1. Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы



Дата26.12.2019
өлшемі33,55 Kb.
#54848
Байланысты:
практикалык психология

1. Практикалық психология жөнінде қазіргі түсініктер
2. Практикалық психологияның мақсат-міндеттері даму тарихы.
Практикалық психология - психологиялық қасиеттердің көрініс беруін, даму ерекшеліктерінің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеп, дамуында ауытқуы бар қасиеттерді өңдеу жолдарын анықтайтын психологиялық ғылымдардың бір саласы.

Психологиялық қасиеттерді зерттеу өте күрделі процесс. Оның барысында көптеген психодиагностикалық әдіс-тәсілдер қолданылып, әр адамның психикалық қасиеттерін, күй-жағдайларын, таным процесстерін зерттеп, олардыің даму деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге психикалық қасиеттердің нормадан ауытқуларының алдын алу, коррекциялау, кеңес беру т.б. жәрдемді ұйымдастыру да осы ғылым саласының міндеттеріне енеді.

Қазіргі таңда психолог іс-әрекетінің ғылыми зерттеулер, оқыту және адамдарға психологиялық көмек көрсету сияқты іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Ғылыми зерттеулер теориялық және қолданбалы сондай-ақ диагностикалық деп жіктеледі. Психология бөліміндегі мұғалімдік іс-әрекет орта мектептен бастап жоғары білім мен магистрлік даярлыққа дейін білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәжірибеленеді. Психологиялық көмек көрсету психологиялық білім білімнің кейінгі дамуы мен оның әлеуметтік тұрғыда таралуымен шектелмейтін тәжірибелі психологиялық міндеттерді шешу үшін психологиялық теориялар мен әдістердің қолданылуын анықтайды. Дәл осы іс-әрекет кең мағынадағы практикалық психология деп аталады. Практикалық психология бұл психологияның пәні – психологиялық көмек көрсету, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.б. бағытталған практикалық іс-әрекеті болып табылатын бір саласы.

Қазргі заманғы практикалық психологияда келесі бағыттар ерекшеленеді:




  • Клиникалық психология (ең көне бағыт);




  • Ұйымдастырушы психологиялық (басқарушы) кеңес беру;




  • Жарнама, имидж және қоғаммен байналыс психологиясы,;




  • Сот психологиялық эксперитиза;




  • Психологиялық операциялар сияқты арнайы бағыттар.

Клиникалық психология өз кезегінде дәрігерлік және дәрігерлік емес деп бөлінеді. Дәрігерлік психология (психотерапия) «кіші» психиатрияның бөлімі болып табылады. Олар дәрігерлік біліктілікке сәйкес психолог дәрігерлердің кіріспесіне еніп, невроздардың шеткі күйлер мен басқа да ауруларды емдеумен айналысады.Дәрігерлік емес клиникалық психология ауру деп есептелмейтіндіктен дәрігерлік емдеу мекемелерінде көмек ала алмайтын адамдарға көмек көрсетеді.


«Психологиялық операциялардан» қалған бағыттарды атауынан ақ тануға болады. Бұл терминнің шығу тегі американдық әрі кәсіби психологтардың «психологиялық соғыс» іс-шарасын жоспарлауға қатысуын білдіреді. Сонымен, практикалық психология бұл психологиялық пәндердің адамдардың өмірін жақсартудың мақсатында оның барлық қырларындағы міндеттерді шешу үшін теориялық психологияның қолданылуымен айналысатын топ; сондай-ақ ол негізгі теориялық пәндерге қарағанда қоғамның аса жоғары емес деңгейінде танымдық міндеттерді де шешеді.
Практикалық психология жеке даралық топтың (отбасылық, ұйымдастырушы) және жаппай (стратегиялық) деңгейлердегі проблемаларымен айналысады. Клиникалық психология көбінде адам мен отбасының проблемаларына бағдарланады. Адамның даралығы және оның мүмкіндіктерінің көрінуі мен кеңеюіне ықпал ететін әдістер оның пәні болып табылады.
Ұйымдастырушы психологияның (басқарушы) кеңес беру ең алдымен ұйымдарда туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. Мұнда клиникалық бағытқа қарағанда қызметке бағдар орын алады, алайда жеке тұлға да аса маңызды сфера ретінде назардан тыс қалмайды. Психолог кеңесшілер адамдардың едәуір өнімдірек жұмыс істеп, оқуына көмектесетін амалдарды іздестіреді. Олар өндірістегі, көліктегі, медицинадағы, білім беру мекемелеріндегі, қоғамдық тәртіпті қорғау жүйесіндегі, әскери бөлімшелерлегі, сайып келгенде адамдар тіршілік етіп, еңбектенетін қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында пайда болып отыратын практикалық психологиянық проблемаларды шешеді. Олардың міндеті іс-әрекеттің тиімділігін арттырумен, әртүрлі сипаттағы ұйымдардың қызмет етуімен адамның дара қорларын жетілдіру мен қолданумен байланысты.
Тәжірибелеуші психологтар кәсіби тұрғыда қоғамға арнайы қызметтерін ұсынады: балалардың мектепке даярлығын анықтау, бизнесті, соның ішінде маркетинг пен жарнаманы психологиялық қамтамасыз ету, адамдардың топтық іс-әрекеттің әрқилы түрлерінде үйлесуін болжау. Олар саясаткерлер мен шаруа бастықтарына, дәрігерлер мен мұғалімдерге, милиция қызметкерлері мен архитекторларға, жол қозғалысын ұйымдастырушыларға және де шешім психологиялық факторлардың ескерілуін болжайтын әскери мәселелер бойынша ұсыныстар береді.
Практикалық психология теориялық психологиядан да ерекшелінеді. Теориялық (академиялық) психология психика бөліміндегі заңдылықтармен ғылыми деректерді анықтаумен, адамның ішкі әлемі мен адамдардың өзара қатынастардағы «картаның» ақтаңдақтарды анықтап, оның орнын толтырумен айналсысады.
Оның мақсаты – адам жайында заңды сенімді білім алу. Психология саласындағы теориялық білімдер ұзақ уақыт бойы ешкімге керексіз болып, мамандардың тек шектеулі шеңберін ғана қызықтыруы мүмкін. Олардың қатарына практикалық психолог жатады: ол теориялық психологиялық білімдерге ие болып, оларды нақты өмірлік ситуацияны зерттеуде сәйкес ықпалдардың жоспары мен процедурасын құрастыруда қолдануы тиіс. Жалпыланған ғылыми теория бұл психлогияға қарағанда сенімділігі тексерілетін практикалық психологтың ойлау тәсілі. Теорияда психологиялық көмек көрсетудің идеялары, ұйымдастырушы, өзекті ұстанымдары қамтылған. Сіз теорияны, әдістемелерді алып оларды тікелей клиентпен жұмыс барысында қолдансаңыз тәжірибені сөз етуге болады. Егер де сіздің әдістемелердің ауқымды қорыңыз әрі теория жайлы түсінігіңіз бар болса, сізді терапия мен кеңес берудің тәжірибесіне дайындығыңыз бар деп айтуға болады.
Сондай-ақ практикалық психология тек тәжірибелі емес, оны теориялық-тәжірибелі деп атауға болар еді, себебі оның өзіне тән әдістемелік негізі бар, әрі ол дербес теориялық зерттеулерді жүргізуді қамтиды.

Практикалық психологияны психологияның бір саласы деп есептелінеді. Алайда ол психологияның басқа салаларымен қатар тұрған әдеттегі тармаңы емес. Өйткені, психологиялық ғылым салаларының көбісі дамуының нақты деңгейінде дербес тәжірибесіне ие болады. Қайсібір психологиялық пән өмірге жүйелі ықпал етуге қабілетті бола қалса, ол қосымша ретінде практикалық сегментке ие болады. Әлеуметтік және инженерлік психологияның, басқару психологиясының, жас ерекшелік психологиясының да өзіндік тәжірибесі бар. Психологияның әртүрлі салаларының сол барлық практикалық «сегменттерінің» жиынтығы практикалық психологияны құрайды.


Практикалық психология пәнінің салалары.

Практикалық психология қызмет аясы өте кең және әр түрлі болуымен байланысты оның жекелеген салалары пайда болады. Оларға қысқаша тоқталып өтейік.

