«Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар» Орындаған: Алдашова А. А. Тексерген: Нұрашева Г. С. Орал, 2022ж. МазмұНЫ


Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негiздерi



бет2/10
Дата29.09.2022
өлшемі208,42 Kb.
#151235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар

1.Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негiздерi
1.1 Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесі
Оқушылар ұйымы – балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Ондағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәніне Луначарский А.В., Крупская Н.К., Макаренко А.С., Сухомлинский В.А., Блонский П.П., Лебединский В.В., Бабанский Ю.К., Болдырев Н.И. т.б тоқталып өткен.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің негізін салушы американдық педагог Э.Джилль болды. Бұл жөнінде ол өзінің “Мектеп республикасы – Republic of shcool” (1897) атты еңбегінде баян етеді. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған “скауттар” атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады.
1907 жылы Британия Корольдiгiнiң қолдауымен, Лондон қаласында тұңғыш скауттар ұйымының Құрылтайы өтедi. 1921 жылы Дүниежүзiлiк скауттар ұйымы құрылды. Оған 63 мемлекеттiң (Патшалы Ресей, Америка, Германия, Италия, Франция, Швеция, Индия т.б) өкiлдерi мүше болды.
Патшалы Ресейде Царское Село (Пушкин қаласы) қаласында 1909 жылы тұңғыш Скауттар ұйымы тұсауын кестi. 1914 жылы Ресей Императоры Николай II “Русский скаут” атты қоғамдық ұйымды құру жөнiндегi Патша Жарлығына қол қойды.
Кеңес үкіметі және социалистік даму бағытын ұстанған мемлекеттерде (Болгария, Куба, Германия, Венгрия, Вьетнам т.б.) балалар мен оқушылардың ұжымдық топтасуларының аса белсенді көріністері – пионер ұйымының құрылуына негіз болды.
Пионер ұйымы туралы Үлкен Кеңес Энциклопедиясында: “...Бүкілодақтық В.И.Ленин атындағы пионер ұйымы балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі басқаратын, бұқаралық коммунистік қоғамдық бірлестік болып табылады..”делінген. 1945 жылдары “тимуршылар” атты мектеп оқушыларының қайырымдылық қозғалысы бүкiл одақты шарпыды.. Пионер көсемдері мен белсенділерiн дайындау барысында бүкiлодақтық “Артек” пионерлер лагерiнiң маңызы өте зор болды.
Мектептегi оқушылар ұжымының негiзгi қалыптастырушы күшi – оқушы балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас, мектеп оқушылар қауымының қоғамдық пiкiрiн қалыптастырады. Оқушылардың өмiрге және мектептегi педагогикалық ықпалдарға деген көзқарастары олардың жас ерекшелiктерiне қарай әр түрлi сипатта дамиды.
Ғұлама бабамыз Әл Фараби жас ұрпаққа тәрбиесіз білім беруге болмайтынын ескертті. Я.А.Коменскийдiң ойынша ұйымдық тәрбиенiң негiзгi ошағы отбасы дәстүрi мен тәрбиеленушi оқушылар қауымдастықтары – ата-баба тағылымдарынан бастау алғанда ғана, оларға бiлiм берудiң тиiмдiлiгi мен сапалылығы және қоғам үшiн қажеттiлiгi арта түседi деп санаған.
И. Песталоцци ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік құндылықтардың басты орын алуын меңзеген. Ж.Ж. Руссо тәрбиенiң негiзгi көзi – ата салтында деп санаған. Дж. Лоокк бала тәрбиесі тек қоғамдық, я болмаса әулеттік қажеттілік қана емес, ол адамзаттың өркениеттік қозғаушы күші ретінде ғылыми тұрғыда арнайы қарастыруды қажет санады.
К.Д. Ушинский тәрбие мәселесін ауқымды ғылым саласы ретінде қарастырады. Оның ойынша, жас ұрпақтың санасына адами қасиеттер мен ізгілік тағылымдарын қалыптастыру біріншіден - ғылыми зерттеу жетістіктеріне негізделсе, екіншіден – халықтың тәлім-тәрбиелік құндылықтарына сүйенуі керек деп, тәрбиенің “халықтық принципін” ерекше атауына мән беруді қуаттады.
Шацкий мектептегі оқушылар ұйымын – балалардың қоғамдық бірлестіктері деп санады. Оның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстары баланың танымдық ерекшелігі мен мүмкіндіктеріне, денсаулығы мен физиологиялық дамуына және эстетикалық талғамына байланысты жүзеге асырылу керек деді.
