Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай – жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар – жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы… Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара – көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», – деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар – барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза – Құнанбай» – деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? – деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен – Құнанбай» – деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы – Құнанбай» – деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « – Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» – деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? – деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» – деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай – тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. «Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары – Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар – бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері… Бұл – адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері – «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай.Ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың қилы тағдыры мен өмірін суреттейтін «Абай жолы» атты роман-эпопеяны оның алыс туысы танымал қазақ жазушысы М.О. Әуезов жазды. Осы еңбегі үшін оған 1949 жылы Сталин сыйлығы («Абайдың» бірінші бөлігіне) және 1959 жылы Ленин сыйлығы («Абай жолының» екінші бөлігіне) берілді. Романда ХІХ-ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының ауыр тіршілігі көрсетіліп, қазақтардың көп ғасырлық көшпенді өмірінен қол үзуі баяндалады. «Қамтылатын тақырыбының кеңдігі, сөз саптау шеберлігі және әдеби өңделуі жағынан «Абай жолы» ерекше көріністі береді», - деп жазды академик Қ.Сәтбаев.
Абай – ұлы ақын, философ, ағартушы-демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы. Абай халқы үшін ауыр уақытта өмір сүрді. Дала билік үшін күшейіп келе жатқан күрестен, колониалдық және феодалдық ығыстырудан азғындалды. Осының бәрі қазақтың озық қоғамдық ойының және шексіз далада күнге, сәулеге ... қайраттандыратын көркем сөзінің өсуіне қорғасын болып төгілді. Мұның жемісі ретінде халыққа қазақтың реалистік әдебиетінің негізін салушы – Абай бұйырды! Абай – бай әрі дүниеқор феодал Құнанбайдың ұлы. Ол туған ауылына оралғанда, әкесі оны өзінің ісіне баулымаққа ұмтылды. Құнанбайдың елшісі ретінде Абай ауыл-ауылды аралап, әкесінің жарлығын орындады. Осы көріністе Абайдың әкесі сияқты аты шыққан бай боларлық келешегі байқалады, бірақ Құнанбай күткендей және талап еткендей болмады. Өйткені Абайды билік те, байлық та қызықтырмайды, ол жеке басының амандығы мен игілігін әділдік пен шындыққа құрбан етеді. Абайдың осындай әділдік пен шындықтың құрбаны болуына оқуға деген махаббаты түрткі болғаны сөзсіз. Автор оның шығыс әдебиетін сүйіп оқығанын жазады. Абайдың көзқарасының қалыптасуына оның әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның ықпалы да зор болды. Олар бала Абайды жақсы көріп, жағымды жаққа тәрбилеп, оның беделді азамат болуын қалады. Абай өзінің халқына зор сүйіспеншілікпен қарады. Ол заңсыздық пен қылмыс арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді қаламады, оған көптеген қатал патриархалдық заңдар ұнамады.
Әкесімен қақтығыс баяу әрі ауыр болды. Абай өсе келе оның әкесімен қатынасы тіптен нашарлап кетті. Әкесінің пікіріне аса қарсылық білдірген бірінші жағдай – ол кедей әрі еш кінәсі жоқ Қодардың өлім жазасы. Осы жағдайдан кейінгі қу Құнанбайдың жағына Абай шықпады. Абай есейген сайын әкесіне және оның жақтастарына, кейінірек ізбасарлары: Тәкежанға, Оразбайға, Майбасарға және т.б. деген қарсылығы күшейе түсті.
Бүкіл романның желісінде Абай халықтың жақтаушысы болады. Халықтың басына жұттың ауыр күндері түскенде, Абай кедейлерді қорғады. Ол кедейлік жағдайды азайту үшін, әкесінен қорықпай, шөп пен малды кедейлерге үлестірді. Романда Дәркембай, Базаралы, Ербол сияқты кедей отбасынан шыққан Абайдың бала күнгі достары жайлы айтылады. Әділдікке қарсы күресте Абайдың өмірімен олардың тағдыры жиі қиысып отырады.
Ербол оның бүкіл өмірінде бірге болады – ол қарапайым адам, бала күнгі досы әрі жолдасы. Ерболдың арқасында Абай өзінің алғашқы махаббаты «басы байлаулы» Тоғжанмен жаза тартпай, кездесуге мүмкіндік болады. Тоғжанның арқасында Абай нағыз махаббаттың бал дәмін татады және кітаптың соңына дейін Абайдың ол жайлы естелігін кездестіреміз. Абайдың екінші үлкен махаббаты немесе біріншісінің жалғасы Тоғжанға ұқсаған Әйгерімге деген махаббаты. Абай оған үйленуге бекінеді, бірақ қыз басқаға тиесілі болып шығады. Абай оның әкесіне қалың малын толық төлеп, күйеу баланың барлық материалдық жағдайын жасап, Әйгерімнің некесін бұзады.
Абай халық жақтаушысы, ол күрескер ақын. Ол Абайдың кезінде өзінің күшін сақтап келе жатқан ескірген патриархалдық-рулық дәстүрлерге қарсы шықты. Жастар Абайды халық жақтаушысы ретінде қабылдайды. «Жаңа» жастар мен Абайдың балалары арасында – аса дарынды жасөспірімдер – Әбіш, Мағаш. Абай оларды жақсы көріп, олар арқылы өз халқының болашағын көрді.
Абай тұлғасы мен шығармашылығының қалыптасуына оның орыс революционерлерімен достығы және орыс мәдениетімен танысуы үлкен рөл атқарды. Әдебиет пен өнер – бұл Абай өмірінде ерекше орын алды. Ол онымен өмір сүріп, жаңа талантын тәрбиелейді. Оның халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігі шексіз. Қызықты көрініс А.С.Пушкиннің «Татьянаның хаттарын» Абайдың аударуына арналады. Татьянаның терең сезімін ашатын Пушкиннің тамаша жолдарын аударып қана қоймай, ол жаңа әуен, жаңа өлең тудырды. Абай осы өлең арқылы өзінің сезімін сүйікті қызына арнады. Сонымен «Татьянаның хаты» жаңа өмірге келді – қазақ халқының сүйікті өлеңіне айналды.
Абай өмірінің соңына дейін өзінің ағартушылық идеалын, халықты гүлдендіру ісіне сенімін және күрескерлік қайсарлығын сақтады. Абай жолы – бұл қоғамдық және жеке себептерден туындаған азапты жол болды. Ол халқының қорланғаны, тапталғаны, кемсітілгені, қоршаған патриархалдық-феодалдық өмірдің жиркенішті жауыздығы үшін күйзелді. Ол орны толмас қайғысына күйзелді: Петербургте оқып жүрген білімді, талантты ұлы Әбдірахман, ал Әбдірахманның соңынан дарынды ақын Мағаш қайтыс болды. Басқа тауқыметімен бірге екі ұлынан бірден айрылуы ол үшін шамадан тыс соққы болып тиді. Абай дауылмен таласып, қапылыста күйреген жалғыз тал туралы, ол әлемге сепкен тұқымның берекелі көктеуін көксеп, зарығып қайтыс болады.
«Ұлы адам қайтыс болғанда, ол қалдырған жарық адамзаттың жолына ұзақ жылдар бойы сәулесін түсіреді», - деп айқан екен Генри Лонгфелло. Иә шын мәнінде, Абай сол айтқандай ұлы адам, оның шығармашылығы қазіргі күнге дейін өмір сүруде және болашақта да өмір сүре береді.
Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы 20 ғасырдағы қазақ және әлем әдебиетіндегі ерекше көркем құбылыс. Суреткер өзінің роман-эпопеясында қазақ халқының рухын, ұлттық болмыс-бітімін жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абайдың мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралық таныммен сомдаған. ''Абай жолы'' эпопеясын суреткер шебер композицияға, сюжетке құра білді.
Романның сол сюжеттік желісі жазушыға қайталанбас сом характер жасауға мүмкіндік береді. Сондай кесек, ірі сомдалған тұлғалардың бірі – Құнанбай. Жазушы романда қажы бейнесін сан-алуан оқиға үстінде әр түрлі мінез-қылығымен көрсеткен, тұңғиық сыры терең, қалтарысы, бұрылысы, сұмдығы мен жауыздығы, қайраты мен қажыры, шешендік алғырлығы мен ақыл-айласы бойына тұтаса біткен жан бейнесінде өрнектелген. Оның сырт пішінінен ішін тану қиын. Қатпары көп ішкі жан дүниесінде бұғып жатқан сырлар сыртқа бірден теппейді, бергісін көрсетіп, әріде, тереңде, қалтарыста жатқанын ішінде бүгіп қалады.
Ол ескі өмірдің қаймағы шайқалмауын, заман тізгінін қолынан кетірмеді, әкімшілік-биліктен айрылмауды, елге Құнанбайлық әмірін жүргізуді көздейді және осы ниетінен қайтпайды. Өз қарауындағы елді құрығында ұстап, көнбегендерге Құнанбайлығын істейді, тізесін батырады. Мұның барлығын өз қолымен емес, басқалар арқылы істейді, өзі тасада қалады. Ол азуы кере қарыс Алшынбайды да ''Алшеке'' дей отырып, өз керегіне жаратады. Ол шариғатты да, ''құдайшылықты'' да дегені үшін құрбандыққа шалады. Құнанбай уысынан шығар пенде жоқ, өйткені онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын, малды, сөзге жүйрік. Мінез бен іске де алғыр. Осылардың бәрі өз ортасын бойымен басып жығып беруге себеп болды. Демек, романда Құнанбай қулығына құрық жетпес, ақылы мен түлкілігі, айласы мен амалы астасып жатқан терең шыңырау болып бейнеленген. Жазушы оның сол әрекетін нақтылы оқиғалар арқылы шығарманың бүкіл бейнелі құрылымында образдар жүйесінде көрсеткен.
Құнанбай айла-амалы, өзгенің қолымен от көсейтіні ру басшыларын да осы қылмысқа ортақ етуінен анық танылады. Ол ''күнәһар'' Қодар мен Қамқаға қандай жаза қолдану керек, оны да өзі жеке дара шешпеген, ру басшыларының сарабына салған болады. Бірақ бұл жерде Құнанбайлығын жасады. Өлтірткен ол емес, солардың өздері: ''Адам өлтіріп отырсың, не бетіңмен үн шығарасың?'' дейді Бөкей Қаратайға. Құнанбай шариғатты өз кәдесіне жаратады. Мұндай ''ел қорлаған сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек'' деп шариғат атымен үкімін шығарады.
Құнанбай тұлғасының жасалу шеберлігі бүкіл дүние-жүзілік әдебиет тарихында сирек ұшырасады. Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай – жағымсыз кейіпкер. Дұрысында да солай, кері кеткен кер заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өрімін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар – жаңаның жауы, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы… Автордың айтуында да Құнанбай тұлғасы идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына енді-енді еніп келе жатқан жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған. Әдетте осындай ұнамсыз типтер бізде (тек бізде ғана емес) бірыңғай қара бояумен атастырыла, ылғи жамандық жағы қазбаланып, кейде тіпті іске алғысыз дөкір, дөрекі күйде көрсетілетін. Әрине, мұндай жағдайда да автордың идеялық мақсаты болатыны даусыз. Бірақ сол идеяның көркемдік шешімі даулы, жасанды және жалаңаш. Ал, Құнанбай ондай емес. Мейлінше шыншыл суреткер бұл образды мінездеу мен мүсіндеуге, жинақтау мен даралауға өзінің бай палитрасындағы бір (қара) емес, бірнеше (ақ, көк, сары…) бояуды қоса, қатар жұмсап, түрлі-түсті табиғи кескінде, алдымен адам ретінде барлық күнгей-көлеңкесімен жан-жақты, толық, тұтас тұлғаландырған. Автор ұнамсыз кейіпкер бойындағы ұнамды қасиеттерді күзеп не тонап әкетпейді, өзіне береді, өзінде қалдырады. Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды: шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанмен көкірегі сара – көреген: ашуы мен қайратын қатар ұстайтын, қаталдығының арғы жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде; жыртқыштығы да сондай; бүргені құтылмайды, құтылса мынаның тырнағы сонымен бірге кетеді. Мұнысы да қайтпас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл. Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі. Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік, оқшау тұрған жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да әбден мойындап болған. Құнанбайдың көп қырлы қасиетін досы түгіл дұшпаны да жоққа шығара алмайды. Дәлел ретінде романның 1-кітабынан Абайға Байдалы айтып берген бір қызық жәйтті мысалға келтірелік. Байдалы Абайға: «Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек», – деп Қаратайды мақтай отырып былай дейді: «Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар – барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқаласыты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп, «Мырза – Құнанбай» – деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім? – деді. Тағы Қаратай жауап беріп, «Шешен – Құнанбай» – деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: «Жақсы – Құнанбай» – деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: « – Уай, Көкше, не оттап отырсың өзің?» – деп, Қаратайға қадала түсіп.- Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен? – деді. Соған Қаратай іле жауап беріп: «Әй, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүрген жоқ па?» – деді.[7] Құнанбайдың кім екенін бұдан дәл Һәм әділ айту қиын. Құнанбай – тек өзі билеп отырған қазақ сахарасын ғана емес, осылардың бәрін бақылайтын, патша әкімдерін де мысын құртып, уысына алып алған жұмулы жұдырық. Мәселен, піскен бас Майырдың өзгеге илікпейтін қырсықтығы Құнанбайға келгенде бұлтыңдап кетеді. «Майыр, сенің атаңның аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға келіп бауыр тапқаннан аманбысың? Бөжейді айдату керек, қағазын дұрыста деп ем, сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жан күйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?!» Осылайша өзі билік жүргізген атыраптағы қазақты бұқтырып, орысты ықтырып, бәрін өз алдында құрдай жорғалатқан Құнанбайдың философиясы да, дипломатиясы да бір басына жетерлік. Құнанбай осындай кесек кейіпкер, қия жартастай мықты тұлға болмаса, онымен күреске түскен Абайдың да ірілігі көрінбеген болар еді. Абай осындай алынбас қамалды алған алып боп шығуы да жазушының ұнамсыз тип жасау тәсіліндегі нұсқалы шеберліктің нәтижесі. Құнанбай жалғыз емес. Оның маңында әр рудың басы, әр ауылдың ақсақал-қарасақалдары – Бөжей, Байдалы, Сүйіндіктер бар. Өз іргесіндегі Майбасар, Ызғүтты, Тәкежан, Жиреншелер бар. Оразбай, Шұбар, Әзімбайлар бар. Дәуірлік белестен алып қарағанда осылар – бір лагердің адамдары. Абайдың қарсыластары, Абай бастаған жаңаның ата дұшпандары. Сонымен қатар осылар өзара да ыри-тыри: бақастар, бәсекелестер, бақталастар. Қарақан бастың қамына келгенде булар бірін-бірі аямайды, біріге бере талап тастап, бөліне бере түтіп жеп жүргендері… Бұл – адам адамға дос емес, қасқыр болған Құнанбай заманының заңы. Майталман суреткер Құнанбай маңындағы бар адам және әр адам арқылы солар өмір сүрген заман кескінін де зергерлікпен бейнелеп көрсеткен. Байлар мен билер тепкісіндегі қазақ қоғамының «алтыбақан алауыздығын» патша отаршыларының қалай пайдаланғанын да ұтымды аңғартады. Бірінің тізгініне бірі жармасып, бірінің шалғайынан бірі тартып, бірінің аяғынан бірі шалып орға жығып, көрге тығып жатқан Құнанбайлар, әрине, өз заманымен бірге тарих сахнасынан кетеді. Бірақ ең қауіпті жері – «құнанбайшылдық» қалып қояды. Бұдан арылу үшін адамдарды ұзақ уақыт шомылдыру, тазалау, қағып-сілку, тіпті кейбір кеселді денеден сыдырып алып тастау керек, Құнанбай тұлғасын жасау арқылы автордың оқырманға берер сабағы осындай.