Психоаналитикалық арттерапия.
Психодинамикалық арттерапия (dynamically oriented art therapy), оның негізін қалаушы (“arttherapy pioneer”) Фрейд пен Юнгтің шәкірті Маргарет Наумбург (M. Naumburg) болып есептеледі.
Кілттік ұғымдар: ұжымдық және жеке бейсаналық, архетиптік символдар, әсер ету. Бұл бағыт қазіргі таңда Батыста юнгтік аналитикалық психотерапия нұсқаларының бірі ретінде кең дамыған. Депрессиялық сырқаттар мен зият кемістігі бар балалармен жұмыс істей отырып, ол пациенттің өнерін символикалық сөйлеу түрінде қарастырды.
Арттерапевттермен динамикалық бағдарланған пациент өзінің дәл қазіргі сәттегі ішкі жай-күйінің суретін салып, суретке (жағдайына емес) атау беретін техника да кең қолданылады. Мұны бір мезгілде терапевт те жасайды. Содан соң суреттер салыстырылып, пациент айырмашылығын сипаттайды, өз суреті мен терапевт суретіне ассоциация береді. Осылайша терапевттік диалог құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |