Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Дата26.03.2020
өлшемі40,49 Kb.
#60760
Байланысты:
Қуандық ағай практика

Кеңес хаттамаларымен танысу сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын зерттеушіге оқушылардың оқу – танымдық қызметінің даму деңгейімен ақыл-ой іс-әрекеттерінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа жарамдылығы туралы пайдалы обьективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі, деңгейімен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

Педагогикалық құжатттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар, оқу – әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің есеп беруі, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тәркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тесттердің, емтихандардың, эсселердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайлылығын анықтауға, себеп салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айындауға мүмкіндік береді.

Мәліметтермен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмперикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу- белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой концептуалдыжекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмперикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден , олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға енгізуге болады.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:


  1. Эпирикалық зерттеу әдістерінің тобына қандай әдістер жатады.

  2. Бақылау әдістерінің ерекшеліктері

  3. Педагогикалық құжаттарды зерттеу қалай жүргізіледі?

  4. Жаңашыл мұғалімдердің тәжіриебемен танысу дегеніміз не?

  5. Сұхбатқа қойылатын талаптар?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Жексенбаева Ү.Б. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. – А,. 2005

  2. Брежнова Е.В, Краевский В.В.Основы учебно-иследовательской деятельности студентов. – М,. 2004

  3. Загвязский В.И.Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент.- М,. 2004

  4. Кухарев Н.В.Педагог – мастер, педагог-исследователь.- Гомель,1992.

  5. Беспалько В.П.Слагаемые педагогической технологии.- -М,.Педагогика1989ж

10. Практикалық(семинарлық) сабақтың тақырыбы: Озық педагогикалық-тәжірибені зерттеу және жинақтау.

  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Озат педагогикалық тәжірибеге нені жатқызатын, оған қойылатын талаптармен таныстырып, инновация ұғымы жайлы ақпар беру

Негізгі ұғымдар: нормативтік-құжаттар, мемлекттік стандарт, тұжырымдама, баланың құқығын қорғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар

  1. Сабақ жоспары:

1.Озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым

2.Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар

3.Инновация


  1. Сабақтың мазмұны:

  1. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелрдің бәрә болып табылады. Педагогикалық тәжірибе- оқыту , білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалың сапаларының көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.

Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада педагогикалық тәжірибе- мұғалімнің шеберлігінің жоғарғы деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, біріншікезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп , тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте-бірте жаңашыл болады, бірақ жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибемін жан-жақты талдап, қорытындылап тарату керек.



  1. Бірінші белгісі- қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жқмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогоикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының дамуына, тәрбиелігінің деңгейі.

Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп жауап алынатын сұрақтар:



  • Оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі

  • Өз беттерімен білім ала білуі

  • Білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы

  • Оқушылардың жалпы дамуы.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығын, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтауда, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден , өз іс-әрекеттің жүйесінен белгілеуден , өз іс-әрекетін бағалап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуін көрінеді.Оқушылардың тәжірибесінің үшінші белгісі – оқыту , тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.

Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу – тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі ьір педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланған жөн.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар:мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу және оны оқу – тірбие процесіне енгізу, жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу – тәрбие процесіне енгізу, педагогикалық ғылыми- зерттеу иституттарының басшылығымен оқу және т»рбие салаларында орын алып отырған мәселелрді тауып, оны шешуге ат салысу.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын , әрі күрделі мәселердің бірі . Мұғалім оқыту мен тәрбие беру саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ыұпалын сабақ және тәрбиелік іс-шаралар арқылы байқалады. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, жолдарын іздестіріпп, өз жұмысындағы жетістіктері мен кемшіліктерін көріп танысады.

Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып, сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын , атап айтсақ, сабақ жоспары , күнтізбелік-сабақ жоспар, оқушылардығһң жазба жұмыстары , дәптерлері , оқушылардың баяндамалырын жасайды.

Инновация – педагогикалық процесс оқыту мен тәжірибенің жаңа тұжырымдамалврын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын енгізіп, мақсатқа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес . Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарынің орнына жаңа озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы, 20-жылдардағы мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

70-80 жылдары Ш.ААмонашивили , И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:



  • Білім мазмұнындағы инновация;

  • Оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, тұрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

  • Мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалық кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

  • Жеке, бір-бірімен байланысы жоқ

  • Модульдық:бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәжірибе жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;

  • Жүйелі барлық мектептерге болатын өзгерістер

Инновацияның түрелері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация- педагогикадағы әдіс-тәсілді жетілдіру.

Комбинаторлық инновация- белгілі әдістердің элементтерін бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі таңда тілдерді оқыту әдістемемімен айналысатын ғалымдар қолдануда.

Түбірлі – мектепке білімнің мемлекеттік стандарттарының енгізілуі.

Инновациялық процестің кезеңдері:



  • Инновацияның себептері

  • Жаңалықты жобалау

  • Жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетте ортада әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобвсының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді оқушыларды қызықтыра білген жөн.Инновациялық факторды күшейтетін бес фактор:

  • Мектеп басшыларының шығармалары, оқытудың жаңа техгологияларын жасауға қабілеттілік

  • Инновациялық процестің жоспары, бағдаоламасы

  • Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі

  • Әлеуметтік-экономикалық жағдай

  • Инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Озат педагогикалық тәжірибе деп нені айтамыз?

  2. Озат педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар?

  3. Инновация ұғымы мен түрлері

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Нағымжанова,Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі//Бастауыш мектеп.№3 1999ж

  2. Методолгоические и теоритические проблемы изучение, обобшение и использование передового опыта. – М.1978.

  3. Кухарев Н.В Педагог-мастер, исследователь.Гомель, 1992.

  4. Введение в научные исследования(Под ред В.И.Журавлева). – М,.1988.

11Практикалык(семинарлық) сабақтың тақырыбы: Fылыми іс-әрекет(ғылыми процесс ретінде)

  1. Сабактың мақсаты мен міндеттері: Fылыми іс-әрекет дегеніміз не, оның таным процесінің ерекше формасы екенңн керсетіп, мақсаттары мен ерекшеліктері, маңызы мен мазмұны жайлы ақпарат беру.

Негізгі ұғымдар: нормативтік-құжаттар, мемлекеттік стандарт, тұжырымдама, баланың кұкығын корғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелк кұралдар.

  1. Сабақ жоспары:

  1. Ғылым- таным просінің ерекше формасы.

  2. 2 Fылыми шығармашылык

3. Fылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.

4. Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстары курстык және дипломдық жұмыс.



3. Сабақтың мазмұны

1. Ғылым - таным процесін ерекше формасы. Ғылым – адамдардың табиғат, коғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жске салалары жане олардың даму заңдылықтары бар. Қазіргі заманғы ғылым-жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік-бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнссін құрайтын білімдер жүйесі, аса манызды әлеуметтік қару. Коғамдық сананың түрлерінің бірі, әрі ерекше қызмет бола отырып, ғалым, К.Маркс айткандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.

Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінік рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу жумыстардың темен нәтижелілігі ғылыми кадрдарды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен кызметкерлердін,ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекішіліктің маңызы әсіресе, қысқа мерзімді эерттеулер бағдарламаларында арта түседі.

Fылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттык қамтуды жақсарту, ғылыми байланыстарды одан әрі дамыту больп табылады. Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логигикалык - және басқа көптеген зертттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми кызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда.

Қазіргі ғыльмтануда социологиялык проблематика неғурлым үлкен орын алып келеді. Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың негізгі атауын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ғылымды логикалық-гноссологгиялық зерттey, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы больп алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процеcіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи ғылыми зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуынын экономикалык проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествасының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері. Сонымен, ғылым - күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс, әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді. Қорыта aйтқанда, ғылым коғамдык өмірге, әсіресе ғылыми техникалық дамуға, әлеуметтік басқаруға, әлеуметтік иституттардың біріне айналды.



2. Ғылыми шығармашылық. «Шығармашылық» сөзі жалпыға мәлім іздеу, табу бұрынғы жеке және коғамдық тәжірибеде болмағанды жасау деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес оқушылардың танымдык шығармашылық іс -әрекеті де дербес ізденіс және жаңаны жасау немесе кұрастыру (окушының жеке тажірибесі негізінде оған жаңа белгісіз білім немесе әдіс, бірақ қоғамдык тәжірибеде ол бұрыннан белгілі). Яғни, оқушының танымдык іс- әрекетіндегі шығармашылықтың негізгі критерийлері: дербестік. ізденіс және мақсатка жетуде мүмкін варианттарды таңдау, мақсатқа жету үрдісінде жаңа өнімді жасау. Дербестіктің, ізденістің, жаңаны жасаудың дәрежесін шығармашылықтың денгейін аныктайды: темен, орташа, жоғары. Шығармашылық іс-әрекет іздеу мақсатын түсінбесе, бұрын меңгеретін білімді белсенді түрде жаңғыртпаса, дайын білім кездерінен өзіне қажеттіні ала алмаса, дербес ізденбесе мүмкін емес. Кез-келген шығармашылык іс- әрекеттің негізінде болжам, мүмкін нәтижені алдын-ала көру жатыр.

Бастауыш сыныптарда окушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту үшін негізгі іс-әрекеттерінің (оқу-танымдық, қоғамдық пайдалы, еңбек, эстетикалық және спорттық) тиімді ара қатынасын орнықтыру өте маңызды. Ол қазіргі қоғамның әлеуметтiк сұраныстарына, мектеп бітірушілердің жан-жақты даярлығының денгейіне қойылатын жоғарғы талаптармен айкындалады. Шығармашылықтың дамуында жеке адамнын ерекшеліктері өте манызды орын алады. Себебі, шығармашылық бар жерде қиял бар. Қиял шығармашылықтың негізгі бір психологиялық құрамы больп табылады. Шығармашылық күнделікті оқу процесі негізінде жүзеге асырылады.

Келесі саналы ic-әрекеттің бір түрі оның - белсенділігі. Сонымен, әрекет дегеніміз - түрлі қажеттіліктерді өтеуге байланысты белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Шығармапылыктың көлемі әр окушыда әртүрлі, сондыктан шығармашылық дәрежесін тұрақтандыру мұғалімнің алдында тұрған міндет. Себебі, ол окушының бастапқы денгейін, түсініктерін соңғы нәтижелерімен салыстырады, ал оның өзі диагностика жүргізуге мүмкіндік туғызады.

3. Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстың мақсаты - ipгелі және қолданбалы міндеттерді шешу. Іргелі ғылым табиғат пен коршаған әлемнің ғылыми мәселелерін қарастырады, оның зерттеy пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс кұрылымының жалпы заңы мен ортақ зандылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану мәселелері қойылмайды. Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге жақын түсінікті міндеттерді қарастырады.

Мұнда, ғылыми нәтижелерді іс жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге кажет?» деген сұрақтар койылады, іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және жетістіктерін қорытындылай келе бірте-бірте зерттеудің ipгелі түріне айналады. Ал, керісінше, iргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып, қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп ықпал жасады. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай колданбалы ғылым теориялык немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады. Теория сипатына не ғылыми жұмыс жүргізу барысында соны натижеге жету ушін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады, өнделеді, есептеледі, жаңа ой-пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады.

Fылыми іс - әрекетпен бұл түрінде зерттеушінің шығармашылык қабілеті, оның ақпараттық толықтығы, ақпараттың зор ағымынан тиісті қажет белігісін дер кезінде табу қабілеті аса манызды. Сырттан қарағанда мұндай іс-әрекет кезге көрінбейді. Ал шын мәнінде зерттеуші дәл сол кезде басымен, яғни миымен күшті жұмыс жасайды. Дәл осылай ғылымның негізгі көптеген заңдары математикадан физикадан т.б. Мундай іс-әрекеттің түрі, нәтиже алуда белгілі қауіп-қатер әкеледі, себебі көп жағдайда, жоғарыда айткандай, адамның өзіне оның шығармашылық қабілетіне, қиялына күнделікті құбылыстарды тусініксіз, әдеттен байқауында, одан жаңа идеяны ойлап табуына байланысты. Сондықтан, кейбір жағдайда орасан зор уакыт өткізіп, зерттеуші ешбір қорытындыға келмеуі немесе теріс нәтиже алуы да мүмкін.

Теория ғылымы өз кезеңінде аналитика және өнертапқыш түріне бөлінеді. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық өндеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен құбылыстардың сандық ситаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу объектісін жузеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамда, математикатык байланыстылығын табу. Теория ғылыми жузеге асуда арнайы жабдық пен белмелер қажетсінбейді, зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі ақ қамти алады.

Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу аркылы зерттеу объектіcіне қажетті сапалы дәреже(индикатор) мен санды денгейін(параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер табудан құралады. Мұндай іс-әрекет жүргізу үшін, тек қана ақпараттық қамсыздандырумен шектелуге болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз бойында калыптастыру кажет. Ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеy қалыпты пікір шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту кажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми ой-өрісті ілгepі жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар тоқырауынан алып шығады.

Эмпирикалык (тәжірибелік) ғылым жаңа жетістіктер мен идеяларды шығару үшін көлемді практикалық жұмыс өткізуі керек. Ақпараттың негізгі ағымын тәжірибе барысында лабораторияларда, арнайы қондырғыларда өткізілген жұмыстардан алынған нәтижелер құрайды. Ғылыми жұмыстың мұндай түрінде үлкен төзімділік, мақсаттану, сәтсіздікке мойымау қабілеті, жылдар бойы көлемді, бір сарынды жұмыстарды жүргізе беру ниеті аса қажет. Ғылыми іс -әрекеттің бұл түрінде шығармашылық, киялдану элементтері теориялық іс-әрекетіне қарағанда әлдекайда қарапайым. Жеке зерттеушінің енші - үлесі мұндай жұмыста аздау болып келеді. Теория мен эмпирика ғылымдары бір-бірін толықтырады, байытады.


  1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары курстық және дипломдық жұмыс. Курстық жұмыс ғылыми зерттеу жұмысынын элементі бар студенттің өзіндік оқу еңбегінің бір түрі. Курстық жұмысты орындау студенттердің теориялық блімін тереңдете түсуіне, ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыруына, түсінуіне, берілген облысындагы алғaшқы дағды мен біліктерін, меншікті позициясын тудыруға көмегін тигзеді.

Курстық жұмыста студент талдау жасауға, ғылыми машықтық материалдар арқылы педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмысын жүргізуге, қорытындылар мен талдаулар жасауға үйренеді. Зерттеу іскерлік технологиясының негізі болып, ізденушілік негізгі саты бойынша зерттеу логикасы больп табылады.

1.Тақырып тандау - анықтаушы негізінен тақырып көкейкестігі студенттің ізденушілік жұмысына қызығушылығы негізінде уақыттағы ғылыми жұмыс тақырыбы оелrіленеді. Көкейкестілігі күнделікті мәселеге cай болуы керек.

2. Зерттудіц мақсаттарын аныктайды.

3. Мидеттерін айкындайды.

4.Психологиялық-педагогикалық зерттеу. Дипломдық жұмыстың да бітірушілердің болашақ мамандығына практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыстың мақсаты: және теориялық, таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін жүйелеу және тереңдету, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуге қолдану:

-өздігінен жұмыс істеу дағдысын

-зерттеу әдістемелерін меңгеру.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Бабаев Б. Жалпы педагогика, -Алматы, 2006

  2. Педагогика жане психология сөздігі.- Алматы, 1995

  3. Жексенбаева Y.Б. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; А,,2005.

  4. Герасимов И.Г.Структура научного исследования.-М. 1985

  5. Пелагогика. Педагогические теории, систьмы, технологии Под ред. С.А.Смирнова. 3-еизд - М. «Академия», 1999.

  6. Қоянбаев Р.М,Кыякбасв Ұ.Қ, бастауыш окыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы.- А., 2004.

12 Практикалық (семинарлық) сабактың тақырыбы: Зерттелетін маселенің жағдайын талдау

1.Сабақтың мақсаты мен міндеттері: зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдері жайлы, библиографиялык деректер көзі мен ғылыми мәтін жайлы жалпы мағлұмат беру.

Heгізгі ұғымдар: нормативтік-құжаттар, мемлекеттік стандарт, тұжырымдама, баланың құкығын қорғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кұралдар.

2. Сабақ жоспары:

1. Fылыми эдебиетпен жұмыс

2. Әдеби көздердің библиографиялық деректері

3. Fылыми мәтін.



3. Сабактың мазмұны

1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс. Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты окушылардың бойында такырып бойынша әдебиеттерді тандай білуді, библиографиялық тізімді сауатты кұра білуді калыптастыру.

Осы жұмысты орындаған кезде келесі такырыптар ескерілу керек:

1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. Мәселелердің жанашыл мен көкейкесті әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандык, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге сенген барлық жұмыстар алфавиттік тәрпіппен орындалу керек

3. Тақырыпты сипаттау кезінде актордың тегі, аты-жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі керсетілуі керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін, оның редакторының тегі келтіріледі.

Әдебист коздерін сипаттау улrілері:

1. Жексембекова В. Қазакстандағы этникалық карым-қатынастар: прогресс үшін бірігy // Саясат, 2002, 11.30-32 б.

2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.-М: Білім, 1991. 116 б

3. Қыскаша психологиялық сөздік. /ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д. «Феникс» баспасы, 1998. 81-82б

Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі: Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме). Fылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша iшiнде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет-ретімен келу керек.

Мысалы: «тәрбие әдістері.... «5» Ғылыми жобаның кіріспесін рәсімдеу.

- кipicпеде (кемінде 2 бет). таңдалған зерттеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі


  • кipіспе жаңа беттен басталады, 3-ші бет болып нөмірленеді:

  • бет немірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі:

  • компьютерде терілу керек;

  • сызык көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ 1 см, жоғары-2 см, төменгі-2 см әрiп-Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;

  • абзац болу керек;

  • жол арақашыктығы- бірқатарлы;

  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады; -

  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптeрмен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2,, 1.1,1.2. ) көрсетіледі.

  • ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

  • мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбурышгы жакпада).

  • теориялық білімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек,

  • қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады,

  • пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі: автордың тегі, аты-жөні, мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін), журнал және кітап атауы шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін), шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

3. Аннотациянын (абстрактынын) жазылуы

- абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін және оған:

- зерттеу мақсаты, тапсырмалары,

- зерттеу объектісі, заты-гипотезасы- зерттеу кезендері, процедурасы;

- эксперимент эдісі;

- зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

- жұмыс нәтижелері және қорытынды;

- нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.



Жетекшінің пікірі. Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда тандалған такырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пiкip ғылыми жетекшінің жеке колымен расталады.

  • Рецензия (орысш.: обзор, агылш.: гeview, лат: гесеnsio) -талдау, саралаy, көпшілік назарына ұсынылган жарияланымдарга (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге бағa беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жаткан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.



  • Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия- белгілі бір туындыға, енбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сарaптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасында жасалады.



Пайданылған әдебиеттер:

  1. Жексенбаева Y.Б. Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; А,,2005.

  2. Брежнова Е.В, Краевский В.В.Основы учебно-иследовательской деятельности студентов. – М,. 2004

  3. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.-М: Білім, 1991. 108б

13 Практикалық (семинарлық) сабактың тақырыбы: Fылыми педагогиканың зерттеу әдістері

1. Сабақтың максаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерімен таныстырып, оларды ipіктеп алу кезенін ұйымдастыру мен сүйенетін принциптерін көрсету.

Heгізгі ұғымдар: нормативтік-құжаттар, мемлекеттік стандарт, тұжырымдама, баланың кұкығын қорғау конвенциясы, бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кұралдар.

2. Сабак жоспары:

1. Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі.

2. Зерттеу әдістерініі жалпы сипаттамасы.

3. Эксперимент әдісі және оны жүргізу принциттері.

3 Сабақтың мазмұны 1. Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердіі тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден етеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, зандылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория калыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі.

Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіpе келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады:

1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері

2) теориялық зерттеу әдістері

3) математикалық әдістері.

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың процесс қайшылықтарымен, пайда болган не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әнгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикальқ және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

2. Бақылау - зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспа бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді міндеттері мен мақсаттарын айкындау;

1) бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру;

2) тәсілдерді іріктеу;

3) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру.

Бакылау түрлері:

- араласа бакылау- ізденуші зерттеу жүргізіп жаткан тотын мүшесі ретінде катысады;

- сырттай бакылау-зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды;

- ашық және жасырын бақылаy;

- тұтастай және таңдамалы бақылау.

Бакылау- орындалуы тұрғысынан ең онай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық - әлеуметтік жеке-дара бітістері (көзкарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайлылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған кұбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс жоспармен орындалады. Әнгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаттары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан - интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жаyаптары анық жазылып, хатталады.

Анкеттеу- ауқымды материал жинактау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе бет әнгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу сырттай орындалады. Аталған әдістердін нәтижелі болуы қойылатын сұрактардың мазмұны мен кұрылымына тәуелді.

Саyалнама түзуде ескерілетін жайттер:

1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;

2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет

3) саyалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашкы тексеруден өткізілуі тиіс;

4) саyалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырғы редакциясының ұсынылуы тиіс.



Құнды материал окушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған косалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді,

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет