Қазіргі уақытта Орталық Азия мемлекеттері өздерінің геосаяси (Қытай, Пәкістан, Үндістан, Иран, Ауғанстанмен көрші жатқандығынан) және экономикалық маңыздылығымен, табиғи және адам байлығымен



бет2/4
Дата20.05.2024
өлшемі22,96 Kb.
#202546
1   2   3   4
Байланысты:
Демография
Сыйлыгул-Диссертация, 141-150 экология, instr regkz (1), Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды
Этнодемографиялық басымдық
Бұл өсім, біріншіден, жергілікті халықтың өсімі арқасында, екіншіден, басқа ұлттардың этностық отандарына қоныс аударуына, үшіншіден, шетелде өмір сүріп жатқан қазақтардың атамекеніне оралуына байланысты болып, елдегі этнодемографиялық ахуал жақсарды.
Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жыл­дың 18 қарашасында «Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген байыр­ғы ұлттың адамдарын басқа республикалардан және шетелдерден Қазақ КСР-іне қоныс аударудың тәртібі мен шарттары туралы» қаулы қабылданып, нәтижесінде, сырттағы қандастарымыз атажұртына оралды. 1991 жылдан 1995 жылға дейінгі аралықта республикаға 137 919 қазақ көшіп келді. Өз тарихи отанына оралушылар үшін Үкімет тарапынан 1993 жылы 10 мың отбасына, 1994 жылы 7 мың отбасына, 1995 жылы 5 мың отбасына, 1996 жылы 4 мың отбасына, 1997 және 1998 жылдары 3 мың отбасына, 1999 жылы 500 отбасына, 2000 жылы 600 отбасына квота бөлді. Ресми дерекке жүгінсек, Тәуелсіздіктің 30 жылында шеттен 1 079 192 қандасымыз оралған екен. Бұл еліміздегі қазақтардың 12% құрап отыр.
Мұның сыртында елімізде жүргізіл­ген демографиялық саясаттың оң ық­палы­ның арқасында, әсіресе, халық­тың ден­саулығын жақсарту және ана мен бала­ға көрсетілуі тиіс қамқорлық пен әлеу­меттік жәрдемақының өсуі этно­демо­графияның шешуші рөлге ие болуына үлкен әсер етті. Нәтижесінде, 1999-2009 жылдары бала туудың жалпы коэффиценті 63,3%-ға өсті. Өлім- жітім 2,7%-ға төмендеп, табиғи өсім 10 жыл ішінде үш есе артты. Осындай қарқынды өсудің арқасында көбею көрсеткіштері 1990 жылғы деңгейге жетіп, елдегі демографиялық дағдарыс тез еңсерілді. Табиғи өсім Қазақстанның демо­графиялық дамуының басты құрам­дас бөлігіне айналды. Мысалы, 2008-2009 жылдары халық санының 98%-ға өсуі тек табиғи өсім есебінен болды.
Одан кейін 2012-2019 жылдары эмиграция 1990-2003 жылдарға қарағанда 7,0 есе, иммигранттар саны 4,7 есе қыс­қарды. Сонымен бірге табиғи өсімнің орта­ша жылдық көрсеткіштері 2012-2019 жыл­дары 1990-2003 жылдарға қарағанда 2,9 есе, 2004-2011 жылдарға қарағанда 1,9 есе көп болды. Республикада денсау­лық сақтау жүйесі жақсарып, 2009-2019 жыл­дары Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 4,58 жылға ұзарды. 2000-2019 жылдары табиғи өсім коэффициенті 3,0 есе көбейді.
Бұл ретте қалаларда өсу қарқыны ауылдық жерлерге қарағанда 3,5 есе жо­ғары көрсеткішке ие болды. Ең үл­кен өсім ХХІ ғасырдың бірінші он­жыл­дығында байқалды. «Бұл бірінші демо­графиялық толқынның ұрпағы бала туу жасына енгендігімен түсіндіріледі және ең жоғарғы репродуктивті белсен­ділігі әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру кезеңімен сәйкес келді» дейді мамандар.
Сөйтіп 2010-2019 жылдары халықтың демографиялық көрсеткіші тұрақталып, Қазақстан халқының өсу қарқыны 14,9%-ды құрады. Осы орайда, Ұлттық статис­тика бюросы таратқан мәліметке сенсек, өткен жылы ел халқының жан саны 241,7 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Біле білсек, бұл – Тәуелсіздік кезе­ңіндегі ең айтулы нәтиже. Сонымен қатар 2020 жылы Қазақстанда 425,6 мың сәби дүниеге келіп, 34 жыл (1987 жылы 417 мың сәби дүниеге келген) мызғымай тұрған рекорд жаңарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет