4] Никитина Т. Г. сленг сөздерін 1930 жылы азаматтық соғысы болса, 1950 жылы екінші жастардың жаңаша «стиляг» пайда болса, 1970-80 жылы идеологияға қарсы тұруға пайда болды деп тұжырым жасайды.


Бүгінгі жастар сленгтер мен жаргондарды әртүрлі себептерге байланысты қолданады:

  • көпшіліктің алдында әсер қалдыруы үшін,

  • елден ерекше болу, 

  • өзгелер түсінбеу үшін, 

  • белгілі бір әлеуметтік топқа жататынын көрсету үшін, 

  • әзіл және мысқыл ретінде де қолданады.

Компьютерлік сленгтер
Соңғы уақытта жасөспірімдер компьютер ойындарымен әуестенуі күшейіп отыр. Бұл да бір компьютерлік сленгтердің пайда болуына алып келеді. Мысалы, ойындағы «ең басты жау» деген ұғымын білдіретін «бродилка», «аркада», «босс» сленгтері пайда болған. Жастардың күнделікті қолданып жүрген сленгтерінде орыс сөздернің көптеген компоненттері кездеседі. Мысалы: «тормозы ұстап қалды» — бір жағдайдан шешім таба алмай қалды, осыған синоним ретінде «зависать етіп қалды» деген тіркес бар, «типаж болу», «болатной болу» — менменсу тіркесімен байланысты. «Құлаққа лапша ілу» — өтірік айту, «маяк тастау», «гудок тастау» — қысқа ғана қоңырау шалу. Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Оған өздерінше «жаргон ғой» — деп, айдар тағып әлде қандай болатынын көресіз.
Қазіргі жастардың сленг немесе жаргон сөздеріне мысал:
1. Жындыларский зат- ыңғайсыз зат
2. Ботан- зерделі адам
3. Тормозы ұстап қалу,зависать ету- бөгеліп қалу
4. Базар жоқ- сенімді болу
5. Талпамен келу- көпшілікпен келу
6. Типаж болу, блатной- өзңмшіл, өркөкірек
7. Косякқа кіру- ыңғайсыздыққа тап болу
8. Құлаққа лапша ілу- өтірік соғу
9. Маяк тастау, скидовать ету- қысқаша қоңырау шалу
10. Шпор жасау- жауап парағын дайындау
11. Капустағы қарау- материалдық жағдайын қарау
12. Жылауық -қызғаншақ, іші тар
13. Ауру- адамға маза бермейтін адам
14. Қуғынбай -артық сөйлеп кеткен, мылжың
15. Сасымашы- босқа сөйлемеу
16. Крышасы бар ,танкасы бар- қолдау көрсететін ағасы бар
17. Зубрить- жаттауды тақылдап айту
18. Миді шіріту- көп сөйлеу
19. Шеф - бастық
20. Читалка- оқу залы
21. Препод- мұғалім, ұстаз
22. Общяга - жатақхана
23. Инет- ғаламтор
24. Маршруткаға міну - қоғамдық көлікке міну
25. Аташка- ата, Ажека- әже
26. Потеря болу- қобалжу, әбіржу
27. ёё маё- мәссаған, таң қалу
28. Сущняк- сусын [2]
Никитина Т. Г. Сөздігіндегі сленгтер:
1. Алка́н — алкоголик, пьяница, ученик класса
2. Бабл, бабло́, баблы́ (мн. число) — деньги
3. Винда́, винды́ (мн. число), виндю́к — OS Windows
4. Задро́т — человек, который увлекается одной или несколькими компьютерными играми и потратил на них огромное количество времени.
6. Ине́т — Интернет
7. Комп — персональный компьютер
8. Лайф — жизнь
9. Мерс, мерсю́к — Mercedes-Benz
10. Музла́, музло́ — музыкальное учебное заведение
11. Пофиги́ст — человек, равнодушный ко всему окружающему
12. Пре́под — преподаватель
13. Прико́л — шутка, розыгрыш, остроумное высказывание, увлечение
14. Родаки́, роды́ — родители
15. Тянка, тёлка — девушка, молодая женщина
16. Ту́са — вечеринка, драка, компания
17. Ха́вка — еда, банкет
18. Ха́чик — кавказец
19. Чел, чува́к, кун — молодой человек, мужчина [4]
Менің Шу қаласы бойынша жинап, терген сленгтерім:
1.Оқтау жұтып қою- еңкеймеу
2.Бақырайып қарау-шошып қарау
3.Лахотрон- өтірік
4.Жердің миы шығып жатыр- қар еріп, жербің беті батпаққа айналуы
5Жоңғарлар келді-достар немесе комиссия келді
6.Сасып жатырсың ба?- әлі ұйықтап жатырсын ба?
7.Петачегі қалай- түрі қандай
8.Паһарь-пысық адам
9.Қыртпа-көп сөйлейтін адам
10.Траштанып- әуре болу, дайындалу
11.Ағайындар – достар
12.Қатыпқалған пряник- сараң адам
13.Чё там!- не болды!
14.Бақа-шаян- қарапайым адамдар
15.Қоңыз теру- ақша біту,
16.Порожняк әңгіме- болмайтын әңгіме
17.Сасық әңгіме-өсек
18.Құлақтар-өсек таратушы адамдар
19.Ақ құлақтар-орыс ұлты
20.Шестёрка- жағымпаз адам
21.Плотно сөйледі- дұрысын сөйледі
22.Мал- түк ұқпайтын адам
23.Қазысын қуып жүр- мас адам
24.Әуеніне көну- қасында жүру
25.Кула немес лапа-құлағы үлкен адам
26.Лимон немесе лям- бір миллион ақша
27. Хата- үй
28. Сотка мания- ұялы телефонда көп отыратын адам
29 оқтай- дене бітімі келісті адам т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет