27. Қай ақпарат мәтінге сәйкес?
1. Сиыр далада қатып тұрады.
2. Қиыншылықтың барлығын есек көтереді.
3. Есек ешкімді күндемейді.
А) Екінші мен үшінші
В) Үшеуі де сәйкес емес
С) Тек бірінші
Д) Үшеуі де сәйкес
Е) Үшеуі де сәйкес емес
28. Мәтінге лайық мақал-мәтел.
А) Есектің еңбегі адал, еті арам.
В) Жалқаудың жаны тәтті.
С) Еріншектің ертеңі бітпес
Д) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Е) Айдағның бес ешкі, ысқырығың жер жарар
2-мәтін
Тон Тон - қой терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Ол үшін теріні шелінен арылтып, әбден илеп, оны қынамен, талдың қабығымен, томар бояумен бояйды. Бояудан кейін тері қоңыр, сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады. Осы теріден жүні ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына (кейде жең аузына) сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады. Тонның ұзын, қысқа түрлері де болады. Әйелдерге арналған тонның иығына, жең ұшына, өңірі мен етегіне кесте жіппен ою-өрнектер салынады. Тон тігісіне, үлгісіне қарай «қималы», «бүрмелі» деп аталады. Тонның ең әдемі, жылы, қымбат, бағалы түрі «қамқа тон» деп аталады. Оны бұрын хан, би, бай, мырза, ханша сияқты ауқатты адамдар ғана киген.
29. Тұжырымдардың дұрысы
1.Тон тек үзын болады.
2.Тон тігетін теріні бояуға қына да пайдаланылған.
3.«Қамқа тон» - тек әйелдер киетін киім.
A. Тек 2-ші
B. Үшеуі де
C. 2 мен 3
D. Тек 3-ші
E. 1 мен 2
30. Тонның тігілу үлгісіне қарай бөлінетін түрлері
A. қималы, бүрмелі
B. сенсең, елтірі
C. сүр немесе сарғыш
D. ұзын, қысқа
E. қоңыр, күлгін
5-нұсқа
1.Тек қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
А) күлкі
В) қамыс
С) Алатау
D) керуен
Е) кеме
2. Тура мағынылы сөзді көрсетіңіз.
А) жылы су
В) жылы жүз
С) жылы сөз
D) жылы лебіз
Е) жылы жүрек
Достарыңызбен бөлісу: |