Қазіргі web технологиялар


HTTP хаттамасы және серверге мәліметтерді жіберу тәсілдері



бет7/9
Дата14.10.2023
өлшемі32,51 Kb.
#185463
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сөж 1

HTTP хаттамасы және серверге мәліметтерді жіберу тәсілдері
Internet көпдеңгейлілік қағидасына сәйкес құрылған, екілік ақпаратты жіберудің физикалық мәселелерімен байланысқан физикалық деңгейден қолданушы мен желі арасындағы интерфейсті қамтамасыз ететін қолданбалы деңгейге дейін қамтиды.
HTTP (HyperText Transfer Protocol, гипермәтінді жіберу хаттамасы) – бұл интернетте гипермәтіндік ақпаратпен алмасу мақсатында құрылған қолданбалы деңгейдің хаттамасы.
HTTP серверге жіберілетін сұраныстың мақсаттарын нұсқауға арналған әдістердің жиынтығы болып табылады. Бұл әдістер сілтемелер тәртібіне негізделген, оған сәйкес, бұл әдіс қолданылуы тиіс болатын ресурсты нұсқау үшін ресурстардың әмбебап идентификаторы (Universal Resource Identifier) ресурстың орналасқан жері (Universal Resource Locator, URL) немесе оның әмбебап атауы (Universal Resource Name, URN) түрінде қолданылады.
HTTP хаттамасын қолданған жағдайда желі бойынша хабарламалар Интернет пошталық хабарламасы форматына (RFC-822) немесе MIME (Multiperposal Internet Mail Exchange) хабарламалары форматына ұқсас форматта жіберіледі.
HTTP хаттамасы SMTP (электрондық пошта хаттамасы), NNTP (жаңалықтарды жіберу хаттамасы), FTP (файлдарды жіберу хаттамасы), Gopher және WAIS тәрізді Интернет хаттамаларына қол жетімділікті қамтамасыз ететін әртүрлі көмей программалар мен қолданушы программалар арасында байланыс орнату үшін қолданылады. HTTP хаттамасы осындай көмейлердің аралық сервер программалар (proxy) арқылы мәліметтерді жоғалтпай тасымалдауына мүмкіндік беру үшін құрылған.
Хаттама сұраныс/жауап принципін жүзеге асырады. Сұраныс жіберетін клиент программа жауап беретін сервер программамен өзара әрекеттесуге бастама береді және сұранысты жібереді. Сұраныстың құрамында төмендегі ақпарат болады:
– ену тәсілі;
– URL адресі;
– хаттама нұсқасы;
– жіберілетін мәліметтер типі туралы ақпарат, сұранысты жіберген клиент туралы ақпарат және мүмкін хабарламаның мазмұндық бөлігі (тұлғасы) бар хабарлама.
Сервер жауабының құрамы:
– хаттама нұсқасы мен кері қайту коды (сәттілік немесе қате) кіретін қалыпкүй қатары;
– сервердің ақпараты, метаақпарат (хабарламаның мазмұны туралы ақпарат) және хабарлама тұлғасы қамтылған хабарлама.
Хаттамада клиент пен сервер арасындағы байланысты қайсысы ашуы және жабуы қажет екендігі көрсетілмейді. Әдетте, байланысты клиент ашады, ал сервер жауапты жөнелтуден кейін оның ажырауын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет