«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ



Pdf көрінісі
бет47/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Базылов Толеген 
Магдатова Кымбат Жанатовна 
Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық 
мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, 
алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. 
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық 
абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ адам құқықтарының жалпыға ортақ 
декларациясы мен азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар 
туралы халықаралық актіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы. 
Бала үшін ата-анасының уйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын 
фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша 
мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің 
қатарына Қазақстанда жатады: проблеманың тереңдігі мен көлемі әлі белгісіз, ал біздің 
қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы 
болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді. 
Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі–балалар 
құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы 
алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, 
қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай 
келеді. 
Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-аналар 
құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа 
да тартылып жатыр. 
Балаларға қатігездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-
аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар 
мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін «тәрбиелеу» мен жол 
берілмейтін «қатыгездік» ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына 
айтарлықтар кедергі келтіреді. Қоғамдағы пікір бойынша балаға қасақана зақым келтіру 
немесе абыройына нұқсан келтіру қалыпты жағдай болып есептелсе, балаларды қорғау және 
тәрбиелеудің оң нышандарының дамуына ықпал жасау қажеттілігін көңілге қонымды етіп 
негіздеу мен жеткізу мүлде мүмкін емес. 
«Ресми статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері балаларға жыныстық сипаттағы 
зорлық-зомбылық көрсеткендері үшін 133 қылмыстық іс қозғалған, ал 16 жасқа толмаған 
балаларды жыныстық қатынасқа тартқан және жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерге 
қатысты 465 факт тіркелді» 
Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары балалардың құқығын қорғау бағытында, әсіресе, 
осы балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін бірқатар заң жобалары қабылданды. Ата-
аналардың да жауапкершілігін арттыратын шаралар бар. Мысалы, жаңа қылмыстық кодекске 
сай, өз баласының тәрбиесіне көңіл бөлмеген ата-аналарды қылмыстық жауапкершілікке 
тартуға болады. 
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына 
тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. 
Тән азабын шектірген зорлық–адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне 
зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің 
денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. 
Жан азабын шектірген зорлық–жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары 
мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына 
әсер ету. жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы 
мүмкін. 


107 
107 
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар 
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық 
пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады. 
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар. 
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі 
мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен 
бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады. 
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі–жанұядағы зорлық-зомбылық. 
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің 
отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады. 
Зорлықтың түрлері: 
- Эмоциялық зорлық–балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; 
- Физикалық зорлық–отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды 
қолданатын эмоциялық зорлық; 
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-
өзіне қол жұмсауға итермелеу; 
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен 
қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. 
Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажетілігі туды. Зорлық 
зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіңдегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де 
туындап отырғандығын ескертеді. 
Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді». 
Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай 
кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы. 
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің 
әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман 
әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. 
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы–баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған 
қарап өсетін нысаны. 
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық 
жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын 
тигізеді. 
Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі–жаман қылықтардан, яғни зорлық-
зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға 
зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп 
мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани 
дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. 
Қорыта айтқанда, балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алудың шешуші 
басымдықтары балаларға зорлық-зомбылық көрсету және балаларды жұмыс күші ретінде 
пайдаланудың алдына алу және болдырмау; ауыр жағдайда қалған балаларға көмек көрсету, 
балалардың өмір сүру деңгейімен сапасын арттыруға жағжай жасау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет