Әркімнің жеке ақпараттық кеңістігіне бөтен біреулердің сырттан қол сұғу қаупі мынадай болуы мүмкін:
Электрондық хаттарды қолға түсіру;
Электромагниттік толқындарды ұстап алу;
Тыңшы құралдарды қолдану;
Қашықтан суретке түсіріп алу;
Дыбыс толқындарын ұстап алып, принтердің басқан мәтінін қайта тіктеп алу;
Ақпарат тасымалдағыштар мен өндіріс қалдықтарын ұрлау;
Пайдаланушылардың деректерін ұрлау;
Компьютер жадынан ақпарат ұрлау;
Ақпарат тасымалдағыштардың қорғанысын бұзып, көшірмесін алу;
Тіркеуден өткен пайдаланушы роліне жасырыну;
Компьютердегі жүйенің қызметін ұрланып пайдалану;
Бағдарламалық қақпандарды пайдалану;
Компьютер операциялық жүйесінің кемшіліктерін пайдалану;
Компьютерге «троян аты» атты тыңшы, ұрлағыш зиянкес бағдарламаларды жасырын орналастыру.
Ақпараттық қауіпсіздік
Қауіпсіздіктің түрлі механизмдері бар:
шифрлау;
цифрлық (электрондық) қол қою;
Кіруді бақылау;
Деректердің біртұтастығын сақтау;
Бірегейлікті қамтамасыз ету;
Трафикті қадағалау;
Маршрутизацияны басқару;
арбитраж (куәландыру).
Деректерді қорғаудың барлық құралдары мына топтарға жатқызылады:
Компьютердің аппараттық бөлігін қорғау;
Байланыс желісін қорғау;
Деректер қорын қорғау;
Компьютерді басқару жүйесін қорғау.
Ақпараттық мәдениеттің сипаттамалары
Коммуникативтік дағдылар
Тиімді бақылау, салыстыру, талдау, сараптау қабілеті
Ақпаратты әр түрде және пішімде ұсыну дағдылары
Қоршаған ортадағы құбылыстардың ақпараттық модельдерін жасай білу
Ақпараттану әдістерін игеру, мысалы формалдандыру және модельдеу
Қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен жүйелер, басқару және танымдық процестер, ақпараттық қоғамдағы адамның түрлі қызметтері туралы білу