Инжинерлік психология қазіргі кезде практикалық психология ең үлкен салаларының бірі болып отыр. Оның зерттейтін мәселелері ғылым мен техниканың дамуына және техниканы адам мүмкіндігін барлық салаларында кеңінен қолданылуымен байланысты туып отыр. Техникалық құрал – жабдықтармен жұмыс жасау адам мен машина арасындағы қатынас ерекшеліктерін анықтау және адам ағзасына техниканың тигізетін әсерін бағалауды талап етеді. Сондықтан инжинерлік психологияның негізгі мақсаты – адам еңбегіне және дененің сұлулығына техникалық жабдықтар конструкциясының тигізетін әсерін анықтау, оның икемді болу жолдарын табуға өз үлесін қосу. Қызмет атқару орнының түр-түсі, техникалық құралдардың дизайны-адамның психикалық жағдайына үлкен әсерін тигізетіні дәлелденген.

Осы ғылыми қағидаларға сүйене отырып көптеген жұмыс орнын жабдықтау стандарттары анықталған. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйесі оператордың сезім мүшелері қызметтеріне ерекше талаптар қояды. Мысалы, панельде орналасқан өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін толық қамту үшін оператор көзінің маршрутын анықтап, барлық жабдықтарды соған сай орналастыру қажет.

Сонымен қатар адамның мағлұматтарды қабылдап, оларды жүйелі түрде талдау, мән-мағынасына түсініп жауап қайтару инжинерлік – техникалық кадрлердің сенсорикасының ерекшеліктерімен байланысты. Техникалық құрал-жабдықтар қимыл әрекеттің және жауап реакцияның жылдамдығын талап етеді. Ұзақ уақыт ішінде өлшеу ақпараттары көрсеткіштеріне қадалып отыру оператордың қызметінің сапасына теріс әсерін тигізу мүмкін. Мамандық аурулардың алдын алу проблемасы, техника мен адам арасындағы қатынасты оңтайландыру және сол сияқты көптеген күрделі мәселелер өзін зерттеуді және мүмкіндігінше тезірек шешуді қажет етіп отыр. Сондықтан инжинерлік психология өте тез дамып келе жатқан сала.

Әлеуметтік ортада психологиялық қызмет көрсетудің өзін бірнеше салаға бөліп көрсетуге болады. Қазіргі кезде сұранысқа ие болып отырған отбасына психологиялық қызмет көрсетудің мән-мағынасы өте терең. Отбасындағы тәлім-тәрбиені ұйымдастыру жолдарын ата-анаға үйрету, <<қиын>> және <<қиналып>> жүрген ата-аналар мен балаларға тоқыраудан шығу жолдарын көрсету, нашақор, ішкіш дромомания тағы басқа нормадан ауытқуы барларға түзету шаралары ықпалы көмек көрсету мәселелері психологтың көмегін талап етіп отыр.

Келесі саласы – тәжірибелік педагогикалық психология психология бойынша практикумның бұл саласы оқушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға психологиялық қызмет көрсету жолдарын жан-жақты зерттейді. Психологиялық қызмет көрсету балалардың психологиялық дамуын диагностикалау, олардың дамуындағы психологиялық ауытқулардың алдын алу, психологиялық кеңес беру, таным процестері мен жекелік психикалық қасиеттерді өңдеу, ата-аналарға және педагогтарға психологиялық көмек көрсету мәселелерін шешуге өз үлесін қосады.

Білім беру саласында психологиялық қызмет көрсету жаңа ұйымдастырылып келе жатыр. Оның мазмұны ұйымдастыру формулалары қолданылатын әдіс-тәсілдері әлі жүйеге келтірілген жоқ. Сондықтан әр психолог орысшадан өзі аударған зерттеу әдістерін қолданып, оқушылардың таным процесстерін коррекциялау жолдарын шамасы келгенше анықтап келеді.



Практикалық психология саласының даму тарихы.

Тәжірибелік психологиялық зерттеулер адамзат қанша өмір сүру, сонша уақыт дамып келе жатыр деп айтуға болады.

Өйткені адам, адам болғалы өзінің тәнімен қатар жанының ерекшеліктерін де жете біліп, оны басқару, өңдеу жолдарын анықтап алуға құмарлығы өте зор болады. Дегенімен нақты психодиагностикалық зерттеулерде жүргізу әдістері анықталып, жекелік психика қасиеттер ерекшеліктерін анықтау XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап дамып келе жатыр. Бірінші психодиагностикалық зерттеулер психикалық аурулар арасында жүргізілді.

Психолог-парктиктердің айтуы бойынша, психоз ауруына ұшырағандардың психикалық қасиеттері дені саулармен бірдей, тек кейбір қасиеттері ерекше дамып, анычқ байқалатын ауытқуға ұшыраған. Сондықтан оны зерттеу жеңілдеу болды деп көрсетті. Сондай ерекше дамыған қасиеттерді зерттеу де оңай болатындықтан психологиялық қасиеттерінің даму деңгейін диагностикалау жүргізілді. практикалық психология саласының дамуындағы бұл кезең клиникалық деп аталады.

19 ғасырдың екінші жартысында жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері анықталуы, жүйке жүйесінің функциялары мен психикалық қасиеттердің байланыстылығы дәлелденгенімен байланысты тип темпераментке жан жақты сипаттама берілді. Соченов, Павлов жүргізілген зертеулер нәтижесінде оолар екінші сигналдық жүйенің нағыз адамдық қасиеттердің қалыптасуына негіз болатыны анықталды. Бұл кезде, тәжірибелік психологияның дамуына физиологтардың қосқан үлесін ескере отырып, психофизиологиялық кезең деп атауға болады.

Жеке психикалық қасиеттерді зерттеу тестілерін қолдану Франция, Германия, т.б. елдерде 19 ғасырдың аяғында кеңінен орын алды. Психологиялық зерттеу жүргізуге қолданыла бастаған әдістерді 1870 жылы Гальтон текст деп атауды ұсынды. Осы кезден бастап қабілетті зертеу арқылы адам мүмкіндігін анықтауға қызығушылықты қанағаттандыру мақсатымен Франция, Германия, АҚШ т.б. мемлекеттерде психологиялық зертханалар ашылып, барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін анықтауға бағытталған зерттеулер кеңінен қолданылуда. Гальтонның ұсынысы бойынша текст көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен коррекциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Психологиялық зерттеулер математикалық және статистикалық тәсілдерді қолдану үшін Парсонс, Фишер, Спирмен деген математиктер шақырылды. Фишер диспесиялық талдауды, ал Спирмен – факторлық талдауды психологиялық зерттеуде қолдану жолдарын анықтап берді. Фишер ұсынған дисперсиялық талдау әдісі көмегімен жеке факторлардың эксперимент нәтижесіне тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтауға мүмкіндік туды. Ал Спирмен жасап шығарған көп өлшемді факторлық талдау әдісі көмегімен бір-бірімен коррекциялық байланысты өте төмен көрсеткіштер анықталып, олардың байқауын статистикалық жолмен талдауға жол ашылды.

Келесі кезеңде Г.Айзенк және Р.кеттел факторлық талдауды жекелік қасиеттерді зерттеуге қолданды. Осы кезден бастап жеке адамның психологиялық қасиеттерін толық өлшеп психологиялық кескінін жасауға барлық кісілік психикалық көрсеткіштерін бір – бірімен ұштастырып анықтауға жол ашуда. Сонымен қатар интеллектуалдық қасиеттерді зерттеу текстері кеңінен қолданыла бастады . 1905-1907 жылдары француз ғалымы А. Бине статистикалық жағынан негізделген интеллектуалдық текс жасап шығарды. Ұсынылған тәсілді өңдеп шығуға Т.Симон өз үлесін қосып, психодиагностикада бұл әдістеме Бине – Симон шкаласы деп қолданыла бастады.

Өткен ғасырдан жиырмасыншы жылдары жекелік қасиеттерді зерттеуге және интеллектуалдық қасиеттерді анықтауға арналған текстердің көптеген түрлері құралды. Оларды қолдану арқылы жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін жан – жақты талдауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар топтағы адамдардың өзара қарым – қатынасын зерттеуге арналған Я. Коломенскийдің ұжымының қалыптасу деңгейі бағалау текстері кеңінен қолданылады. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулерге қызығушылық күшейіп, психодиагностикалық зерттеулер саны және диагностикалық әдістер көбейе түседі. Көптеген мемлекеттерде психологиялық зерттеу орталықтары мамандыққа баулу кабинеттері, мамандыққа жарамдылықты анықтау қызметін көрсететін кеңселер, жеке адамды мазасыздану жағдайынан шығару шамаларын ұйымдастыратын орталықтар ашылды. Психология бойынша практикум саласының дамуындағы бұл кезеңді психодиагностикалық деп атаймыз.

Қазіргі кезде психологиялық зерттеулер нәтижелері адам өмірінің барлық салаларында кеңінен қолданылуында. Психологиялық қызмет көрсету жүйесі жақсы дамыған болуды өмірдің көптеген орындары талап етіп отыр. Сондықтан психологиялық білімді беру жүйесіне және әлеуметтік орта ерекшеліктеріне икемдеп ұйымдастыру бүгінгі күн талабы деп айтуға әбден болады.



Психологиялық қызмет туралы жалпы жағдайға байланысты психолог міндеттері мен құқықтары анықталған.

Психолог міндеттері:

  1. Білім беру саласындағы Республика заңдарын орындау

  2. Шешім қабылдап провлемаларды қарастыруда кәсіби шеңберден шықпау

  3. Өзінін кәсіби білімүнемі артықып отыру

  4. Нақты кәсіптік білім жоқ адамдардын диагностикалық, коррекциялық зерттеулер жургізуіне тыйым салу.

  5. Барлық мәселелерді шешуде балалардың псикилалық дамуын ескеру

  6. Атқарылатын жүмыстардың міндеттері мен әдістері туралы нусқауларды кәсіптік жағынан басқаратын адамдар бергенде оларды нақты орыдау

  7. Баланың псикилалық дамуын шешу мәселесінде мектеп ұжымына қадетті көмектер көрсету.

  8. Кәсіптік құпияны жариялау.

  9. Барлық психологиялық зерттеу нәтежелерін жазып, арнай құжаттарға тіркеп отыру.

  10. Психологиялық көмекті қажет ететідерге дер кезіде

  11. Қажетті іс-шараларды ұйымдастыру.

Психолог құқығы:

  1. Оқушылрмен және басқа талапкерлермен жүргізіетін жұмыстың нақты міндеттерін өз бетінше шешуге, әдіс-тәсідерін дербес таңдап,жұмыстардың кезегін анықтауға ;

  2. Кәсіби міндеттерін сапалы орындауға қажетті жағдай жасауды мектеп басшыларынан талап етуге;

  3. Жоғарғы орындардан түскен нұсқаулар этикалық ұстанымарға қайшылас келген жағдайда оны орындаудан бас тартуға;

  4. Қажетті құжаттармен танысуға;

  5. Психодиагностикалық, психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді реттеп алуға және оларды дайындауға;

  6. Мектеп оқушыларын толық және жеке зерттеулерден өткізуге;

  7. Медициналық және дефектологиялық мекемелерге сұраныс жасауға;

  8. Баланың болашағын анықтау үшін медициналық, педагогикалық-психологиялық т.б. комиссиялар кеңесіне қатысуға;

  9. Тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми-әдістемелік көпшілік журналдарына материалдар жариялауға;

  10. Психологиялық білімдерді насихаттауға;

  11. 240 сағат көлемінде нормативтік және факультативтік сағат алуға;

  12. Оқушыларды мамандықта баулу және кәсіби бағдар беруге;

  13. Отбасына психологиялық қызмет көрсетуге.


Мектеп психологиялық қызметінің мазмұны

Психологиялық қызметі ұйымдастыруға үлгі болатын моделделдер. Мектеп психПологиялық қызметінің мақсатфы мен міндеттері. Балаға психологиялық көмек көрсету міндеттері мен салалары.

Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан асатын тарихы және мол тәжірибесі бар. Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр. Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радианов, И.А.Соколова, З.А. Малькова және т.б. ғылымдар зерттеген. Жеке тұлға ерекшеліктерін, психологиялық қасиеттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелерін мектеп тәжірибесінде қолдануды ұсынды.

Өткен ғасырдың басында Францияда А.Бине жекелік қасиеттерді зерттеу мәнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертханаға ұйымдастырып талапкердің интелектуалдық қабілетін зердттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып психологиялық қызметті ұйымдастыруға ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Фрэнк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам үш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті.

Олар: 1) өз қабілетімен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу; 2) Таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайымен танысып ол қызметті орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап жалақысы болашағы өсу жолдары білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу; 3) әр баланың арманы мен мүмкіншіліктерін бір-біріне сай келуін бағалау.

Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра таңдау нәтижесінде п сихолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді.

Көп ұзамай Аңглияда Цирил Бэрт, АҚШда Арнольд Гессель мектеп қабырғасында балаларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету ісіне кірісті. Осы бастама кейіннен “Гайденс қызметі ( гайд- көмек көрсету жетелеу деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан) деп аталып, қазірге дейін білім беру жүйесінің үлкен бір саласы болып дамфып келеді. Ірі мектептеде бірнеше психолог қызмет атқарады. Сондықтан оны бригада деп атауға болады. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз іс-шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр :

- балаларға мектекпке дейіенгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету:

-мек тепке оқу паралелдерін анықтап алуға ықпал жасау:

- оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау.

Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиячлық қызме т ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген е лдер өз мектептерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мақса ты мен міндеттерін анықтап алып ожтыр .

Бізді ң елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анық тауға Ресей Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықта,н осы мем лекеттердің тәжірибесін теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау ү свтін деміз.

Психологиялық қызметтің мақса ты - ба ла дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып олардың өз-өзіне қоршаған ортаға деген көзқарасының қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі мінджеттер арқылы нақтыланады.

Психологиялық қызметтің міндеттері.

-психологиялық және әлеуметтік психологиялық тұрғыдан қиын дық көріп жүрген балардың проблемаларын анықтап оларға дер кезінде көмек көрсету.

-оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен ба стап оны біті ргенінше жетелеп, сүйеніш болып жүру:

-проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу:

-дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру:

-оқу тәрбие жұмысына ғылыми жетғекшілік жасап әр оқытушының ата-аналардың психрологиялық педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

Осы анықталған міндеттерді орандау т.б. өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып бағыт-бағдар беріп отыру қажет. Қащзақстанда мектеп психологі енді тағайындалып өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі таяз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтап алу үшін ізденіс үстінде.

Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар. Н.Р. Битянова, И.В. Дубровина, А.И . Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдана отырып мектеп қалыптасқан тәжірибені үлгі ректінде қолдана отырып мектеп психологі қызметін келесі бағыттарда ұйымдастыруға болады.

-психодиагностикалық жұмыс.

-психопрофикалық жұмыс.


  • психологиялық кеңес беру.

  • Психокоррекция жүргізу.

  • Ата-аналарға психологиялық педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру:

  • психологиялық қызмет көрсету жүйесі қызметін насихаттау:

  • әлеуметтік дисперчерлік қызмет көрсету:

  • педагогикалық қызмет кө рсету.

Осы аталған бағыттардағы іс-шаралар бір-бірімен ұйлесімді ұйымдастырылуына кепілдік болатын мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген.
Психологиялық қызмет көрсету саласындағы психокоррекцияның рөлі.

Тәжірибиелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста “коррекция” терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы “ исправление- түзету” деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқыц мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады . Ал педагикалық бөлімінде психолог басқпа мамандармен - мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С.Немовтың пікірінше “ психокоррекция” ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелене сипатталуы :



. психикасы сау адамдарда біріншіден күнделік ті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезінетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзіен жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке басе дамуын талпыныста ұстап өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі.

. мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психика лық саулығы міндетті түрде ескеріледі.

. психокррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады.

. орта мерзімде көмек беруге бағытталады ( психологиялық көмек индевидті қабылдау 15- реттен аспайды).

. әсер ету деңгейі индевидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлқық өзгеруіне бағытталады.

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты- баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне от ырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекция лық мақсат үш бағытқа негізделеді :

1. Әлеуметтік даму жағынан ықшамдау.

2.Балада жтек ші іс-әірекет түрлерін дамыту.


  1. Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті конгнитивті ( ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өзгерістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле от ырып , ішкі ресурстарды белсендіру болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

Психокоррекціиялық бағдарлама құрудың түрлері

- коррекцияның жалпы моделі : сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы, жағдайды, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастарды ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.



- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.

Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігіне байланысты:



Т еориялық жағынан ( баланың психикалық даму заңдылығы мен жас кезеңдерін оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі.) дамуы, арнайы әдістерді ( бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.

Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялыұқ әдістер мен әдістемелерді қолдануы меңгеруіжағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялыұқ әдістер мен әдістемелерді қолдануы меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі және құзіреттілік деңгейін жетілдірге талпыныста оята білуі мен сенімділігі.

Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі ( өзін-өзі басқару) - бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индевид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.

Психокоррекцияның түрлері:

    • сипатына қарай: симптомды ( ауру белгісі) жәнекаузалды ( себеп) деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.

    • Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондакй-ақ кейде жылзға созылуы мүмкін.

    • Міндеттін ауқымына қарай: жалпы, және жеке арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.

    • Мазмұнына қарай: танымдық өрісі, жеке тұлғалық, аффектілі-еріктік, мінез-құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата-ана мен бала қатынасынантұрады.

    • Жұмыс түріне қарай: жеке, топпен, табирғи жабық топпен ( ұжым, отбасы, ерлі-зайыпты)

    • Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырптар,

    • әсер етудегі басқару: директі және директивті емес болып қарасетырады.

Білім беру мекемелерінде психокорркециялық жұмыс психологиялық-педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде, бала дамуындағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану.Ол екі байланыста көрінеді: симтомдық жеке ауытқуға және этимологияляқ шығу себебіне бағытталған.

Психолог корркециялық жаттығуларымен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды : а) не бар? б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгейде қарастыра, ттүсінік беру мен талдаудан тұрады ( Г.С.Абрамова)



Нейрофизиологиялық деңгейде( не бар?) психолог құбылыста ми қызметі турлы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын алынған көрсеткіштер қолданылады.

Жас-ерекшелік психолиялық деңгейінде ( қажетті нәрсе болу үшін, не істеу керек?) жек тұлғаны жас және дара ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіре нақты талдайды.

Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі үлкен топқа бөлді: психодинамикалық және мінез-құлықтық, психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез-құлықта қарастырады. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокорркециялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез-құлықтың терапияда қарастыратын балада мінез-құлық дағды жолдары туралы білімді ( жетондық бағдарлама), бейімделуге үйлесімді моделдерді, орнындаушы біліктілігін дамытуға ( мінез-құлық тренингі), өзіндік реттелуге ( скилл-терапиясы) қалыптастырды.Іс-әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепте арнайы білімді іс-әрекетте ұйымдастырады , коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды жаңа деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді. ( Л.С.Выготский, А:Р.Лурия, П.Я.Гальперин). Психокорркециядағы психологиялық механизм деп интериоризация ( импорт) сыртқы әрекетті ( көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) ішке қарай “ айналдыру” ( Л.С.Выготский). Осы бағыт бойынша іс-әректтің жоспары әдістемесіне балалар мінез-құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалыптастыруға болады.



Психокорркециялық бағдарламаларды құрастырудағы негізгі ұстанымдар.

Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және дара дамудың психологияылық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс-әрекет, күрделендіру ұстанымен қатар. Л.С.Выготскидің енгізген “ таяудағы даму аймағы” есепке алынып “ жоғарыдан төмен” және “ төменнен жоғары” ұстанымы негізінде құрастырылады.

Әртүрлі коррекциялық бағдарламаны құрастыруда осы ұстанымдарға сүйену қажет:

1.Коррекция, алдын алу және дамыту міндеттерінің жүйелілік ұстанымы.

Онтогенезде психиканың даму сипаты мен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез-келген түзету - дамыту бағдарламасы осы негізінде құрастырылады.

Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет:


  1. Коррекция арқылы - дамудағы ауытқу мен бұзылысты скеру, қиындықтарды жою.

  2. Профилактикалық ( ағарту) – дамудағы ауытқу мен қиындықтарды ескерту.

  3. дамыту – даму мазмұнын қолайлы ету және жағдай жсау.

Коррекциялық дамыту іс-әрекетіне мақсат пен міндеттерді анықтауда бүгінгі күннің өзекті мәселесімен шктелуге болмайды, “ таяудағы даму аймағын” ескерту қажет.

2.Диагностика мен коррекция бірлігі ұстанымы

Тапсырыс брушіге психологиялық көмек көрсету тәжірибелі-пихолог маман іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде процестің біртұтстығын көрнсетеді.Корркция жұмысының тиімділігін 90 пайыз анықтау қаншалықты терең, мұқият зерттелгеніне байланысты коррекциялық жұмыстарды жүзеге асырудың бастамасын диагностикалық зерттеулер алуы тиіс, соның негізінде алғашқы қорытынды жасалып, коррекциялық дамыту жұмысының мақсатымен міндеттері қарастырылады. Коррекцияның дамыту іс-әрекетін, эмоционалды жағдайын , оның түзету жұмысы барысындағы сезімдерімен мазасыздықтары ұдайы бақылауды қажет етеді.Бғдарлама міндеттері тапсырыс берушіге психологиялық әсер ететін әдістер мен тәсілдерді дер кезінде өзгертуге, толықтыруға мүмкіндік береді.



3.Каузальды тип - түзетудің артықшылық ұстанымы: ең сәтті жүргізілген симптомдыық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін шешіп бере алмайды. Түзету іс-шарларын жүргізу, артықшылығы дамудағы қиындық себептері мен ауытқуды анықтау және жою болып табылады.

4. Коррекцияның іс-әрекеттікұстанымы. Іс-әрекеттің қалыптасу негізі А.Н.Леонтьв, Д.Бэльконин еңбектеріндегі баланың психикалық дамуы териясы болып табылады Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу жолдары мен қойылған мақсатты анықтайды.Коррекциялық - дамыту әсерінің басты тәсілі клиентке белсенді іс-әрекетін ұйымдатыру, оны жзеге асыу барысында ауыр, әрі даулы жағдайларды, бағдарлау үшін түрлі жағдай жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырлады.

5 Клиенттің жас кезеңі – психологиялық және дара ерекшеліктерін есепке алу ұстанымы .

Клиенттің жеке ереукшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.



6.Психологиялық әсер етдің кешенді әдістер ұстанымы.

Тәжірбелі психологияның әдістерінің барлық деңгейде, тәсілдерімен техникаларды қолдану қажеттігін бекітеді. Бірде-бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның меншігі емес. Бұл әдістер әртүрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.



7. Коррекциялық бағдарламада таяудағы әлуметтік ортаны белсенді қатыстыру ұстанымы.

Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қармы-қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалакды. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас бір жүйеде, бөлінбейтін бірлікте дамиды. Жақын адамдармен қатынас жүйесі, тұлғаарлық қатынас ерекшеліктері мен қарым-қатынас, ортақ іс-әрекет түрлері мен оның орыналуы- бала дамуында әлеуметтік дамудың ерекше құрамдас бөлігі болып табылады. Олар тяу арадағыц даму аймағын анықтайды.



8.Психикалық процестерді түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегіұтанымы.

Нақты дамыған психикалық процестерге сүйену, оларды белсенді ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін ( ресурсын) анықтауға негіз болады.



9.Күрделендіру ұстанымы.

Әрбір топ ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материалды қағаз жүзіндегі күрделілік, оның психологиялық қиындығына әркез сәйкес келе бермейді. Материалдық - эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысында ұсынылатын материал немесе ойын-жаттығулар жағымды эмоционалды әсер қлдыруы қажет.Коррекция жұмысының құрылым бағдарламасы психологиялық дәлелді болуы шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, объективті кешенді бағалалауына байланысты болады.



10.” Жоғарыдан төмен” коррекциялық ұстанымы.

Л.С.Выготский ұсынған коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында, коррекция іс-әрекетінің негізгі мазмұны, клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму аумағын құрудан тұрады.



11. “ Төменнен жоғарыға” коррекциялық ұстанымы.

Коррекция жұмысының негізгі мазмұны ретінде қабілетіне қарай психологиялық жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының басты міндеті мінез-құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту. Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет