Қазақстандағы мектептер 11 жылдық болып келеді, алайда 12 жылдық білім беру жүйесіне кейбір мектеп –лицейлер байқау үшін көрішілген. Бастауыш, орта және жоғары мектептер бар. Мектептен кейін университеттерге түсуге мүмкіндіктер бар. Жаңартылған бағдарламалар енгізілуде. Жоғарғы оқу орындарынан кейін магистратура, докторонтураларда білім беріледі. Орта мектепті бітіргенде кәсіптік оқытуға арналған колледждерге түсуге мүмкіндік бар.
|
Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесі қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Жапонияны алатын болсақ, оларға қарағанда біздің елдің білім сапасы айтарлықтай төмен. Себебі, Жапонияда жеке тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесіне көбірек уақыт бөлінеді. Және де біздің білім жүйемізден гөрі олар едәуір аз пән оқиды, жеке тұлғаның эмоционалдық бет-бейнесін қалыптастыратын пәндер 70%-ды құрайды. Америкада 1 сыныпқа келген әр бала өз еліне адалдықпен қызмет етуге тудың алдында ант етеді. Финляндия мектептерінде оқушының психологиясына қатты көңіл бөледі. Және де Американың білім жүйесінде оқушыларға бастауыш сыныпты бітіргеннен кейін болашақтағы мамандығына байланысты сабақтар оқытылатын болады. Көрші мемлекет Қырғыстан мен Өзбекстанда 12 жылдық білім беру жүйесі бар.
|