В.Лебединский зерттеуінде пионер, яғни оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселесін педагогика ғылымының бір саласы ретінде қарастырған. Оның ойынша оқушылар арасындағы өзін-өзі басқару жүйесінің мектеп қажеттілігіне айналуы – демократиялық қағидаларға негізделе отырып жүзеге асырылуында дейді. Н.И Болдырев өз еңбегінде оқушылар ұйымының негізгі көрсеткіші – жалпыидеялық ортақ әрекет, оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас, жалпыға ортақ басқару жүйесі, көпшілікке ортақ жауапкершілік пен ұжымның әр мүшесіне қойылатын ортақ талаптар болмақ.
Балалар ұйымының жаңа формациядағы жағдайы жөнінде Л.В.Алиеваның докторлық диссертациясында бірқатар маңызды мәселелер көтеріледі. Зерттеуші А.В.Волохов Л.В.Алиеваның тұжырымдарын одан ары дамыта келе, балалар әлемі үшін ешқандай шекара жоқ екенін растай түсіп «социокинетика» ғылымының қажет екені жөнінде маңызды ұсыныс жасайды.
Р.Д. Иржанова өз еңбегінде мектепте пионер мен комсомол жұмыстарын ұйымдастыруда сынып жетекшiсiнiң шешушi рөл атқаратынын атап өтедi. Б.Ы. Мұқанова Қазақстандағы пионер ұйымының әлеуметтік мәселелеріне арналған үкімет пен басқару органдарының қаулы-құжаттары және басқа маңызды іс-шаралар жөнінде баяндап өтеді. Р.Байназаров оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын көпшілік қауыммен бірлесе отырып жүргізу керектігін атап өтеді. Оның ойынша бұл істі әулет пен отбасы дәстүрі, туыстық қарым-қатынас, сондай-ақ педагогтар мен ата-аналар қауымдастықтары арқылы ұйымдастыру оқушы санасында көпшіл, ұйымшыл, шығармашыл және басқа ерекше қасиеттердің қалыптасуына әсер етеді деп санайды. Н.Б. Абаеваның ойынша оқушылар ұжымындағы тәрбие жұмыстарын жандандырудың педагогикалық жолы – ұжымдық топтардың жоғарғы органы пионер жиыны болып табылады.
Ұзақ жылдар бойы Кеңес үкiметiнің мектептегi пионер жұмысының жалпы үрдiсiн қатаң қадағалап, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда коммунистiк идеологияға негiзделген саяси бағыт ұстанғаны – мектептегi жалпы оқу-тәрбие жұмыстарының саясаттануына әкелiп соқтырды. Сол себепті мектептегі тәрбие жұмыстарында ұлттық тәрбие жұмыстарын жүргізу қажеттігі туды деп санаймыз.
Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайында – республика мектептері мен қосымша білім мен тәрбие беретін мекемелерде, басқа тәрбие ошақтарында жоғарыда аталған ғылыми еңбектердi талдай және оған негiздей отырып, бiз мектептегi оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие құндылықтарын әлемдік өркениетті озық мәдениетпен кіріктіре іске асырудың жолдарын қарастыратын оқушылар ұйымының жаңа моделі қажет. Бұл модельдің өзіндік ерекшелігіне тоқталсақ: біріншіден оқушылар ұйымының төменнен жоғарыға дейін жеті демократиялық принципке негізделген құрылымының қалыптасып, нәтижесінде педагогикалық шарттың ұйытқысы болғанын айғақтаймыз. Аталмыш демократиялық принциптің педагогикалық шарттарына:
- ұжым мүшелерінің тең құқылығы;
- ұжымның басқару органының төменнен жоғарыға дейін сайлануы;
- басқару органдарының өзін сайлаушылар алдында есеп беріп отыруы;
- ұжымға мүше болудың еріктілігі мен бір-біріне тәуелділігі;
- ұжым мүшелерінің ұжым жұмысын жақсартуға ұсыныс беруге құқықтылығы;
- қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап отыруға құқықтылығы және басқа алғышарттар жатады.
Оқушылар ұйымының моделінде ұйымдастыру жұмыстарының түрлері мен оны іске асырудың әдіс-тәсілдері де көрініс тапқан. Мәселен бастауыш ұйымның жұмысы оқушылар жиыны (конференция, құрылтай, слет т.б) және дәстүрлі ұйымдастыру формалары және техникалық-коммуникациялық құралдардың көмегімен өткізілетін кешенді іс шаралар арқылы жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет