Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. «Қамар сұлу» романы
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып,романның негізгі оқиға желісін меңгерте отырып, ондағы көтерілген әлеуметтік, адамгершілік мәселелері жөнінде азаматтық пайымын тереңдету,ой түйінін кейіпкерлер арқылы дәлелдеу;
Дамытушылығы: Оқушының өзіндік қиялына еліктей отырып, өзінше ой түюге баулу,сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру, шығарманы талдап, кейіпкер іс-әрекетіне баға бере білуін,ойын жүйелі баяндай білуге дағдыландыру. Қоғамдық –әлеуметтік жағдайларды саралай отырып,өзіндік өмірге деген көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
Тәрбиелілігі:Оқушыларды адами қасиеттерге баулу,автор көтерген әлеуметтік маңызды мәселелер төңірегінде ой-өрісін кеңейту,әйел адамды құрметтеу сезімін жетілдіруге тәрбиелеу. Сол сияқты әдет-ғұрыптарды сақтауға,өз бас бостандықтары үшін күресе білуге,ұлттық салт-дәстүрімізді биік ұстауға құлшындыру.