негізгі
әрекет-
ойын.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары,
сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор.
Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген
727
727
қызығушылығын
арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен,
қабылдау
есте
сақтау
мүмкіндіктері
жақсы
дамыған.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға
болады.
Сюжетті-рөлді ойында бала ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады,
оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал
еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың
қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы: «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта»
және т.б ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын
логикасын жасайды. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша
төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға
талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Сонымен қатар, бұл ойындар балалрды
кішіпейілдікке, басқармашылдыққа тәрбиелейді. Балалардың сөздік қорын молайтып, тіл
байлығын
дамытады.
Дидактикалық ойындарды оқыту процесінде кеңінен пайдалана отырып балалардың тілін
дамытудың тиімділігін арттыруға болады. Әрбір ойынның өзіндік ережесімен ойнау тәртібін
біліп, рөлдік сипатын сақтап, дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Ол балалардың білімге деген
ынта-ықыласын оятып. Танымалдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Дидактикалық
ойындардың
мазмұны
мыналарды
қамтуы
тиіс.
Олар:-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты тартымды болуы міндетті;
-дидактикалық ойындарға тапсырмалардыңбіртіндеп күрделенуі және олар ақыл-ой іс-
әрекетінің
тәсілдерін
меңгеруге
ықпал
ету
қажет;
-ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың
тәрбиелік
ықпалын
күшейтуге
ықпал
етуі
керек;
-дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне, бағдарламадағы материалдарға
оның ішіндегі нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек.
Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым
болып,
олардың
жасалу
мен
дайындалуы
тез
әрі
жеңіл
болуы
шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте
сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімін бекітуге ықпал жасайды. Дидактикалық
ойындарға «Қуыршақты киіндір», «Не жоқ?», «Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы сандық»,
«Ғажайып қаржын», «Тез ойлан», «Көршілер», «Орынды тап», «Қай вагонға мінемін?» т.б
ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып,
белсенділігін
арттырады.
Ойын жаттығулар жүргізілсе де, сабақта көп уақыт алмайды. Олар баланың белгілі бір
қабілетін жетілдіруге бағытталған. «Кім не істеді?» « не қалай дыбыстайды?», «Қай
дыбыстан басталады?» осындай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор.
Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді.
Балалардың
тілін
дамытуды
қимыл-қозғалыс
ойынының
орны
ерекше.
Қимыл-қозғалыс ойын белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық
психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген
көзқарасын қалыптастыруына әсерін тигізеді. Қимылды ойында балалар санамақтар,
өлеңдер, тақпақтар қолданады «Ұшты ұшты», «Ормандағы аю», «Мысық пен торғайлар».
Ұлттық ойындар: «Ақ сандық, көк сандық», «Екі аяз», «Асық ойыны», «Арқан тарту»,
«Аңдардың
айтысы»,
«Орамал
тастамақ».
Мысалы: «Ақ сандық, көк сандық» атты ойында балалар мынандай өлең сөздерін жаттайды:
«Ертең
ауылым
көшеді,
Уық
бауын
шешеді,
Қара
қойым
қашады
Құмалағын
шашады...
Ақ
сандық,
көк
сандық
728
728
Арқан
тарт,
кілем
арт!»
-осындай қимылды ойындар балаларды шапшаңдыққа ептілікке тәрбиелейді және ой-өрісін,
тілдерін
дамытады.
Құрылыс ойындары арқылы да балалардың тілдерін дамытуға болады. Бұл ойында әдемі
ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын
жоспарлайды, қадағалайды, құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы
орналастырылып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі(биік, аласа) бойынша салыстырылады.
Ойын барасында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді.
Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылысының сапасына баға береді.
Балалардың тілін дамытуда кейіптендіру ойындарының маңызы зор. Балаларға таныс
ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Мысалы: «Қуыршақтар театры», ертегілерді рөлге бөліп
ойнау. Жан дүниесіне жарқын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Мұндай ойындарда
ауыз әдебиеті улгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш,
белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің
тұлғасының
қалыптасуына
маңызды
рөл
атқарады.
Алты жасар балалардың қолының бұлшық еттерімен саусактарының әлсіздігі (қарым-
қатынас үйлесімділігі, оралымдығы мен қимылының шапшаңдығы) жоғары деңгейде
дамыған. Әр бес саусақ адамның негізгі бес ішкі органның қызыметіне қатысты барлығын
ересек (басбармақ-бастың, шынашақ-жүректің, сұқ саусақ-асқазанның, ортан қол-бауырдың,
аты жоқ саусақ-ішектің) саусақтар қызметі арқылы баланың шаршағанын бәсеңдетіп, негізгі
органдар
жұмысын
жақсартуға
болады.
Мысалы
«Қуырмаш»
ойыны:
Қуыр,қуыр,қуырмаш
Бас
бармақ
балалы
уйрек,
Тауықтарға
тары
шаш
Ортан
терек,шылдыр
шүмек
Кішкен
бөбек.
Сен,
тұр-қойыңа
бар!
Мына
жерде
құрт
бар,
Сен,
тұр-қозыңа
бар!
Мына
жерде
май
бар...
Сен,
тұр-жылқыңа
бар!
Мына
жерде
қытық
бар..,
Сен,
тұр-түйеңе
бар!
Қытық,қытық...
...Ал
сен
алаңдамай
Қазан
түбін
жалап
Үйде
жат!
-деп ойын арқылы балалардың денсаулықтарын көніл бөліп, тілдерін дамытуға және көңілін
көтеруге
болады.
Ойын баланың жан серігі, қай бала болмасын ойнап өседі, ойын, сырттай қарағанда,
қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты
басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой
жүгіртіп карар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді – мағыналы істер туындап өрбитінін
байқаймыз, өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі.
Аталған ойындары қолдану барысында менің байқағаным, ойын-кезінде бала мінезі
ашылып, оз білгенімен бөлісіп, «Мен» деп өзін жеке тұлға ретінде көрсетіп, оның бойында
достарына, тобына, командасына деген ерекше сезім пайда болады. Бүлдіршіндер өз ойын
еркін жеткізе алады, сабаққа белсенділікпен, қызығушылықпен қатысады. Әр сабақта
балалар өз пікірлерін айтып, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алады. Баланы ана
тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы, олардың бойындағы тілдік мәдениетін
қалыптастыруды осылайша жүзеге асыруға болады.
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады, эмоциялық
әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды. Мұның бәрі
баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір
өмірдің өздігіндей қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді
айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу, сондай - ақ әр баланы сөйлете
отырып өз ортамен қарым - қатынасқа түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда
күтілетін
нәтижелер:
729
729
1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін
қоршаған
ортаны
танып,
мейрімділік
сезімге
тәрбиелейді.
2.
Еркін
мінез
–
қасиеттерін
бекітеді,
адамгершілік
сапаны
жетілдіреді.
3.
Ұжымдық
сезім
әрекеттері
өсе
түседі.
4.
Эстетикалық
тәрбие
беру
құралына
айналады.
5.
Еңбек
тәрбиесін
беру
мақсаттарын
шешуге
мүмкіндік
береді.
6.
Дене
күшінің
жетілуіне
көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп
қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы
тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын
қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан
ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық
жақтан
денсаулықты
нығайтуға
негізделген.
Қорыта
келе
айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның
рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды
тәжірибені
меңгереді,
өзінің
психологиялық
ерекшеліктерін
қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін
жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа
адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз
болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай
отырып ойлай білсін.
1. Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау.
2.М.Жұмабаев
Педагогика
–
Алматы:
Рауан
1993
ж.
–
112
б.
2. Керімбаев Р., Керімбаева Б. Дидақтикалық ойындар «Қазақстан мектебі» №1,2006ж
3.Темірбеков
А., Балаубаев С. – Психология Алматы 1996 ж – 230 .б
4.
Федоренко
–
Мектепке
дейінгі
балалардың
тілін
дамыту
5. Ядэшко – Мектепке дейінгі педагогика
Достарыңызбен бөлісу: |