«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету



бет1/5
Дата26.02.2023
өлшемі43,67 Kb.
#170258
  1   2   3   4   5
Байланысты:
РУП ОП9Б
10 сұрақ, 5апта прак Ерменбаева Т, Ас қорыту физиологиясы, ïñèõîëîãèÿ Ð2



«САРСЕН АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ









БЕКІТЕМІН
Жоғары колледж директоры
____________ А.Кылиманова
20___ж. "____" __________



Оқу жұмыс бағдарламасы


Қазақ тілі
(модуль немесе пән атауы)
Мамандық 01140500 – Дене тәрбиесі және спорт
(коды және атауы)
Біліктілік 4S01140501– Дене тәрбиесі мұғалімі
(коды және атауы)
Оқыту нысаны күндізгі ОП9Б (9) негізгі орта білім базасында

Жалпы сағат саны 96, кредит саны 4


Әзірлеуші (-лер) Омариева Л.А.
(қолы) Т.А.Ә.

Түсіндірме жазба



Пән/модуль сипаттамасы:
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  2. білім алушыларда қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым - қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып - білу дағдыларын қалыптастырады;

  3. қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;

  4. тіл бірліктерінің қарым - қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық - коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;

  5. «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым - қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.

Қалыптастырылатын құзыреттіліктер:
Базалық модульдер:
БМ 1. Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру;
БМ 2. Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану;
БМ 3. Экономиканың базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдану;
БМ 4. Қоғам мен еңбек ұжымында әлеуметтену және бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;
Кәсіптік модульдер:
КМ 1. Білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тарту;
КМ 2. Оқу ақпаратын тарату;
КМ 3. Білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
КМ 4. Оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейін анықтау.

Пререквизиттер: «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «География» пәндерімен байланыстыра отырып, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылықтарын танытуға, мәдени-эстетикалық деңгейін көтеруге ықпал жасайды.

Постреквизиттер: Осы пәнді оқып-үйреніп болғаннан кейін «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнін меңгереді. Пәнаралық байланыс арқылы білім алушының ішкі рухани құндылығын және сыртқы дүниемен коммуникативтік, зияткерлік қарым-қатынас жасау дағдысын қалыптастыруды көздейді. Пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру білім алушылардың шығармашылық қабілеттерінің оянуына да септігін тигізеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет