Баяндама тақырыбы:
«Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолдану»
Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыбым «Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін қолдану» Заман талабына сай оқыту үрдісінің жаңа әдіс-тәсілдерін әр мұғалім сабақ барысында қолдануы қажет. Күнделікті сабаққа дайындалу барысында мұғалімнің өз білімін жетілдіріп отыру өте маңызды үдеріс.
Басты міндеті. Оқушылардың ойын арқылы қызығушылығын ояту;
Ойын элементтері арқылы қазақ тілі сабағының сапасын көтеру.
Оқыту барысында ойын элементтерін, сабақта сұрақ-жауап, бекіту, топтастыру, талдау, баяндау деген әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Оқу орыс тілінде жүретін мектепте қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану оқушылардың сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді.
Сабақта орынды қолданылған ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.
Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар: лексикалы-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Тілдік ойындардың бұлай бөлінуі шартты түрде ғана, себебі фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту мүмкін емес.
Лексикалы-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, интонацияны дұрыс қалыптастыру. Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында оқушыларды меңгерген лексикалық материалын практикалық тұрғыда қолдану, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар қолданылады.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті-баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс - әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
Қазақ тілінде ойын элементтерін кіргізудің маңызы ерекше. Ол оқушының шығармашылық қабілетін, сабақта белсенділігін арттырады, қазақ тіліне деген қызығушылығын дамытады, білімін молайтуға әсер етеді.
Сабақ тартымды болу үшін әр түрлі ойындарды дұрыс қолдана білген жөн. Сонда ғана ойын қызықты да нәтижелі болады. Ол үшін ойын түрлерін дұрыс таңдап алу керек. Бұл оқушыларды жалықтырып, шаршатып алмау мақсатында қолданылады.
Өзімнің тәжірибемде қолданылып жүрген ойынның түрлеріне тоқталайын.
Жаңа сабақтың тақырыбын жасырып ұстау арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. «Кім жылдам?» ойынын ойнату арқылы сабақ тақырыбын анықтау.
«Кім жылдам?» ойыны.
Кез келген екі сөзден тұратын сабақ тақырыбын анықтау үшін алдымен нүктелері жоғарыдағы әріптерді, сонан соң нүктелері астындағы әріптерді қосып оқу.
. . . .
МОЕТНБАІСҢЫМ – менің отбасым
«Адасқан әріптер» -ойыны
Дыбыстарды тиісінше тіркестіріп, сөз жасаңдар.
М, к, т, е, п, е (мектеп)
Р, о, б (бор)
К, т, і, п, а (кітап)
«Ұшты-ұшты» -ойыны
Ұшты, ұшты, үкі ұшты (қол көтеріледі)
Ұшты, ұшты, түлкі ұшты (көтерілмейді)
Әр түрлі зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, балалардың тілінің дамуында сөйлеу қабілетін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтуде сөздік ойындардың атқарар рөлі ерекше екені дәлелденді. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға болады. Сондай ойынның бірі –
«Белгілі бір сөзден бірнеше сөз құрастыру» Мысалы: «қамсыздандырылмағандықтан» - тамақ, нан, қант, сан,тас, мақта,сағат, қас,қаз,лақ,ырыс...т.б.
«Қатесін тап» ойыны
А) Материалды түсіндіру барысында мұғалім әдейі қате жібереді. Оқушылар сол арада мұғалімнің қателескенін шартты белгі арқылы ескертеді.
Б) Оқушыға әдейі жіберілген қателері бар мәтін беріліп, өзін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік беріледі.
“Орныңды тап “ойыны
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
|
«Домино» ойыны
Оқушыларға кеспе қағаздар таратылады. Бір кеспеде заттың суреті және басқа заттың атауы берілген, кеспелерді рет-ретімен қою керек.
Бұл ойынды кеспелерді көлденен не тігінен қойып ойнауға болады.
Мысалы:
«Пирамида» ойыны
Оқушыларға сөздер жазылған үшбұрышты кеспелер таратылады, сол кеспелер арқылы сөздің жұбын тауып, пирамида құрастырады.
Мысалы:
«Қайталай ғой» ойыны.
1-ойыншы 1 жемістің атауын атайды.
2- ойыншы оны қайталап, тағы бір жемістің атауын қосады.
Мысалы: 1. Алма
2. алма, шие
3. алма, шие, алмұрт
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны немесе «иә-жоқ»
Ойынды топпен немесе жекеше ойнауға болады. Топпен ойнағанда, мұғалім сөйлем оқиды, сөйлемнің мағынасы дұрыс болса оқушылар жасыл сигнал қағазын көрсетеді, ал бұрыс болса – қызыл.
«Сөз жарысы» ойыны
Ойынның мақсаты – сөздік жұмысын қайталау. Бұл ойынды 3 оқушы тақтаға шығады. Оқушылар сөздерді орыс тілінде айтады. 3 оқушы қазақ тіліне аударып жазады. 3 оқушының қатесіз, бұрын жазғаны жеңімпаз болып табылады. (Доп арқылы да тексеруге болады (Аудармашы)
«Әр әріпке бір сөз» ойыны
Оқушыларға сөздер беріледі, сол сөздердің әр әрпіне басталатын сөз тауып жазу керек.
Ж
е
м
і
с
«Жұбыңды тап» ойыны
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ оқушыларға парақтарға жазылған сөздер, ал екінші топқа сол сөздердің суреттері беріледі. Ойнаушылар жұбын табуға тиісті. Мысалы:
“ Баламасын тап” ойыны.
Жазылған сөздердің орынын ауыстырып, орысша баламасын табу.
Рахмет Молодец
Жарайсың Рахмет
«Бағдаршам», «Ыстық орындық» ойыны т.б
Қорыта келе айтарым, ойын арқылы оқушылардың білік-білім дағдылары қалыптасады. Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады, танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейеді, оқушының өзіне деген сенімі артады, оқуға қызығушылығы, белсенділігі дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |