Ертегі кейіпкерлерімен таныстыру: Тышқан, сиыр, барыс, жылқы, жылан, қой, тауық, доңыз, мешін, қоян, ұлу, ит.
Ертегіні оқу.
Сергіту сәті.
Күнге қарап қол созамыз 1, 2, 3
Қызғалақтай ырғаламыз 1, 2, 3
Дөңгеленіп би билейміз 1, 2, 3
Үлкен болып біз өсеміз 1, 2, 3
Дәптермен жұмыс:
1.Суретпен таныстыру
2.Сөздікпен жұмыс
Жусан, жабағы, бақташы, өркеш
3.Өлеңді оқу
Жыл аттарын болсақ талдап,
Енді пікір алысайық.
Әрқайсысын жорамалдап,
Жеке- жеке танысайық.
Е.Өтетілеуұлы
Ойын...Төлдерін ата
Берілген суреттерді пайдаланып үй жануарларымен төлдерін табу.
Сахналық көрініс
Қорытынды:
Біз не үйрендік?
Қандай ертегімен таныстық?
Ертегі сендерге ұнады ма?
Оқушыларды мадақтау.
Қуанышты хабарлама таратылды
Қортынды Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сондықтан сабақта ойын арқылы білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтеді. Баланың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді. Мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.Белгілі психолгтардың айтуы бойынша, бала қызығушылығын арттырады. Белгілі психолгтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады дейді.Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасты, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында өздерінің еркін сезінеді, ойын түрін әр баланың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастыруды қажет етеді. Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігне маңызды әсер етеді. Құрбы-құрдастарды мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады.Ойын арқылы өткен сабақ балалардың қызығушылығын арттырады. Ойын-балардың қоршаған өмірді, адамдардың қимылын, іс-әрекет ерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп бейнелейді,өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Қазақ халқында "Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар.Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығығады, көңіл өсіп, ойы сергітеді. Ойындардың түрлері өте көп, ойындардың барлығында балаларға қамқоршы болу, ұйымшылдыққа, мейірімді, инабатты болуға қалыптастырады. Ойын балалар үшін – нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды дұрыс мазмұнды, ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Ойынның осы құрылымдық элеменнтерінің бәрі азды-көпті типтік болып табылады, бірақ олардың түрлері, маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады.[3-41б.] Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылырды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталанғанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады. Қорыта келгенде бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту лардың сабаққа құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын төменгі әдістемелік талаптарды біліп отыруы орындалып отыруы тиіс.
1.Ойынның мақсты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек. 2.Ойынға кірістер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
3.Ойынға сыныптағы балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдайбілуіне жетелеуі керек.
4.Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалау керек.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
А..Әбішева. Бастауыш мектеп. №3.2013. 17-18 б
А.Әбселімова. «Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы» №4.2011 ж
Б.Дойбаева. «Балалардың ойындарын ұйымдастыру». Тәрбие құралы. №5.2011 ж
С.Жарабаева. Бастауыш мектеп. №5.2014. 17-18 б
«Интерактивті ойын әрекеті арқылы оқушылардың ой белсенділігін арттыру» Г.Жұмағалиева №7. 2015 ж
Р.Казенова. «Ойын арқылы оқыту» Бастауыш мектеп. №5.2014 11-12 бет.
А.Мақұлова. «Ойын – танымдық іс-әрекетті қалыптастыру туралы». Бастауыш мектеп. №9. 2014 ж
Г.Толыбаева. «Саусақ ойындары арқылы баланың тілін дамыту» Мектеп алды даярлық журналы. №4.2014 ж. 6-7 бет
Т.Тоқымбекова. «Ойыншықтардың тәрбиелік құралы» Тәрбие құралы. №4. 2014 ж
Достарыңызбен бөлісу: |