4. Теориялық, аналитикалық және эмпирикалық ғылым деген ұғымдарға анықтама беріңіз.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге
жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады,
өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми
жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады. Ғылыми іс - әрекеттің бұл түрінде зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде табу қабілеті аса
маңызды.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай
түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсәідікке мойымау қабілеті, жылдар
бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет.
Ғылыми іс-әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, қиялдану элементтері
теориялық іс - әрекетіне қарағанда әлдеқайда қарапайым. Жеке зерттеушінің енші – үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Теория мен эмпирика ғылымдары бір – бірін толықтырады, байытады. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап математикалық байланыстылығын табу.
Достарыңызбен бөлісу: |