Байланысты: ?àç³ðã³ ?î?àì. Ìèãðàöèÿ. Çèÿòêåðë³ê ìèãðàöèÿ. Øåøåíä³ê ?íåð. 1 í
23. Құстардың адамға пайдасы туралы қай бөлімде айтылған А) Екінші
В) Бірінші
С) Үшінші
D) Төртінші
Е) Бірінші
24. Мәтіндегі негізгі ой қандай? А) Құс түрлері тура ақпарат беру
В) Көкектің ерекшелігін жеткізу
С) Құстар жайлы білу
D) Құстарға төнетін қауіпті сейілту
Е) Құстарға қамқор болу
2-мәтін
Кез келген халық – мәңгі әрі өзінің ұлы ұлдарымен және қыздарымен даңқты. Олар кейінгі ұрпақтарының рухани, ғылыми мұрасында, тарих беттерінде өшпес із қалдырды. Қазақ елінің осындай ұлдарының бірі – Бейбарыс Сұлтан (араб еңбектерінде Бейбарс). Дешті Қыпшақ даласын моңғолдар басып алғаннан кейін Бейбарысты 800 дирхамға сатып жібереді. Он жасар ұл бала өзінің алғащқы ұстазы, тәлімгері және әміршісі болған Бұндұқдәрі саудагердің құлы ретінде Египетке келеді.
Араб әлемінде Бейбарыс Сұлтан туралы ғылыми және әдеби еңбектер мен аңыз көп, бірақ оның балалық шағы туралы мәліметтер аз. Түрлі елдердің ғалымдары тарихи деректерге сүйене отырып, оның ата-бабаларын Каспий маңындағы аймақтарға таралып кеткен Беріш тегіне жатқызады. Тарихи құжаттарда оның толық аты – Сұлтан Руки-Ад-Дин Аз-Захир Бейбарс аль-Бұндұқдәрі ас Салиха Ан –Наджми Ат-Түркі (кейбір деректерде әл-Қыпшақ).
Мамандардың түсіндірмелері бойынша, бұл шамамен: Бұндұқтар тегінің тәрбиеленушілері, исламның жарқын тірегі Бейбарыс Сұлтан түріктен шыққан, Салиха мен Наджми сұлтандардың қолбасшысы деп аударылады.
Бұндұқдәрі құл баланы әскери өнерді үйренуге береді. Бейбарыс Египет билеушісі Сұлтан Салиханың қайсар жауынгері болады, соңында таққа отырып, 17 жасында ел басқарады. Египет мемлекетінде оған дейінгі болған әмірлерден ерекшілігі – араб әлемінде Бейбарыс Сұлтанның Египет мемлекетттілігінің негізін қалаушы ретінде саналуы.
Бейбарыс Сұлтан тақырыбы қазақстандық жазушылар мен зерттеушілерді бұрыннан қызықтырып келеді.
Белгілі қазақ жазушысы Сәуірбек Бақбергенов «Айтаңсық» (Бейбарыстың кіші қарындасының аты) әңгімесін, Морис Симашко «Емшан» повесін, Қойшығара Салғарин, Тұрсын Жұртбаев және басқа да шығыстанушылар зерттеу жұмыстарын жазды, белгілі ақын Аманқос Ершуов «Бейбарыс» поэмасын жазды.