98
98
-әрқилы жиынтық, карточкалар – тәжірибе жасау сызбасы, тәжірбие жасаушының
күнделігі;
-тағыда басқа жабдықтар
: әуе шарлары, ұн, тұз, қант, түрлі түсті және мөлдір
шынылар.
Зерттеу мен тәжірбиенің мазмұны осы бағытта қалыптасқан:
-материалдар;
-табиғат құбылыстары;
-судың күйі;
-құм мен саздың құрамы;
-өсімдіктер әлемі;
-табиғат әлемі;
Іздену мен тәжірбиенің мазмұны бойынша ретімен өткізіледі:
Тренинг назар аудару, есте сақтау, логикалық ойлау (оқу қызметінің алдында
ұйымдастыру). Іс – тәжірбиеде өзін – өзі дұрыс ұстау ережесін қолдану. Құрал – жабдық
таңдау, өз бетімен тәжірбие бұрышына қою (шапшаңдылығы және өз бетінше жұмыс жасау).
Балаларды екі топқа бөлу. Тәжірбиеден алған нәтижені қортындылау.
Тәжірбиі ұйымдастыру кезінде балалардың оқыс жағдайға тап болмау үшін тәрбиеші
мұқият әр баланы қадағалауы керек.
Іздену – танымдық жұмыс әрекеті үш бағытта өткізіледі, әрқайсысы көптеген
тақырыпты ұсынады:
Тірі табиғат. (Өсімдікке ауаның қажет екенін түсінуге тырысамыз, өсімдіктің дем алу
кезеңі қалай болтыны: жапырақтың бір бөлігін вазелин жағамыз, қараймыз және
қортындылаймыз, вазелин жағылған бөлігі солып, қурайды. Өсімдіктерді суарып, күтіп
бақылаймыз, суару арқылы өсімдіктердің сусыз өмір сүре алмайтыны жөнінде қортындыға
келеміз).
Өлі табиғат. ( Ауа, су, дыбыс, жарық). Тәжірбие арқылы судың күйін анықтайсыз:
түссіз, пішіні жоқ, иісі жоқ, дәмі жоқ. Полиэтиленді пакет арқылы кеңістікте ауаның бар
екенін анықтауға тырысамыз. Мұзбен қармен әртүрлі және қызықты тәжірбие жасауға
болады: суды үш бөтелкеге құйып, қардан әртүрлі тереңдікті қазып салып қоямыз.
Анықтаймыз қай тереңдікте су тез қататынын. Сонымен қатар балаларға құммен тәжірбие
жасаған ұнайды.
Адам. Балалардың сезім мүшелері және олардың түсініктері туралы анықтаймыз (құлақ
– есту, әртүрлі дыбыстарды айыру, мұрын – иіс сезу, саусақ – сипап сезу, тіл – дәмін сезу).
Балалардың қызығушылығын арттыру үшін ойын сюжетін қолдану, ертегі
кейіпкерлерін қолдану.
Тәжірбие кезеңінде осыған орай мынадай қортындыға келеміз, тәжірбиелік қызмет
мектепке дейінгі шақтағы балалардың танымдық шапшаңдығын қалыптастырады, өз бетімен
ізденуге үйретеді, тез есте сақтау қабілетін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: