42.Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?
Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму үдерістерін көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағларламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп беруі, оқушыарды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің, емтихандардаң, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зарттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |