ҚОРЫТЫНДЫ Жеке тұлғаны, адамды өмірге, белгілі бір ұжым арқылы кәсіпке баулып қалыптастыру барысы - объективті қасиеттілік. Адам тұлғасын жан-жақты және үйлесімді дамыта отырып, оның қоғам алдындағы борышын орындау, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру үшін оның бойында еңбек сүйгіштік, рухани, құқықтық, күш-қуаттың саналарды, өзіндік іс ерекеттерді жеке қасиеттері арқылы дамытып, тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын жүзеге асырады. Оқушыларды оқытудағы саналығы, тәрбиелілігі олардың белсенділігімен тығыз байланысты. Белсенділік танымдық іс - әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, бойындағы жеке ерекшелік қасиетгерін қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады.
Ұжымның өсу және даму процесінде онда сынып пен мектеп өмірінің аса маңызды мәселелері жөнінде, оқушылар іс-әрекетті бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады. Ол бірте-бірте оқушылардың қылықтары мен әрекеттерін бағалаудың критерийіне айналады. Қоғамдық пікірдің тәрбиелік ролі моральдық нормаларды бұзушылықты кінәлаумен және теріске шығарумен ғана шектелмейді.
Қоғамдық пікірдің ынталандырушылық, ұйымдастырушылық ролінің, коллективтің қоғамға бағалы қылықтар мен әрекеттерді жақсы бағалай білуінің маңызы да ерекше. Топтасқан ұжым қоғам пікірінің күшімен әр оқушыға, оның мінезі мен тәртібіне игілікті әсер жасайды. Жолдастарының не ойлайтынын, олардың белгілі бір қылыққа қалай қарайтынын ой елегінен өткізу жаман қылықтардан сақтандырады. Оқушылар әдетте жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін құлақ түре тыңдайды. Осының бәрі мінез-құлықтың қажетті дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. А. С. Макаренко: «Зор беделді және сүйікті мектеп коллективінің қоғамдық пікірін бақылау осы тамаша достық одақтың мүшесі ретінде оқушының мінезін шыңдайды, ерікті тәрбиелейді, жеке бастық мінез-құлықтың қоғамға пайдалы дағдыларын, мектеп үшін және өзі үшін мақтаныш сезімін бойға сіңіреді. [3, б. 12]. Сонда бала… өзін қалай ұстауды, өзі құрметтейтін коллективтің оны не үшін мақұлдайтынын және не үшін: кіналайтынын біледі». Әрине, қоғамдық пікірдің барлығы дерлік жақсы роль атқара бермейді. Кейде, дұрыс тәрбиелемеудің нәтижесінде нашар пікір туады. Мысалы, бір топ оқушылар немесе сынып тұтасымен тәртіп пен әдепті әдейі бұзатындарды бүркемелейді де мұны жолдастықтық көрінісі деп біледі.
Педагогтардың міндеті — өтіп жатқан оқиғаға коллективтің дұрыс көзқарас қалыптастыру қоғамдық пікірді жағымсыз фактілермен қарсы күресуге жұмылдыру. Тәрбие беруде коммунистік тәрбие міндеттеріне лайықты қоғамдық пікір ғана игі роль атқарады. Ұжым іс-әрекетінің жоғары идеялы сағытта болуын, оның мектептің, оқушылар ұйымдарының өзін-өзі басқару органдарының негізгі міндеттеріне сәйкес келуін қамтамасыз етудің соншама маңызды екендігі осында жатыр.