Математика сабағында қолданылатын логикалық есептер мен тапсырмалардың ерекшеліктері Біздің заманымызда қоғамды дамыту үшін жеке тұлғаның алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашыл, қабілетті маман болу. Осы талапқа сай мамандарды дайындауды мектеп қабырғасынан бастау керектігі баршамызға белгілі.
Қазіргі таңда есептеу машиналарының математикалық ақпараттарды техникада, медицинада, экономикада, биологияда т.б кең қолданылуы, түрлі мәселелерді математикасыз шешуге болмайтындығын көрсетіп отыр.
Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық сауатты болу үшін мынадай мақсаттар жүзеге асырылу керек.
Ақыл-ойды дамыту.
Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру.
Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру.
Математикалық білімді игеру мақсатында практикада қолдану.
Болмысты, табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық мазмұндай білу.
Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдылану, ұмтылу.
Осы мақсатты ескере отырып, оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру барысында ойлау қабілеттерін дамыту үшін әртүрлі логикалық есептерді шешудің маңызы зор екеніне көзіміз әлдеқашан жеткен.
Жалпы логикалық есептерді көбінесе математикалық олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда жиі қолданады. Сол себепті арнайы оқушыларыма жинақтаған төмендегі логикалық есептер мен олардың шығару жолдарын ұсынбақпын. Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары. Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептердеп атаймыз. Логикалық есептерді түрлі тәсілдермен шешудің жолдары бар.
• Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу
• Ребус түрінде шешу
• Сіріңке шырпысын қолданып шешу
• Әр түрлі есептер
Мысал: Есеп шартында Анар мен Маралдың көйлегі көк емес, олай болса Анар, Марал, Нұргүлге (-) қоямыз. Көк көйлекті Гүлнар. Олай болса Гүлнардың көйлегі көгілдір, қызғылт, ақ емес. Маралдың көйлегі көгілдір(+) қоямыз. Ақ көйлекті қыз қызғылт көйлекті қызбен Маралдың арасында тұр. Демек есеп шартынан ақ көйлекті Анар (+), қызғылт көйлекті Нұргүл (+) қоямыз. Есеп шешілді.