999
999
балаларды табиғатты жақсылап танып біліп, ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуда қазіргі
замандық ақпараттық технологияның маңызы өте зор.
Балаларға білім беру және тәрбиелеу қызметінде
жаңашыл технологияларды
пайдалануымыздың өзіндік мақсаты бар.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда инновациалық технологияларды пайдалануға
жағдай жасау, кәсіби қызметкерлердің білімін, біліктілігін дағдыларын қолдану.
Міндеттері: педагогтардың кәсіби мәдениеттерін арттыру үшін инновациялық
технологияларды енгізу.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы қазіргі замандық технология мыналарды қамтиды:
1. Білім беру процессінде денсаулық сақтау технологиясы;
2. Пәндік-дамытушы ортаны жасау;
3. Жобалау-зерттеу қызметтері;
4. Ойын технологиялар;
5.Инновациялық технологияларды пайдалана отырып тәрбиешілердің жұмыс
тәжірибесін қорыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды инновациялық технологияны
пайдалана отырып
тәрбиелеу формасы мыналар:
1. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалана отырып тікелей білім қызметі:
компьютерлік техника, ұялы телефонды пайдаланып, интерактивтік тақта арқылы,слайдтар
презентациялар тамашалату ("Қысқы орманға саяхат", "Зообаққа саяхат", "Алтын күз"
"Біздің еліміздің жануарлары" т.б.
2. Саяхаттар: мезгілдік саяхаттар "Күз бояулары", "Аязды шілтелер", "Көңілді тамшы"
3. Өзіндік қызмет:"Атам-әжем ауылында", "Менің сүйікті балабақшам", "Ертегілер
әлемінде"
4. Үйірмелер мен байқаулар: "Табиғат қорғаушылары", "Ақылдылар" үйірмелер,
"Табиғатты жырлаймын" тақрыбында өлеңдер жатқа айту байқауы, "Күзгі шеберхана",
"Жазғы демалыста" (ата-анасымен бірлесе жасап келген қолөнері туралы әңгімелеп беру)
Мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас
жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге
шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыта келе, оны қорғай, аялай білуге де
тәрбиелейміз.Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие
берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық
ақпараттар және арнайы
материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу
тәсілдерін қолдана білуі керек.Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың
тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның,
табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны
бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінің
саналуан
сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты
тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық
мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын
құру;
2.балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға
көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
1000
1000
3. жан- жануарларды күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар
ұйымдастыру;
4. сабақта көркем құралдарды,әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды,
ойыншықтарды,түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру қажет.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су,
жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ
балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы
рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде де үлкен
рөл атқарады, яғни, балаларды
мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар
үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі.
Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор.
Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қорыта келгенде, жоғарыда айтып өткенімдей біз балаларды табиғатпен жақынырақ
жан-жақты таныстыру арқылы, түрлі ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және өзіндік
қызметтерінде ойлауы мен сөйлеуін дамыту үшін жаңашыл технологияларды пайдалана
отырып іске асырсақ балаларға берген біліміміз сапалы да саналы болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
"Зерек бала" бағдарламасы. Астана 2010ж.
2. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту типтік оқу бағдарламасы. ҚР Білім
және ғылым Министрі. 12.08.2016ж. №499
3.Саморукова П.Г. Как познокомить дошкольников с природой.- М. Просвещение, 1983.
-318с.
4. Федосева Т.Г. Организация деятельности уголка. - Волгоград: Корицей, 2009. -298с.
5.
Жұмабаев
М.
Педагогика
/
М.
Жұмабаев–
А.:
Рауан,1993
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997
7. Л.А. Каменова, Н.Н. Кондратьева, Л.М. Маневцева, Е.Ф.
Терентьева Методика
ознакомления детей с природой в детском саду.
8. Ж.Р.Саятова, А.Т. Қазыбаева, Ж.Қ.Рахымбаева "Құрастыру" Әдістемелік құрал.
Арман-ПВ баспасы.
ТӘРБИЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӨНЕРІ
Кабылбекова Б.Ш.
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен
тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің
болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің
де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім
Достарыңызбен бөлісу: