Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешудің
жолдары мен тәсілдері
Математика пәніне қызығушылықты арттырудың негізгі бір жолы –ұлттық мазмұнды есептерді шығару. Жүйелі түрде ұлттық мазмұнды есептерді шығару ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстырып, салыстыратын асыл қазынамыз. Ендеше, ұлтық мазмұнды есептерді шығару - бұл адамның ойлау қабілетін дамытып, логикасын жетілдіріп, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеп, халқының өткен өміріне көз жібертеді.
Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шығару үшін:
Есептің шартымен танысып, оны элементар шарттарға ажыратып, қандай талаптар қойылғанын анықтап есепке толық талдау жасау;
Берілген есепті схема түрінде жазу;
Есепті шығару тәсілін іздеу;
Табылған тәсіл бойынша есепті шығару;
Есептің нәтижесін тексеру;
Есепті зерттеу;
Есептің жауабын тұжырымдау керек.
Мысалы-2 «Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»
Шешуі:2·8=16+8+6+6=36=6·6
Ұлттық мазмұнды есептер адамдарды аңғарымпаздыққа, алғырлыққа, ой ұшқырлыққа тәрбиелейді.
Ұлттық мазмұнды есептер шығаруда теңдеу құру арқылы
шығаратын есептерді шығару алгоритмі:
Есептің құруға берілген есептерді шығару үшін;
Белгісіз шамаларды анықтау.
Теңдеу құру;
Теңдеуді шешу;
Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
Есепті тексеру;
Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру – біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-дәстүрінде оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |