Қазіргі таңда Интернет ақпараттық өзара қарым-қатынастың шынайы түрдегі негізгі факторы болып отыр, ал шындықты елемеу мүмкін емес



бет1/15
Дата14.11.2022
өлшемі5,59 Mb.
#158137
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Акмарал жумысы2013 13 05 2013


КІРІСПЕ


ХХ ғасырдың аяғы қоғам өмірінің әртүрлі саласында компьютерлер мен ақпараттық технологияларды барынша кең қолдану жағдайларымен есте қалса, бүгінгі күні адамдардың көпшілігі бүкіл әлемдегі компьютерлерді бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіретін ғаламдық желілердің қолданылу жағдайын ашып отыр, бұл -Интернет деп аталады. Интернет бұл – ең үлкен әлемдік компьютерлік жүйе. Интернет бүкіл әлемдегі әртүрлі мекемелерге тиесілі түрлі ақпараттық желі байланысын қамтамасыз ететін негізгі орталық болып табылады.
Қазіргі таңда Интернет ақпараттық өзара қарым-қатынастың шынайы түрдегі негізгі факторы болып отыр, ал шындықты елемеу мүмкін емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын компьютер арқылы мәлімет беруге мамандар мен тәжірибелі пайдаланушылар ғана көңіл бөлетін. Ал қазіргі кезде жергілікті және ғаламдық компьютер желісін пайдалану ДК тәрізді әдеттегіден де кең түрде таратылған болып отыр, өйткені компьютер коммуникациясын пайдалану арнайы білімді талап етпейді.
Ғаламдық ақпараттық-коммуникация технологиясын дамыту үдерісі қазіргі таңда өте өсіңкі, ал оның мүмкіндіктерін қоғам мен экономика үшін масштабты түрде пайдалану енді басталып жатыр. Өзінің дамуындағы «коммуникациялық» кезеңде Интернет желісінің басты міндеті қажетті серіктестер іздеуде көмек көрсету және онымен қажетті қарқындылықтағы коммуникацияның керекті түрін ұйымдастыру үшін құрал ұсыну болып табылады. Соңғы жасалған зерттеулердің қорытындысы Интернет-технологияны пайдалану нақты үнемділік пен пайда әкелетінін көрсетті.
Қазіргі заманғы Интернет әлемнің әр түкпіріндегі адамдармен араласуға, кез келген қажетті ақпаратты тез әрі қолайлы түрде іздеп табуға, бүкіл әлемге хабарлағысы келген деректі көпшілік үшін жариялауға мүмкіндік беретін барынша күрделі әрі жоғары технологиялық жүйе болып табылады. Интернеттің көмегімен өзіне қолайлы жұмыс іздеп табуға, таныстар қатарын ұлғайтуға, өзін қызықтыратын тақырыпты талқылауға болады, әрі Интернетте жұмыс жасай отырып, бос уақытты өткізуге ыңғайлы. Қазіргі кезде Интернет арқылы ақша табу тәсілдері аз емес. Желі арқылы қарапайым қызметті жариялап немесе қарапайым тауарларды сатуға болады. Кейбір тауарларды тек сатып қана қоймай, желі арқылы жеткізуге де болады. web-сайттардың барлығы тікелей кіріс алуға арналмаған. Олар жүйелі емес коммерциялық операцияларға белгілі бір қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге немесе олардың барынша арзан қолды баламасы ретінде қаралады.
Интернет бірте бірте білім беру саласына да еніп жатыр. Жүйелі ақпараттық технологиялардың қарқынды түрде дамуы ақпарат дамытуда уақытша және кеңістікті кедергілердің елеулі түрде төмендеуінен өзге білім беру саласында жаңа болашақ ашты. Білім беру және ақпараттық технологиялардың қосылу тенденциясы мен Интернет-технологиясына негізделген жаңа біріктірілген оқыту технологиясының жасалуының қазіргі уақытта өзіндік орын алып отырғанын аса бір сенімділікпен айтуымызға болады.
Оқу үдерісінде Интернет технологиясын пайдалану және онымен жұмыс ітеуді үйрету білім беру жүйесі үшін сапалы түрдегі жаңа міндет болып табылады. Телекоммуникация және электронды оқулықтар көмегімен оқушыларға ақпарат пен білім берудің жаңа үлгілері мен құралдары ретінде пайдалану проблеманың жаңашылдығы болып табылады. Әрине, оқу үдерісіне жаңа оқу құралдары мен үлгісін енгізу техникалық, технологиялық және педагогикалық сипаттағы белгілі бір тәжірибені үнемі жүргізіп отыруды талап етіп отырады.
Интернет білім берудің негізгі парадигмалары мен сипатының өзін елеулі түрде өзгерте отырып, білім беруді дамыту үшін оның жаңа мүмкіндіктері мен жағдайын ұсынады.
Қазіргі заманғы ғаламдық ақпараттық ортада дағдылы және виртуалды білім берудің арасында қарапайым және ақпараттық орта арасының нақты айырмашылығы кетіп, қашықтан виртуалды білім берудің өзі Интернет мүмкіндіктері мен сервисті толық пайдалануға байланысты жаңа ерекшеліктерге ие болады. Дағдылы білім беру жүйесінде қашықтан білім беру элементтерін пайдалану, әсіресе, оның кәсіби тұрғыдағы сенімділігін жасау кезеңіндегі оқу үдерісін барынша икемді етуге, мамандарды жан-жақты дамытуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді. Электрондық пошта және тарату тізімдері тәріздес сервистер тіпті, студенттің Интернетке енуге толық мүмкіндігі болмаған күннің өзінде қашықтан білім берудің қарапайым үлгісін ұйымдастыру үшін жеткілікті болып табылады.
Электрондық, виртуалды оқыту құралдарын енгізу мен пайдаланудың өзектілігі бүгінгі күні жоғары басымдыққа ие болып отыр. Батыс елдерінде көптеген университеттер студенттерінің көпшілігін қашықтан білім беру жүйесінің көмегімен оқытады. Көптеген әдістемелік құралдар, дәрістер электронды түрге ауыстырылған. Қазіргі заманғы технология бүкіл әлемдік желіге қосылған барлық пайдаланушыларға виртуалды тестілеу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемді қамтыған осындай ақпараттандыру жүйесі Қазақстанды қоспағанда, студенттерді қарапайым электрондық құжаттармен ғана қамтамасыз етіп қоймай сонымен бірге білім беруде жаңа технологияларды қолдану есебінен олардың танымын едәуір мөлшерде ұлғайтатын білім берудің басқа деңгейіне көшуді талап етеді.
Дипломдық жұмыста “Клиент сервер қосымшаларын жобалау” пәні бойынша виртуалды оқытуға арналған интерактивті ақпараттық жүйені құру технологиялары, тиімді жылдам навигация мен осы жұмысқа маңызды көрнекілік беретін анимацияны қолдана отырып Web-жобасын құру технологиясы қарастырылған. Интерфейсте сайттың ақпараттық-оқу контенті бойынша сәтті және жылдам тұспалдауға мүмкіндік беретін тиімді навигациялар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет