Қазіргі таңда Интернет ақпараттық өзара қарым-қатынастың шынайы түрдегі негізгі факторы болып отыр, ал шындықты елемеу мүмкін емес


Ақпараттық жұйені құрудағы негізгі бағдарламалық құралдар



бет5/15
Дата14.11.2022
өлшемі5,59 Mb.
#158137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Акмарал жумысы2013 13 05 2013

2 Ақпараттық жұйені құрудағы негізгі бағдарламалық құралдар

Әр есепке құралдар таңдағанда шебер ең ыңғайлыларын таңдауға тырысады, солардың ең танымалдарын қарастырайық.


Интернеттің басты программалау тілдері мыналар: JavaScript, PHP, VBScript, ASP, Perl, Java, XML және ColdFusion.
Интернеттің программалау тілдері клиент жағында (client side scripting language) қолданылатын және сервер жағында (server side scripting language) қолданылатын болып бөлінеді.
Клиент (сайтқа кіруші) жағында жұмыс істейтін программаның коды сайтқа кірушінің компьютерінде, қолданушының компьютерінде іске қосылған броузерде орындалады (Internet Explorer, Opera, Netscape, Firefox және басқа). Бұл код JavaScript және VBScript тілдерінде жазылады.
Сервер жағында қолданылатын программа өзі жасаған HTML конструкциясын қояды және клиентке берілмейді, яғни, қолданушы беттің кодын көрсе де, HTML фрагменттерін құрастырған кодты көре алмайды. Мұндай программалар келесі тілдерде жазылады:
Интернетке арналған бұл тілдерді білетін программист динамикалық сайттарды жасай алады және сайт жасау үшін ең соңғы технологияларды қолдануға мүмкіндігі бар.
2.1 Ақпараттық жүйені құру технологиясы

«Көпфункционалды интернет - қосымшалары» термині қолданысқа бірнеше жыл бұрын енді, дегенмен оның түсініктемесі:


- сценаридің алыстатылған тілі;
- X Internet;
-көпфункционалды Web-клиенті;
-көпфункционалды Web-қосымша ретінде белгілі болған.
Интернет өте үлкен көлемді ақпарат көзі, көптеген технологиялар осы ақпаратты жеткізу жолдарын жақсарту мен Web-те жетілдірілген және қолайлы әдіспен сақтауға арналады. Web-қосымшалардың көбінде өңдеудің көп бөлігі серверде жүзеге асады. Бұл үлкен көлемді ақпарат пен оны өңдеу серверге үлкен күш түсіреді, сонымен қатар желілік трафикке тәуелділікті жоғарылатады.
Ескі клиент-сервелі архитектура үлкен ыңғайлы және функционалдылы болған, бірақ Web-дәуірде жоғалды. Бұның бір себебі біркелкіліктің жоқтығы немесе клиенттік қосымшалардың стандартталуы. Енді ешқандай күмәнсіз, жалпылама қабылданған Web-құрал болып браузер табылады. Дегенмен, оған интеллектуалды өңдеулердің мүмкіншіліктері жеткіліксіз. Осының есебіне клиенттің қосымшаларға қолданушылардың ақпаратын жеткізу мен қарапайым өңдеу жұмыстарын жүргізу міндеті артылған. Көпфункционалды интернет-қосымшалар браузердің негізінде ең жақсы, тез, назар аударарлық және аса функционалды қолданбалы қосымшаларды өңдеуге мүмкіндік береді.
Қолданушы интерфейсімен Web және Интернет деңгейінде байланысатын өңдеушілер қолданушы интерфейсі деңгейінде жиі тәжірибелер жүргізеді және ең аз сыртқы қолдаусыз нәтижелі жұмыс жасауға қабілетті әр түрлі RIA-құралдарды байқайды. Көбінесе браузер қалыпты жұмыс істеу үшін модулге, кеңейтуге және жүктелетін файлға қатысты біршама қолдаулар қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет