Тақырыбы: Жас мамандарды психологиялық тұрғыдан зерттеп, зерделеу Мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі84,96 Kb.
#19493
Тақырыбы: Жас мамандарды психологиялық тұрғыдан зерттеп, зерделеу

Мақсаты:Жас мамандарға кәсіптік шеберлігін,оқытуда ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін,әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас маманға өзін – өзі тәрбиелеуге, бейімділіктерін дамытуға үйрету, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу. Жас мамандардың мотивациясын арттыру.
Міндеті:

1.Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.

2.Іскерлік қарым – қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.

3.Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.

4.Жас маман өз іс әрекет нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгеру.

Күтілетін нәтиже: жас маманның жаңаша ойлау қабілеті қалыптасады, зерттеумен айналысады, іс – әрекет нәтижесін жобалай білуі қалыптасады.

Барысы:

І.Психологиялық дайындық.

1) «Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).

Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, бүгінгі сайыста барлығыңызға сәттілік тілеймін . (Жылы лебіз тіліктер айтылады).

І.Тапсырмалар:

1. Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесің? (өз ойларын айту)

Әркім өз білімдерін, дағдыларын,іскерліктерін өз бетімен дербес жетілдіре алады. Адамның қабілетінің дамуына еңбексүйгіштік, табандылық, өжеттілік, шыдамдылық, ынталылық, өзін – өзі билей алушылық көмектеседі. Адам қабілетінің дамуына таланттың ашылуына оның білімінің шалағайлығы, жұмыс дағдысының болмауы, жалқаулық, еріншектік кедергі келтіреді. Адамның өз бойындағы талантты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Талантты ашудың бірден – бір жолы – білімділік, ізденімпаздылық. Алайда, адамдардың өздері қолданып, іске асыра алатын бақылау әдісін алуға болады. Адам басқалардың мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өз мінез – құлқын, жұмыс нәтижелерін және жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін білуге болады. Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді.


2. «Жаңа технология дегеніміз не?» (Білетін ойларымен бөліседі)

Технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай мұғалім мақсатына жетпейді.

Слайд технологиялар түрлері:

-дамыта оқыту;

-СТО;

-модульдік;



-ұжымдық;

-БиС;


-үш өлшемдік технологиясы, т.б.

Технология түрлері:

1.Сатылған тәртіптелген іс – әрекет жүйесі

2.Нақтылы мақсатқа негізделген болашақ үрдісінің жобасы

3.Мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы

4.Білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы

5.Көзделген нәтиженің орындалу кепілі

6.Жоспарланған түпкі нәтижеге жетудің кепілдік берерліктей іс – әрекеттер жиынтығы

3. Қандай сабақтың құрылымдарын білесіз?

Сабақ құрылымы:

1.Сабақтың тақырыбы

2.Сабақтың мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік)

3.Сабақтың түрі

4.Сабақтың әдісі

5.Сабақтың көрнекілігі

6.Сабақтың типі

7.Сабақтың барысы

8.Сабақтың формасы
4. Сабақтың сәттері, ондағы мұғалімнің атқаратын жұмысы, оқушының міндеті жайлы талқылаңыз?




Сабақтың сәттері

Мұғалімнің атқаратын жұмысы

Оқушының міндеті

1

Ұйымдастыру сәті

Сабаққа әзірлігін қадағалау

Оқу құралдарын әзірлеп сабаққа дайындалу

2

Үй тапсырмасын сұрау сәті

Әр түрлі әдіспен үй тапсырмасын сұрау (ауызша, жазбаша)

Үйге берілген тапсырма бойынша сұраққа жауап беру

3

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сәті

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру үшін дайындаған сұрауларын қоя отырып, жаңа сабақпен байланыстыра білу

Тыңдау, сұраққа жауап беру

4

Жаңа сабақты түсіндіру сәті

Жаңа әдіспен жаңа сабақты түсіндіру

Оқушы тыңдайды

5

Жаңа сабақты пысықтау немесе бекіту

Алдын ала әзірленен сұраулар бойынша оқушылардың білімі тексеріледі

Алған біліміне қарай оқушы жауап береді

6

Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындау сәті

Бұл сәт мүмкіндігінше жазбаша жүргізіледі

Оқушы орындайды

7

Оқушыларды бағалау сәті

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтағы меңгерген біліміне қарай әр түрлі әдіспен бағалайды

Бағаны күнделікке қойғызу

8

Үй тапсырмасын беру сәті

Жаңа сабаққа байланысты үй тапсырмасы түсіндіріледі

Тыңдап, күнделіктеріне жазып алады

Мұғалім оқыту үрдісін ұйымдастыруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс – тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек. Қазіргі уақытты мұғалімге керекті нәрсе сабақтың түрін ажырата білу.


5. Сұрақ. Сабақтың түрлерін атаңыз?

Сабақ түрлері:

1.Дәстүрлі. Дәстүрлі әдістегі мақсат – мұғалім түсіндіреді, сөйлейді, белсенді болады, ал оқушылар тыңдап, тапсырма орындайды.

Дәстүрлі сабақ кезеңдері:

-үй тапсырмасы;

-жаңа сабақ;

-оқушыны бағалау;

-үй тапсырмасы;



Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз- қалыптан тыс сабақ. Түрлері: пікірсайыс, саяхат, ойын, концерт, сот, конференция, сахналық сабақ, баспасөз, дәріс, дебат, т.б. Оқытудың дәстүрлі емес әдісіне қойылатын мақсат- оқушының дағды мен білімге қолын жеткізу. Сабақтың бұл түрінде оқушының өзара белсенділігі артады. Бұнда мұғалім тек бағыттаушы.

Технология дегеніміз- көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен бір құрылысты елестетіп көрейік. Сол құрылысты салу үшін көптеген кірпіш керек. Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, біздің технологиямыз да осы іспеттес. Мұғалім – басқарушы ретінде әдістерді тиімді пайдалана білмесе, оның технологияны түсінбегені. Ондай мұғалім мақсатына жетпейді.
Жаттығу «Эксперимент»

Қатысушыларға «30 секундтың ішінде мәтінді оқып шығу керек!» деген тапсырма беріледі.


НоКАКТеперьВеРнутьсяНАЭстАКАДУКаКПЕРЕнестиЭТоГоСТрАшНОНаПУгаННого РеБЕНКаВБеЗОПаСНОемЕсТО наКОнецП ОСЛЫШАЛ Ся ТОП ОгБЕГУщиХ ног
Но как теперь вернуться на  Эстакаду как перенести этого страшно напуганного ребенка в безопасное место на конец паослышался топог бегущих ног.
ІІ. Ситуациялық сұрақтар:


1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?

2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

3. Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып апай басымнан ұрды деп арыз айтып, ата - анасын ертіп әкелді. Сіздің әрекетіңіз қандай?

4. Бір оқушы журналды бүлдіріп тастайды. Сіз әрине мықтап сөгіп алдыңыз. Сізді сол күні кешке қонаққа шақырады, жаңағы оқушы да сол үйге атасымен еріп келген. «Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты» деп есіктен кірер кірместен айқайлап жібереді? Сіз өзіңізді қалай ұстар едіңіз?


5. Алдыңғы қатарда отыратын оқушының басында бит өріп жүргенін көріп қалсаңыз не істер едіңіз?

6. Сіз сыртқа шығып кеткен кезде бір бұзық оқушы сөмкеңе бақа салып қояды. Сіз білмей сумкаңызды ашып қалған кездегі жағдай. Не істер едіңіз?

7. Сізді бір жоғарғы кластың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырады, не істер едіңіз?


8. «Сіздің сыныбыңыздағы оқушы белгісіз жағдайда өзіне-өзі қол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті». Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жұргізесіз, және сіздің осдан кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай болмақ?

9. Ата-аналар кеңесуге мұғалімге келді. Олардың 13 жасар қызы өте көп оқиды, үлгерімі жақсы, соңғы кезде қыз бен ата-ана арасында кейбір мәселелер туындап жүр. Ескертулерге қыз: - сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін, - дейді. Ата-ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Ол жиі қайталанып жүр. Ата - анаға қандай кеңес айтар едіңіз?


10. «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай доспары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?


ІІІ. ЗЕЙІНДІ ЗЕРТТЕП ЗЕРДЕЛЕУ

«МЮНСТЕРБЕРГ» ӘДІСТЕМЕСІ

Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады.



Нұсқау:

Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.



Жұмыс уақыты -2 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады. Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр
Жалпы қорытынды: Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім- мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс.

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр

Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет