Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми –техникалық серпіліс заңдылықтарының мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым түсініктер бойынша пікірталас турырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, «жаңалық», «жаңарту» және «инновация ұғымдары» синоним болып табылады және ол ғылыми техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі. Екінші пікір бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтары бар деп көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнер табыс және жаңалық табуды айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану жаңарту деген ұғымды білдіреді.Педагогикалық инновация – бұл теориялық негізделген, мақсатты бағытталған және тәжірибеге бағытталған жаңалық, ол үш деңгейде жүзеге асады: макродеңгейде, мезодеңгейде және микродеңгейде.Макродеңгейдегі инновация барлық білім беру жүйесіндегі өзгерісті және оның басымдықтарының өзгеруін қамтиды. Мезодеңгейдегі инновация аймақтың, нақты оқу орнының өзгерісіне бағытталған. Мезодеңгейде негізінен жаңа тұжырымдамалық тұрғы базасында жаңа оқу орнын құру туралы айтылады. Бүгінде оқу орнын төрт типке бөлуге болады: элиталық, конъюнктрлік, эксперименталды және дәстүрлі[2,7б.]. Микродеңгейдегі инновация белгілі бір курстың және курс блогын жаңа мазмұнын жасақтауға (мысалы, экологиялық немесе гуманитарлық); немесе білім беру үдерісінің құрылымдаудың жаңа тәсілдерін, не оқытудың жаңа технологияларын, жаңа формалары және әдістерін жасақтау бағытталған.Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді.Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық үрдісті күшейтін бес фактор: