Трансперсональды арт-терапия. Бұл мектептің негізгі ережелері төмендегілер болып табылады:
- әр адамда бір рухани бастау («рухани Мен») болады
- бұл рухани бастау ұжымдық бейсаналықпен байланысты (дамудың шексіз ресурсы, тұтастықты қалпына келтіру ретінде)
- дамушы тұлға - бұл барлық деңгейлерде интеграцияланған, біртұтас тұлға
- бейсаналық терең қабаттарына қол жеткізу экстраординарлық жағдайларда қажет (ауыр сырқат, дағдарыс, жарақат, шығын және т.б.)
- мұндай қол жеткізу тек сана бақылау жойылған жағдайда ғана мүмкін болады
- сананы бақылау сананың өзгертілген күйлерін қолданғанда мүмкін болады.
- сананың өзгертілген жағдайларында трансперсональды тәжірибелер (А.Маслоу бойынша тәжірибелер шыңы) мүмкін. Ол жеке адамға оның тәжірибесінде жоқ материалға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- мұндай тәжірибеде алынған психологиялық материал міндетті түрде
танылуы мүмкін болып табылады. Олай болмағанда бұл жеке тұлға үшін деструктивті болуы мүмкін.
- мұндай тәжірибе кез келген адамда болуы мүмкін, бірақ адам психиканың соншалықты терең деңгейлерін қабылдауға психологиялық «дайын» болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Абдукаримова У.А. «Сурдопедагогикадағы арттерапиялық әдістемелер» 5В010500-«Дефектология» мамандығының студенттері үшін практикалық сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау.
2. Бетенски М. Что ты видишь? Новые методы арт-терапии / М. Бетенски; Пер. С англ.М. Злотник. - М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2002. - 256 с.
3. Дженнингс С. Сны, маски и образы. Практикум по арт-терапии /С. Дженнингс, А. Минде; Пер. С англ.И. Динерштейн. - М.: Эксмо, 2003. - 384 с.
Достарыңызбен бөлісу: |