«Тіл дамыту сабағында ойын элементтерін пайдалану»



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі459,08 Kb.
#34399
  1   2
Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат селосы

Ш. Т. Еркінов орта мектебі




«Тіл дамыту сабағында ойын элементтерін пайдалану»

Молдағалиева Айнагүл

мектеп алды дайындық

сынып тәрбиешісі

2016-2017 оқу жылы

Жоспар



  1. Кіріспе ................................................................................. 3 бет

  2. Негізгі бөлім

2.1. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы ................................. 5 бет

2.2. Ойын элементтерін пайдаланудың педогогикалық ерекшеліктері....6 бет

2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы....................................................................9 бет




  1. Қорытынды ...........................................................................................17 бет

1 Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысында көрсетілген өзекті мәселе. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім, беру жүйесін дамыта отырып әлемді білім кеңестігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамыуына, көзқарасы мен шығармашылық әлеуетінің танымдық біліктілігі мен мәдени құндылығының жоғары деңгейде дамуына жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасауда. Бұл жағдайда мектептің мақсаты – баланың табиғи күштерімен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасап, толық қамды, қоғам құруғаөзінің бар мүмкіндігі. Қазіргі кезде дүние жүзілік білім кеңестігінде, соның ішінде мектептегі білім беруде де, білімің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған позитивты тенденциялар қалыптасып жатыр. Олардың ең бастысы: адами капиталды қалыптастыру құралы ретінде білімге деген жаңа бағыттарды, жолдарды дамыту. Бұл ретте мұғалімге жүктелер міндет жетерлік. Н.В. Савиннің тұжырымдауы бойынша, мұғалім–оқушының танымдық іс-әрекеті жақсы ұйымдастырушы, балардың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықтиярлы да қамқор адам. Ал нәтиже бағдарланған білім моделінде «мұғалім – оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін шығармашылықпен құрастыруға жауапты»- деп көрсетілді. Яғни процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқытуды» емес, «оқушыны қалай үйрету» қажеттілігін ойластыруды талап етеді. Сондықтан «оқушыны қалай үйрету» жолдарын табу бүгінгі педагогикалық зерттеліп жатқан үлкен мәселенің бірі болып табылады. [1-47б] Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасы сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз етеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені сыныптағы оқушылардың сабақтан гөрі ойынға қызығыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар сыныптарда қолданылады. [2-41б] Зерттеу орны: Ойын –балалар әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым – қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Тіл дамыту сабағында ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға жұмыстанып ортырамын.

1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдармен күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.

3.Ойынға сыныптағы балалар түгел қамтамасыз етілуі керек.

4. ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуымен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуге, ойлана білуге жетілуі керек.

Мақсаты: Балаларға білімді ойын арқылы үйрету. Ойын арқылы білім шыңдап, ой – өрісін кеңейту. Ойын арқылы балаға көптеген мәліметтер беру. Ойын арқылы баланың ақылын, дүниетанымын кеңейту. Ойын арқылы баланың сабаққа қызығушылығын, ынтасын дамыту.

Негізгі бөлім

2.1. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы.


Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетін ескрсек, білім негізгі бастауыштан басталатындықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әріпысықтауды көздейді.Бұл ойындар олардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықлас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады.Міне, сондықтан да ойын оқу-іс әрекетінде жетекші роль атқарады.(№9.2005) «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған жағдаяттарнегізіндегі іс әрекеттің бір түрі. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын ойын–сабақ,ойын–жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар. Ойын мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым – қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәрбиесін алатындығы дәлелденген.Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.[2-25б]

Кеңестік педагогА.С.Маракено «Баланың ойынға деген құмарлықты қандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақыты болып қан қоймай, сонымен баланың өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» - деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Балаларды ойынға қалыптастыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы мәдениеттің сәтті берілуі балаларға ересек тарапынан ұсынылатын ойындар мазмұнына да байланысты болады.

Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін ескере кеткен жөн. Егер тәрбиеші алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап, ескермесе онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқару өз деңгейінде практикалық мақсатқа жете қоймайды. Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелелердің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағда йда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үделі өзгертумен және ең алдымен балаға тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатынын оның интелектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үдерістер:м қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, т.б. қалыптасады.[2-30б]


2.2. Ойын элементтерін пайдаланудың педогогикалық ерекшеліктері.
Баланың кез – келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған педагог –тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттеріне өзгертуге мүмкіндік беретін шешімдіжәне сонымен бірге алға қойған ақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады.Балалар, шелекті тәжірбиелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірбиесімен білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетиінен тәжірбие алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілер мен ата – аналардан алады. Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани білімін дамытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттың әрекетінің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемеен су берді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың қолына алып барады. Бұл баланың жоғарға интелектуалдық деңгейде оның міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша да болуы мүмкін, тәрбиеші жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша тәжірбиелікке ұқсас, ұжымдық әрекет етуді талап етеді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізіп, онда оның ең негізгі ерекшелігі-қиалдауы жойылып кететіндігін ескерткеніміз жөн. Мен өзімнің өткізген сабақтарымда ойынды жиі қолданамын. Ойын үстінде балалар, сабақты тез меңгереді. Сабаққа қызығушылығы артады. Ұжымдық қатынасқа бейімделеді.[ 8-6б]

Оқушылардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірбиесін қоалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіледі. Олардың әрқайсысының өз бағдарламасы бар, екені бәріне мәлім. Сондай пәннің бірі – тіл дамыту пәні.

Ойын түрінде берілген жаттығулар оқушылардың ой-өрісін, санасын, логикалық ойлау дәрежесін дамытады. Ойлаудың жүйелі жүруіне математикалық халық есептерінің тигізер көмегіүлке. Ол халқымыздың атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани алтын қазынасы. Бұл есептер оқушылардың дүние танымын байытуға, есепке деген құштарлы,ын арттыруға, сол арқылы ойын ұштауға себебін тигізеді. Ұжымды меңгерту үшін оның негізгі сипаттамасын білу қажеттігі баланы баулиды. [5-33б]Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыданжекеге қарай яғни жеке тұлғаны дамытудың баланың тіл мүкістігін танып түзетудің баланың жеке қасиеттерін ашып, өзара қарым – қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып табылады. Мұғалім тәрбие мен білім беруді аса жауапты міндет етіп қойып отру керек. Оның үстіне мектепте оқылатын пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келеді. Бала қысқа мерзімді жалпыланған білім көлемін меңгеру керек. Сондықтан баланың ойлауын дамыту, олардың бойына логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жауап іздестіру мәселесі қазіргі таңда мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Ол үшін біз баланы жұмбақтар шешуге, жаңылтпаш айтуға үйретуміз керек. [6-12б] Тілдің негізгі элемент-сөздік қор. Оқушыларды оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі болуы тиіс. Саусақ ойыны: Әсерлі көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен саусақ ойынын балаларға түсіндіріп, әр қимылы көрсетілуі керек. Қуырмаш: Қуырмаштың ережесін қайталап өту. Балаларды тұрғызып бір – бірінің алақандарына жатқызу, оң қолдың алақанына бір бала, сол қолдың алақанына бір бала жасайды. Бала жаттығу жасап тұрып оң, сол алақан деген сөздерге көңіл бөледі. Баларға хормен айтқызу.

Қуыр- қуыр қуырмаш Тауықтарға бидай шаш. Бас бармақ (бас бармақты жұмсады) Балан үйрек (сұқ саусақты жұмсау) Ортан терек (ортанғы саусақты жұмсау) Шылдыр шүмек (төртінші саусақты жұмсау) Кішкене бөбек (кішкентай саусақты жұмсау) Біріншіден: ол оқушының тіл байлығын молайтып, кеңейтеді. Екіншіден: үйренген сөздерді қатесіз сауатты айтуға бейімделеді. Үшіншіден:Сөзді үйрену арқылы оқушының тіл нормасында сөйлеп үйренеді -Сен бар, қозы мен лақты бақ(кішкене саусақты ашады) -Сен бар, Бұзауыңды бақ (басбармақ саусақты ашады)

-Сен бар, ботаны бақ (ортаңғы саусақты ашады) Жұдырықты жұмып, Ал, сен, от жақ Отқа қазанды қой Қазақша ет сал, Жұмысың біткен соң Жатта дем ал. Ешкіде сүтбар, қойда айран бар, Сиырда құрт, ірімшік бар, жылқыда қымыз бар, түйеде шұбат бар, деп әр саусақты көрсетеді. Осындай тақырыпта төрт түлікпен аалынған тағамдар туралы айтқызып, суреттерін көрсеу. Ойнатуға байланысты баланың сөздік қорын, тілін дамыту, ертегілер мен санамақтар ойында кездесетін жаңа сөздерді үйрету. Мағынасын ұғындыра отырып, оларды жасайтын сөздер мен сөйлемдерді меңгерту, ойын ауызша және жазбаша сауатты қатесіз жеткізе білуге дағдыландыру. Сөз бен сөзді байланыстыруға, дұрыс сөйлеуге үйрету, сөздерді үйретудегі ең маңызды міндет. –Балалардың ауыз екі сөйлеуде қолданатын сөзер қорын толықтырып отыру. Жаңа сөздерді есте сақтауға көмектесіп, көрнекіліктер пайдаланғанның маңызы зор. Мысалы:1) Тақтаға сурет іліп одан сөз айтқызып оны буынға бөлу. 2)Заттың суретін көрсете отырып, сөз, сөйлем құрату. 3)Суреттер арқылы баланың тілін, ойын, қабілетін дамыту. 4) Суреттер арқылы түсін, түрін, пішінін біліп айта білу. 5) Көрген суретті есте сақтау. Есте сақтау арқылы қағаз бетіне түсіру. Табиғат құбылыстары мен жан-жануар суреттері арқылы тілдік қорын дамыту.

Тіл жаттығулары: Лақ ешкінің баласы – Сексек ата. Қозы қойдың баласы-Шопан ата. Бұзау сиырдың баласы – Зеңгі баба. Құлын жылқының баласы- Қамбар ата. Бота түйенің баласы – Ойсылқара. Ойды сан тарапқа самғатып, ой ұшқырлығына тәрбиелеу – халық ауызындағы есептердің ой – өрістік сипаты.

Баланың жек тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін негізгі күш – әлеуметтік орта. Баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру ұлттық және азаматттық мәдени қатынастарды игерту, білім беру мұғалімнің оқу – тәрбие жұмысында жүзеге асырылады. Баланың логикалық дамуына ықпал ететін сыртқы жағдайлар: Баланы қоршаған табиғат, әлеумкттегі орта, үлкенлермен қарым – қатынас ойынының тарихын айтуда оның кейіпкерлермен таныстыруда, ел мен жер атына көңіл бөлу де есептің алдыеда қойған мақсатын түсінуге, оны есте сақтауға көмектеседі. [7-27б] Балалар көргенін дәлме – дәл қабылдайды. Мұғалімнің айтқанын жеңіл қабылдап, тез жауап береді. Қойылған талаптарды орындауға тырысады. 5-6 жастағыбалалардың өздерінің жолдастарымен қарым – қатынасын, сөйлеген сияқты. Олардың өздерімен сөйлесіп байқағанда балаларда саналылықтың алғашқы формулаларын байқауға болады.Ойын арқылы баланың тіліндамыту - Заттардың, сөздердің қасиеттерін сипаттататын дағдыландыру - Берілген қасиеттеріне сай заттарды құбылыстарды қабылдау - Заттардың сөздердің ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау - Заттарды сөздерді пайдаланыпсөз, сөйлемдер құрауға дағдылану - Заттардың, сөздердің көмегімен ауызша сөйлеуге үйрету - Заттарға, сөздерге байланысты ойындар ұйымдастыру. Ойын белсенділігі: Көрген білгендеріне қарай проблемалық сұрақтар. Көрген, білгендеріне қарай жаңылтпаш, тақпақ жұмбақтар айтқызу. - Көрген білгендеріне қарай ертегі, әңгімелер айтып, сахналық қойылымдар қоюға үйрету. Баланың ойлау қабілеттерін дамытуда ойынға, ертегі қойылымдарына аса көп мән берілу керек. Түрлі сұрақтар қою арқылы сөйлесуге үйретеміз. Табиғаттағы болып жатқан заттар мен құбылыстарға байланысты сұрақтар қойып отыру. Соған байланысты суреттер көрсетіліп, жұмбақтар шешкізу баланың тілінің дамуына үлкен үлес қосамыз. Әрдайым балалардың негізгі іс-әрекеті ойын екендігі ескеру қажет. Балалардың ойын дамытуда нақты зат арқылы әрекет ету тұстары жүзеге асырылады. Сондықтан бүлдіршіндерге білім беру сабақтарында негізінен дидактикалық ойындар пайдаланылады. Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі білім беруцдегі ойындар технологиясы болып отыр.

Адамдар ойынының құрылымдық жүйесі кеңестік дидактикада аса маңызды зерттеулер болған жоқ. Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен өзі басталып отырып, адамның кәсіпті толық меңгергенше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады. Адамзат ойынының сан жылғы тәрбесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдейді. Оған баланың кезеңдегі ақыл ойды қамту ойындарынан бастап мәдениетке, бизнесен және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағарламаларды игеру барысында ойындар жатады. Адамдардың ойын әректтерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтармен қозғалыстар (манипулация) жасаудан бірте – бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видекомпьютерлі ойындарға дейін ауысады.

