Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі26,83 Kb.
#198529
  1   2   3
Байланысты:
Сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып оқушымен жоба құрастыру


Сын тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып оқушымен жоба құрастыру
"Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет", - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Жалпы әдіс дегеніміз - мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы.
Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарында қолданып жүрген "сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізері сөзсіз. Оның мақсаты - оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сын тұрғысынан шешуге дағдыландырады. Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай, оны дәлелдей білуге бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, тиімді қолдана білуі, сол әріптестеріне үйрету қажет. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" бағдарламасы бойынша ол:
- шындалған ойлау, кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
- күрделі мәселерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джейнни Л..Стиль, Куртис.С, Мередит, ЧарльзТемпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос-Қазақстан" қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.


"Сыни тұрғысына ойлау" ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенің зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері математика пәні барысында оқушыларды тынымсыз ізденімпаздылыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Сондықтан да оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі анағұрлым жақсы болатынына көзіміз жетті.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Сол себепті, бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер барысында оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Бастауыш сыныптың математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу және дүниетану пәндерін оқытқанда сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
  • Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;


  • Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;


  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;


  • Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;


  • Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;


  • Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;


  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.



Ал оқушылардан осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет;

Тек сонда ғана олар: Мен осы мәселе туралы не ойлаймын? Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе? Осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба? Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сыни тұрғыдан ойлауын шыңдау жеңіл міндет емес. Дегенмен сын тұрғысынан ойлауды дамытатын оқыту жағдайлары мен әдістері баршылық. Сын тұрғысынан ойлау тәжірибесі болуы үшін мүмкіндік пен уақыттың қажеттілігі оқушылардың ойлауына рұқсат ету, оқу үрдісіне белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, пікірлерінің дұрыс қалыптасуына көмектесу, сын тұрғысынан қарастырылған мәселелердің құндылығын білдіреді. Оқушыларды математика сабақтарында біртіндеп сыни пікірлерін дұрыс айта білуге, мәселені нақтылы шешуге үйрету керек.
Негізінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша стратегиялардың құрылымы, сабаққа дайындық оқыту барысында қолданылатын үй жұмысы ретінде берілетін стратегияларға бөлінеді.
"Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту" технологиясын бастауыш сыныптың математика, қазақ тілі және ана тілі сабағында қолдану арқылы оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші, ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу – ұстаз тарапынан, ойлану – шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз тарапынан бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады.
Мінекей, осы үрдісті басшылыққа ала отырып, бастауыш сыныптарда өтілетін сабақтарда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану арқылы уақыт оқушылардың сабаққа деген белсенділігі мен қызығушылығын, тақырыпты толығымен меңгеру қабілеттерін қалыптастыралы екенбіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет