2.4 «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы Мақсаты: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында республика бойынша барлық өңірлерде «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру.
Міндеттері:
Жасұландықтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру;
Оқушылардың танымдық қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру;
Оқушыларды қоғамдық пайдалы шараларға тарту;
Балаларды заманға сәйкес дамытып, оларды жаңа қатерлер мен зиянды әрекеттерден қорғау;
«Жас Ұлан» ұйымы қызметінің бағыттары:
Отан – елін, жерін, құндылықтарын сүю, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыру бағыты;
Зерде – интеллектуалдық даму, зерделі түрде алдына мақсат қоя білу, жобалар жасап, жүзеге асыруға жетелеу бағыты;
Руханият – оқушыларды жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, көркем-эстетикалық қасиеттерге тәрбиелеу, волонтерлік қызметті дамыту бағыты;
Салауат – салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға бағыт беру, денешынықтыру мәдениеті мен психикалық денсаулығын қалыптастыру бағыты;
Еңбек – мектеп қабырғасынан кәсіби мамандыққа бағдар беру, кәсіби үйірмелерде жұмысқа тарту, еңбекке деген құрметті сіңіру бағыты.
Эко-әлем – қоршаған ортаны аялауға, жан-жануарларға қорған болуға, экологияны жақсартуға бағытталған жобалар жасауға бағытталған бағыт;
Жеті жарғы – құқықты мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге арналған бағыт.
Назарға:
2021 жылы мектептердегі Жас Ұлан ұйымының өкілдерімен ұйымдастырылған барлық шарарлар Ұйымның 10 жылдығына орайластырылып өткізілуі тиіс.
Барлық шараларда «Жас Ұлан» ұйымының 10 жылдық логотипі қолданылуы тиіс.
Өткізілген немесе жоспарланған шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде орналастырылған кезде # ЖасҰлан10жыл#JasUlan10jyl хештегтерін қолдануы тиіс.
Ауқымды іс-шара өткізілер алдында қосымша материалдар жіберілетін болады. (тұжырымдама, өткізу ережесі, нұсқаулық және т.б) Білім басқармасы «Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдігі» мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің біріктірілу жұмыстары жасалуда. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері (бұдан әрі – Балалар өкілдіктері) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің (бұдан әрі – БҚҚК) жанынан құрылады және Қазақстан Республикасы балаларының қоғам мен мемлекет өміріне қатысу құқығын іске асыратын балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бірлестіктер болып табылады.
Балалар өкілдіктері өз қызметін БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Заңдарына, қолданыстағы заңнамаға, балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясатқа және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу;
3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.
Негізгі міндеттер:
1) балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
2) балалар бірлестігін, балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың, қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жобалық қызметті мемлекеттік қолдау бойынша бастамалар енгізу;
3) балалардың өзекті мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға балалардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін тарту;
4) «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына сәйкес балалар ортасында жоғары адамгершілік-рухани және құқықтық мәдениетті, патриоттық сезімді, азаматтық жетілуді және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.
Балалар өкілдіктері барлық білім беру ұйымдарында құрылады.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жеті жарғы» бағыты бойынша сайланған белсенді және жауапты оқушылар осы мектептің балалар өкілдігінің мүшелері болады. «Жеті жарғы» бағытының қызметі - құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жас азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. «Жеті жарғы» бағыты мүшелерінің және тиісінше білім беру ұйымының балалар өкілдігінің саны дербес айқындалады.