Басшылардың басқару қызметінде сабаққа талдау жасаудың кеңейтілген, қысқа және кезендік түрлері кеңінен қолданылады.
Сабаққа кеңейтілген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Талдаудың бұл түрі жұмысты жаңа бастаған педагогтарға, белгілі бір қиындыққа тап болғандарға немесе іс-тәжирибесі арнайы зерттелетін тәрбиешілердің сабағына баға беруде қолданылады.
Сабаққа қысқа талдау жасау басшы, меңгерушісі немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескертпені барынша объективті етіп беруді талап етеді. Сабаққа қысқа талдау жасау -атүсті талдау, немесе сабаққа көз алдау үшін қатысу емес, талдаудың бұл түрі тәрбиеші тұлғасын жақсы білу, жоғары әдістеменің және басқару мәдениетін талап етеді.
Кезеңдік талдау сабақтың белгілі бір кезеңін, мысалы балалардың таным белсенділігін артыруда көрнекілік қолдану, немесе тәрбиешінің тапсырманы тексеру жұмысы, немесе сабақ барысында балалармен топтық жұмыс жасау еркшелігін қамтиды.