«Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар» Орындаған: Алдашова А. А. Тексерген: Нұрашева Г. С. Орал, 2022ж. МазмұНЫ



бет1/10
Дата29.09.2022
өлшемі208,42 Kb.
#151235
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар


Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Қазіргі мектептегі қоғамдық ұйымдар»
Орындаған: Алдашова А.А.
Тексерген: Нұрашева Г.С.
Орал, 2022ж.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе....................................................................................................................3
1.Оқушылар ұйымының қалыптасу тарихы мен теориялық негiздерi
1.1 Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесі..........................................5
1.2 Балалардың қазіргі қоғамдық ұйымдарының мәндік сипаты.....................10
2.ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1 Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты.................15
2.2 Балалардың қоғамдық бірлестігінің типтері.................................................16
2.3 Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы................19
2.4 «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы.......................21
2.5 №19ЖОББМ-нің «Жас Ұлан» және «Жас Қыран » балалар мен жасөспірімдер ұйымы...........................................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

Кіріспе
Зерттеудің өзектiлiгi. Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер – қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн алға тартып отыр.
Егемендi елiмiзде соңғы жылдар тiзбегiнде жүргiзiлiп келе жатқан бiлiм реформасына қатысты түбегейлі бетбұрыстар, атап айтқанда әлемде дамыған мемлекеттердегі білім саясатының негізгі көрсеткіші болып саналатын білім беру жүйесіне ену қарқыны – қоғамдық ортадағы адамдардың ерекше пiкiрлерi мен көзқарастарын қалыптастыруға негiз болды. Көптеген өнеркәсiп орындарының жаңа технологиялық қондырғылармен қайта жабдықталуы - бiлiм сапасының жаңа деңгейге көтерiлуiне өзгеше талап қойды. Аса қарқынды белең ала бастаған аталмыш құбылыстарға мемлекет тарапынан терең талдаунамалар жасалып, ортақ проблеманы бұқара халықпен бiрлесе отырып атқару мәселелерi жолға қойылуда.
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек
Зерттеудің мақсаты: Мектептегі оқушылардың қоғамдық ұйымдарының педагогикалық шарттарын айқындау.
Зерттеу объектісі: мектептегi қоғамдық ұйымдардың тәрбие жүйесi.
Зерттеу пәнi: мектептегі қоғамдық ұйымдар арқылы тәрбие берудің жолдары.
Зерттеудің мiндеттерi:
1 Қоғамдық ұйымдардың қалыптасу тарихы мен теориялық негіздерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерделеу;
2 Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделін құру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындау;
3. Балалардың қоғамдық бірлестігінің пайда болуы, оның түрлері, бағыттары мен басты мақсаттарын ұғындыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы. жұмыс кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет