Жоғарғы жетегі бар дискілі қызылша кескіш (10.23-сурет) келесідей негізгі тораптардан тұрады: жақтау 1, қақпақ 2, корпус 21, күпшегі 14 және пышақты жақтаулары 12 мен пышақтары бар диск 10, фиксатор 20, қызылшаға арналған бункер 22, жетек және қызылша кескішке ауыр қоспалар түсіп кеткенде пышақтарды бүлінуден сақтауға арналған құрал 17.
10.23-сурет. Дискілі қызылша кескіш
Қызылша кескіштің корпусы 21 тіректердің 19 көмегімен металл қаңқаға орнатылған. Ол екі бағытталған науасы бар құйып жасалған шойын бұйым түрінде болады. Науалар концентрлі орналасқан екі қабырғадан және бірі – вертикальды, екіншісі – көлбеу болып келетін екі торцты қабырғадан құралған; осы қабырғалар айнымалы қима кеңістікті (қысқыш) қалыптастырады, ол жерге турау кезінде қызылша келіп түседі. Қысқыштың горизонтальды алаңында ауыр қоспалар түсіп кеткенде пышақтарды бүлінуден сақтауға арналған құрал 17, пышақты жақтауларды ауыстыруға арналған люк 18, терезе 15 және қыр 16 орнатылады.
Қызылша кескіштің корпусына қызылшаға арналған бункер 22 бекітіледі. Корпусың ішкі үдеуінде бұрыштық редуктор 11 орнатылған. Редуктор білігінің 13 ұшында диск 10 бекітілген, оның саңылауына пышақтары бар пышақты жақтаулар 12 отырғызылған.
Қызылша кескіштің дискісі айналмалы қозғалысқа реттеліп отыратын немесе тұрақты айналу жиілігіндегі жетектен келтіріледі. Дискінің реттеліп отыратын айналу жиілігі бар жетегі электр қозғалтқышын 7, гидромуфтаны 6, гидромуфтаға келіп түсетін майдың мөлшерін қолмен немесе қашықтықтан реттеуге арналған құрылғыны 5, электромагнитті муфтаны 4 және пышақ жақтауларын алмастыру кезінде дискіні айналдыруға арналған құрылғыны 3 қамтиды.
Дискінің тұрақты айналу жиілігі бар жетегі де реттелетін жиілікті жетегіндегі секілді тораптардан тұрады, тек оның гидромуфтасы болмайды.
Пышақ жақтауларын ауыстыру кезінде дискіні айналдыратын құрылғы 8 қуаттылығы 1,5 кВт болатын электр қозғалтқыштан және бұрамдықты редуктордан тұрады, редуктордың бұрамдықты дөңгелегі мойынтіректердің және муфтаның көмегімен бұрыштық редуктордың шығу білігіне орнатылған. Қуып жеткіш муфта қызылша кескіштің жетегін сөндірген кезде дискіні аз жиілікпен айналдыруға мүмкіндік береді. Қызылша кескіштің жетегі жұмыс жасап тұрғанда қуып жеткіш муфта дискіні периодты түрде айналдыруға арналған құрылғыны сөндіреді.
Қызылша кескіштің жұмыс істеу принципі келесіден тұрады. Қызылша автоматты таразыдан бункерге 22, одан кейін қысқышқа 9 түседі. Жүктеуші бункер мен қысқыштар қызылшаны дискіге 10 белгілі бір қысымда тұрақты беріп тұруға арналған, ол қысым біркелкі қалыңдықтағы жоңқаның алынуына жағдай жасауы керек. Қызылша кескіштің корпусы қызылшаға жақсылап толтырылуы үшін екі қысқыш каналдан артық канал жасалмайды. Жақсы жоңқа алу үшін бункердегі қызылша қабатының биіктігі 1,5 ...... 2,0 м құрауы тиіс. Қызылша қабатының 0,8 м-де қызылша дискіге толық қысылмайды және онымен бірге айналады. Қызылшаның дискімен бірге айналуын ескерту үшін каналдың ең төменгі жерінде контрножкалар 20 орнатылады. Ол пышақтардың жоғарғы жиегінен 4 мм-ден аспайтын қашықтықта болуы тиіс. Контрножкалар қызылша кескішке түскен бөгде қоспаларды ұстап қалатындықтан, олардың жоғарғы жағына люк орнатылады, люк оларға қол жетімді болуы үшін қажет. Дискіге келіп түскен қызылша жақтауларға 12 орнатылған пышақтармен қызылша жоңқасына кесіледі. Қызылшаны кесудің орташа жылдамдығы шамамен 8м/с құрайды. Қызылша кескіштің жетегінде гидромуфтаның болуы осы жылдамдықты 1:3 қатынасы шегінде өзгертуге мүмкіндік береді. Алайда кесу жылдамдығын реттеудің өзіндік шектері бар. Кесудің төменгі жылдамдығында қызылша жоңқасындағы мезганың мөлшері азаяды, есесіне оның қалыңдығы артады.
Қызылша кескіш әдетте пышақтарға арналған үрлемелі құрылғымен жабдықталады, ол пышақтарды ауыстыруға арналған люктің артына үрлеу бағыты қызылшаны кесу бағытымен сәйкес келетіндей етіп орнатылады. Бұл құрылғы барлық ұзындығы бойында перфорирленген газ құбыры түрінде болады. Үрлеу үшін 0,7 МПа қысымдағы ауа немесе бу қолданылады.
10.4-кесте. Қызылша кескіштердің техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
Орталықтан сыртқа тепкіш СЦБ-16М
|
Жоғарғы жетегі бар дискілі
|
Өнімділігі, т/тәу.
|
|
до 2000
|
науалы жоңқада
|
2100
|
–
|
қатпарлы жоңқада
|
1500
|
–
|
Пышақты жақтаулардың саны
|
16
|
26
|
Кесу жылдамдығы, м/с
|
6,0…9,5
|
8,0
|
Ротордың немесе дискінің айналу жиілігі, с-1
|
7,1…11,4
|
0,7…1,1
|
Корпустың диаметрі, мм
|
1600
|
2200
|
Электр қозғалтқыштың қуаттылығы, кВт
|
100
|
35
|
Габаритті көлемдері, мм
|
565024403000
|
386328101985
|
Салмағы, кг
|
11400
|
–
|
Достарыңызбен бөлісу: |