2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы.

Қоғамымыздың ертеңгі болашағы - бүғінгі жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Сондықтан балаларды тәрбиелеу ісінде олардың рухани дамытуға бола назар аударғанымыз жөн. Қазіргі ұрпақ тәрбиелігіндегі дейінгі балаларды рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз өзінің өмірдгі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру. Рухани даму жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады. Қазіргі уақытта республикамызда оқушыларды тәрбиелеу ісінде адамның ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге байланысты істер жүзеге асуда. Халықтың дәстүр , рухани – мәдениет негізінде жас ұрпақтың рухани –адамгершілік тәрбиесіне дұрыс жол қою міндеттерін іске асыру басты нысана болып тұр. Рухани адамгершілік тәрбиесін ойындар жүргізу, әңгіме өткізу, түрлі әңгімелер құрастыру, көрген фильмдерін талдау арқылы іске асыруға болады. Рухани – адамгершілік тәрбиесін дегі басты мәселе-баланы құрметтеу. Ойын-мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды тетігі деге болады. Балалар ойын барысында өзінің рухании жан дүниесін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне енеді. Ойын баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болғандықтан әрбір ұстаз оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтермен толықтырып отыру керек. Сабақты ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толық ойын түрінде өткізу мұғалімнен аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Баланың реніші мен қуанышы ойында айқын көрінеді.

Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсер ұшқындайды, белсенділік артады, ерік қасиеті, қабілеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың жан дүниесіне әсер етіп, оның рухани- адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді. Ойын баланың жан-жақты дамытып жетіуіне әсер етеді, ақыл ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорын байытады, өмірді танып сезімді кеңейтеді. [9-28б] Ерік пен мінез қасиеттерін бекітеді, рухани адамгершілік сапаны жетілдіреді, ұжымдық сезім қалыптастырады. Эстетикалық тәрбие беру құралы еңбек тәрбиесінберу мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Демек ойын баланы жан-жақты тәрбиелеудің психологиялық және физиалогиялық негіздер болып табылады. Ойын-баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіпқана қоймай оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез табысып жақсы ұғысады, бірінен бірі ептілікке үйренеді, жақсы қарым-қатынас жасайды. Сол қарым – қатынас арқылы рухани-адамгершілік санасезімдері қалыптасып дамиды. Сондай-ақжағымды ойлауды үйренеді, жанашырлық сезім оянады, қамқорлық жасай біледі, өзгені ренжітпеуге тырысады. Халқымыз ойынға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың көзқарасын мінез – құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағаланған.Ойын бір жағынан баланы бірден қуанышқа бөлесе, екінші жжағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім қалыптасады. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі, ойын балаларға ұйымдастыру қабілетін қалыптастырады. Ойын барысында балалар бірін-бірі сыйлауды, үлкендерді құрметтеу. Ойын үстінде әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге, өзіндік мінез құлықтарын тәрбиелеудің де тиімді жолы тәрбие құралы екендігін дәлелдейді. Осы тұрғыда өз сыныбымды айналанықоршаған орта және экология сабағынан өткізген ойынға тоқталсам:

Тақырыбы: «Қай мезгіл?» - ойыны. Мақсаты: Суреттер беру арқылы табиғат құбылыстарын аңғарып ажырата білуге қай мезгіл екенін айыруға үйрету. Шарты: Жыл мезгілдерін бекіту мақсатында әртүрлі табиғат құбылыстарын көрсетеді. Балалар бір-біріне қай мезгіл, бұл қай кезде болады деп сұрақ қояды. Дұрыс жауап айтпаған бала ойыннан шығып қалдады. Кім көп дұрыс жауап берсе жеңімпаз деп есептеледі.

Бұл ойнаған кезде алынған нәтиже: балалар жыл мезгілдерін бір-бірінен ажырата біледі.Сөздік қоры, логикалық ойлануы дамиды.Айнала қоршаған ортаға көзқарасы қалыптасады. Сауат ашу сабағында. Тақырыбы: «Көп ойла, тез ойла» Мақсаты: Сурет бойынша өтілетін дыбысты тауып, сөздер ойлап, сөйлем құрау, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Шарты: Сөздерді көп ойлап жеңімпаз атанады. Ештеңе айталмаған бала өлең тақпақ айтып береді. Бұл ойында алған нәтиже: Балалар дыбыстарды ажырата біледі,сөз, сөйлемқұрап үйренеді. Сурет бойынша сөйлей біледі. Математика сабағында. Тақырыбы: «Көршіңді тап» Мақсаты: Сандарды ажырата білуге үйрету. Шарты: Балаларға онға дейінгі сандар қолдарында беріледі. Сандардың атын атағанда, ретімен жаңылыспай орнына тұру керек. Бұл ойыннан алған нәтиже: Сандарды ажырата біледі, сандардың орналасу тәртібін үйренеді. Тіл дамыту сабағында. Тақырыбы: «Бағдаршам» Мақсаты: Жолда жүру ережелері туралы түсінік беру. Шарты: Балаларға жолда жүру ережесі туралы рөлдер бөлініп беріледі. Балаларды бірекуі жүргізуші, екіншісі жол тәртәбін реттеуші бағдаршам рөлінде ойнайды. Жүгізуші ойынды бастайды. Ойын тәртібін бұзған бала ойыннан шығады. Бұл ойында алған нәтиже бағдаршам туралыя түсінік алады, жолда қалай жүруге үйренеді. Көркем әдебиет сабағында. Тақырыбы: «Мақта қызбен мысық»-Ы.Алтынсарин. Мақсаты:Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсаримн оның шығармашылығы еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Шарты:Мазмұнын жақсы білетін шығарманы диалог құра отырып,мәнеріне келтіре отырып сахналау. Атрибуттар арқылы бейнелеу. Бұл ойында алған нәтиже:Ертегі мазмұны естеріне сақталады, ертегіні атрибуттар арқылы сахналап үйренеді.

Қорыта айтқанда осындай жауапты міндеттердің баяндауы болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік-жерін,елін сүйетін рухани адамгершілік қасиеті мол білімді парасатты оны қастерлей білетін азамат өсіру баршамыздың міндетіміз.

К.Д.Ушинский –баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту.Оның өзіндік логикалық ойын,сөз қорын санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына , батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.[6-12б]

Балалар тілі шыға бастаған кезде-ақ өздерін қоршаған ортаның ішкі сырларын отбасындағы үлкендерден сұрап білгісі келеді.Айталық балаға қыс пен жаздың, қар мен жаңбырдыңтағы басқа табиғат құбылыстарының пайда болуы жұмбақ. Осының үлкендерден сұрап білгісі келген бала «Күн қайдан пайда болады? Жаңбыр мен қар қайдан шығады?» - деген сияқты толып жатқан сұрақтар қояды.

Баланың мәдениетті сөйлеуі үшін үй ішінде балабақша отбасында, мектепке алған білім тәрбиесіне байланысты.Бағдарламаның басты мақсаты баланы жан-жақты дамыта отырып, тілін ұстарту. Баланың ана тілінде жүйелі; таза сөйлеуге мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз. Ұлы педагог: К.Д.Ушинский: «Кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс»,-дейді. Ертегі-халық шығармасы, халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, бақыт туралы ойлары толысып жатады. Қай халық болсада өзінің дамуында қилы – қилы жолдардан өтеді. Сол жолдардың кейбір көріністерін ертегі арқылы қалдырады. Ертегі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әдетте ертегілер «Ерте, ерте, ертеде» немесе «Баяғы заманда» деп басталып, соңы жақсылықпен аяқталады. Ертегі балалардың қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында сахналық көріністер көрсеткен жөн. Көрнекілік-оқытуда заттар мен құбылыстар дың өзіне тән жартылыс бітімін, сыр-сыйпаттайтын, сезім мүшелері арқылы көбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үдеріс. Көрнекілік мұғалімнің барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.

Осы орайда өз тәжірбиемді сөз етпекпін.

Ертегі сабақтарында «Кім ойшыл?» Кез келген ертегіден үзінді» айтылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек. 1Орсанда бауырсақ түлкіге кездеседі. Жауабы: Бауырсақ, кемпір, шал, қоян, қасқыр, аю, түлкі. 2.Мысық тауыққа барады. Жауабы:Мақта қыз, мысық, сиыр, қыздар, дүкенші, тауық. «Түлкі мен ешкі», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» сонымен қатар ертегі көріністерін көрсетіп, баяндатамын. Мақал – мәтелдер ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналықтың жемісі.Мақал-мәтелдер әр кезеңде ата-бабалардан ұлағатты сөз,парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы.Олар көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны кең,ойы терең,тілі өткірде ,бай мұра.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі ,көңілге түйген ақылының кені жатыр.Мысалы:Тіл өнері,сөз қадірі туралы мақал-мәтелдердің де үйретері мол. Тіл қылыштан өткір, Ойнап сөйлесеңде, Ойлап сөйле,-деп ескерткен. Мақал-мәтелдер балаға айтатын ойын қысқа түрде жеткізуге үйретеді.Баланың ойлау қабілетін дамытатын танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі-жұмбақ. Ешбір тіреусіз күмбез, Ешбір сүйеусіз күмбез. Ешкім көтере алмайтын күмбез, Ешкім төңкере алмайтын күмбез. Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анық жеткізе білу,туған тілінің байлығын сезінуде,тілді қолданыс ерекшеліктерін тануға,сөз саптау,сөйлеу мәдекниетін үйренуге, өз ойын қолданыс ерекшеліктерін тануға, сөз білуге, шығармашылық қабілетін өсіруге көптен көп көмегін тигізеді. Халық ауыз әдеьиеті үлгілері ішінде балаларға арналған жаңылтпаштардың да өзіндік мәні бар. Әдетте жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы: Р – дыбысын айтуды

Торта қойдым,

Орта қойдым,

Жорта қойдым, - деп жаңылтпаш арқылы үйренеді.


Жаңылтпаштар баланы мүдірмей шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін түзетеді, сөйлеу мәнеріне жаттықтырады. Жаңылтпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын қызықты жанр. Мазмұны суретпен жұмыс істеудің өзіндік ерекшелігі мынада. Мұнда жетелеу сұрақтарын қоюға аса мән беріледі. Сұрақтар бір сөзбен немесе бір ғана сөйлеммен жауап беретіндей болмауы керек. Керісінше оқушының ойын жинақтап, бірнеше сөйлемдер арқылы күрделі, мағыналы пікірін білдіретіндей болғаны дұрыс. Оқушының жас және жеке ерекшеліктеріне қарай мұғалімнің жетелеу сұрақтарына сүйеніп, өз бетімен әңгіме құрауға дағдыланып қалған кезде, біртіндепп баланың өз бетімен ойланып, әңгіме құрауына бағыт беру жеткілікті.

Сөйлем белгілі бір ойды білдіреді. Осы мақсатта «Ақылды қарға», «Мысық неден шошыды?», «Құстар», «Қиясбайдың қиялы» т.б. суреттерді пайдаланамын.

Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның-ойлауын тыйғаның» - деген бекер айтылмаған.

Сауат ашу кезеңіндегі ойынның маңызы зор. Оқушының әр қадамы ойынмен ғана жылжиды, дамиды, жетіледі. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді. Мұндағы ойынның мақсаты бағарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, қайталау және пысықтау болып табылады. Ойын кезінде баланың ортамен қарым – қатынасын кеңейтіп, қабілеті артады, мінез – құлқы қалыптасады.



Сабақтың тақырыбы: Көктем. Құстар. Көктем құстары

Сабақтың мақсаты: Балаларға құстар туралы білімдерін кеңейту құстардың сыртқы бейнесі тіршілігі, қоректенуі туралы айту. Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын дамыту. Құстарға деген сүйіспеншілігін сезімдерін оятуға табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақты бекіту кезеңінде «Құстарды қарсы алайық» ойынын ойнаттым. Сурет арқылы тапсырмалар берілді.



Оқу іс- әрекетінің тақырыбы : Жыл басына таласқан жануарлар Оқу іс- әрекетінің мақсаты: Оқушыларға жануарлар туралы түсінік бере отырып, ертегіні рольге келтіріп әңгімелеп түсіндіру.
Дамытушылығы: Балалардың ой өрісін, есте сақтау қабілеттерін арттырып, тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, салауаттылыққа шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Астана суреттері, ертегі көріністері, ойын. Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, оқу, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру, ойын, сахналық көрініс, қорытындылау, мадақтау. Оқу іс- әрекетінің барысы: Сәлемдесу
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Достарымды көргенде
Қуана қарсы аламыз.
Сәлем, сәлем, сәлем ! Үй тапсырмасын тексеру :

Біз қай Республикада тұрамыз?

Елбасымыз кім?

Астананың көрікті жерлерін ата?

Рәміздерді ата?

Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме. Ертегі – халық ауыз әдебиетінің ең үлкен саласы, атадан балаға ауызекі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі.

Ертегі түрлері: Жануарлар

Тұрмыс-салт Қиял ғажайып Шыншыл



Жеті лақ Қызыл телпек

Бауырсақ Алдар көсе




Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет