Білімділік: Шығыс септіктің сұрақтары мен жалғауларын меңгерту. Сөйлемдерді қатесіз жазуға үйрету, сабақты өтілген сабақтармен байланыстыра өту.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, зерделеу, есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа,әдептілікке,мейірімділікке,татулыққа,жылдам ойлауға, Отан сүйгіштікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі :Аралас сабақ Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдіс – тәсілдері : Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекіліктер:Заттар,плакат, суреттер,маркер.
Техникалық құралдар:Интерактивті тақта,компьютер Пәнаралық байланыс :Ана тілі, дүниетану,математика.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім
Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарларын аудару. Топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
А) Сурет бойынша құраған әңгімелерін оқу
Ә) Өткенді қайталау.
«Кім шапшаң» ойыны бойынша сұрақтарға жауап алу-ауызша.
1 Септіктерді ата.
2.Ілік септіктің сұрақтарын ата.
3.Жатыс септіктің сұрақтарын ата.
Б) Топпен жұмыс
Әр затты септеп жазу: ұшақ, доп, домбыра, қоржын, үй, гүл
ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау
1Қызығушылықты ояту.Суретпен жұмыс
2.Оқулықпен жұмыс
67 – жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Жаңбырдан соң көңілді,
Аспаннан нұр төгілді.
Сергіп қалды жер беті,
Кемпірқосақ керілді.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай септікте тұрғанын айт.
3. Дәптермен жұмыс
А) Күн жадын жазу Ә) Тақырыпты жазады
Көркем жазу
Өлеңді көшіріп жазу
Мағынаны тану.
68-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
Қымыздың бапталып, күтілуі үлкен жұмыс. Ол негізінен жылқы терісінен, емен, арша сияқты ағаштардан жасалған ыдыстарда дайындалады. Теріден жасалған ыдыстың үлкенін саба, кішісін мес, торсық деп атайды. Қымыз аршамен, тобылғымен немесе қайың қабағымен жиі – жиі ысталып, майдаланып отырады.
Қымыз – әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат.
Шығыс септікте тұрған сөздерді тауып, олардың жалғауларын ата.
Ережені қорыту.
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен?кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.
Шығыс септігі атау септікке- нан,-нен,
дан,-ден,-тан,-тен жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды шығыс септік жалғаулары деп атайды.
Ой қозғау.Топтық жұмыс
69-жаттығу. Мақалдарды көшіріп жаз.
асыл
-тан шығар,
Ақыл
-тан шығар.
Отан
-тан да ыстық.
Бір
-нен қол шығар,
бір жағадан
шығар.
Барлық
-ден
сөз өнері күшті.
Есте сақтау диктанты
71-жаттығу. Жұмбақты жатқа жазып ,шешуін тап.
Аттан биік,
Қойдан аласа.
Шығыс септіктегі сөзді тауып.оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.