Практикалық психология – психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы.
Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процесстерін зерттеп, олардыің даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.
Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.
Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды. Практикалық психологияның пайда болуы бұл адамның проблемаларына қоғамдық қызығушылықтың өсуіне жауап және қазіргі заманғы психологияның оларды сәтті шеше алатынының дәлелі.
Сондай-ақ өмірмен шынайы қатынасу академиялық психологияда шешілмегендіктен практикалық психология көшіп, оның теориялық бөліміне құрайтын ерекше теориялық және әдістемелік проблемаларды тудырады. Осылайша адамдардың қызметтегі және өмірлік қиыншылықтарына қатысты білікті психологиялық көмек көрсетумен байланысты теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушы проблемалардың кешені практикалық психологияның пәнін құрайды.
Кейде психологтың кәсіби іс-әрекеті де солай аталады. Ол диагностиканы, психологиялық түзетуді, психотерапияны, психологиялық кеңес беруді қамтиды. Соңғы үш ұғым жиі бірін-бірі алмастырып отырады. Дегенмен олардың барлығы адамдарға ықпал етудің нақты формалары ретінде диагностикаға арқау етеді.
Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:
Клиникалық психология (ең көне бағыт);
Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;
Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;
Сот психологиялық эксперитиза;
Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.
Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.
Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.
«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді.
Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.
Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |