Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Жады құрылымы және оны ұйымдастырылуын түсіндіріңіз



бет11/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Жады құрылымы және оны ұйымдастырылуын түсіндіріңіз






Енгізу-шығару жүйелерінің ерекшеліктерін айқындаңыз

BIOS (/ˈbaɪɒs/, ағылш. basic input/output system  — «Базалық енгізу-шығару жүйесі») — үйлесімді есептеу машиналарының тұрақты сақтайтын құрылғысында жазылып қойылған программалар жинағы. Бұл программалар компьютердің жұмыс істеуге дайындығын тексеруге (мысалы, машинаны электр қоректендіру көзіне қосу кезінде оның жадының, баска құрылғьшарының жұмысын тексеруге) және операциялық жүйенің енгізу-шығарумен байланысты қарапайым қызметтерін орындауға арналған. Құрамына операциялық жүйенің жүктемелеуішін шақыратын программа кіреді.

Операциялық жүйенің ең негізгі функцияларының бірі компьютердің барлық енгізу-шығару құрылғыларын басқару болып табылады. Операциялық жүйе осы құрылғыларға командалар беруі, үзілулерді ұстауы және қателерді өңдеуі қажет. ол құрылғылар және жүйенің қалған бөліктері арасында қарапайым және ыңғайлы интерфейс орнатуы қажет. Интерфейс мүмкіндігінше барлық құрылғыларға бірдей болғаны жөн (ол қолданылатын жабдыққа тәуелді болмауы тиіс). Енгізу-шығарудың бағдарламалық қамтамасы операциялық жүйенің айтарлықтай бөлігін құрайды. 

Енгізу-шығару жүйесін басқару үшін ең алдымен оның аппараттық қамтамасыз етуін білуіміз абзал. Әртүрлі мамандар енгізу-шығарудың аппараттық қамтамасын әртүрлі қарастырады. Инженер-электроншылар микросхемаларды, өткізгіштердіқоректену көздерін, двигательдерді және басқа да физикалық компоненттерді көреді. Бағдарламалаушылар бірінші кезекте интерфейске, бағдарламалық қамтамаға ұсынылған – аппаратурамен қабылданатын командаларонымен орындалатын функциялар, аппаратура хабарлай алатын қателерге назар аударады

Енгізу-шығару құрылғыларын жалпы екі категорияға бөлуге болады: блоктық және символдық. Блоктық құрылғылар деп ақпаратты фиксирленген өлшемді адрестелетін блоктар түрінде сақтайтын құрылғыларды айтамыз. Әдетте, блоктар өлшемі 512-ден 32768 байтқа дейін болады. Блоктық құрылғының маңызды қасиеті -әрбір блокты қалған блоктардан тәуелсіз оқуға болатындығында. Анағұрлым кеңінен таралған блоктық құрылғылар – дискілер болып табылады. Егер ерекше ықыласпен қарайтын болсақ, блоктық адрестелетін құрылғылар мен жеке құраушыларына тікелей адрестеле алмайтын құрылғылар арасындағы шекара қатаң айқындалмағанын көруге болады.  Дискіжетектің бастиегінің ағымдық орналасқан орнына тәуелсіз оны белгілі бір цилиндрге қойып, жеке блокты қажетті жолдан бастап оқуға немесе жазуға болатындықтан диск блоктық адресетелетін құрылғы екенін барлығы да біледі. Дисктің резервтік көшірмесін сақтау үшін қолданылатын магнитті лентадағы жинақтауышты (магнитофон) қарастырайық. Лентада блоктар тізбегі сақталады. Егер магнитофонға қайсыбір блокты оқуға бұйрық берілсе, оған лентаны қайта орап, процесс сұраныс жасалған блокқа жеткенге дейін деректерді оқуды бастауға тура келеді. Бұл операция дискте блокты іздеуге ұқсайды, шамалы айырмашылығы – ол айтарлықтай көп уақыт алады. Сонымен қатар, жинақтауышқа байланысты және онда сақталған деректердің форматына қарай лентаның ортасына жеке кездейсоқ блокты жазуға кепілдік берілмеген. Магниттік лентаны кездейсоқ қол жетерлік блоктық құрылғы ретінде пайдалану әрекеті едәуір ауыр болады: ешкім оларды мұндай түрде пайдаланбайды. Енгізу-шығару құрылғысының басқа түрі – символдық құрылғы. Символдық құрылғы символдар ағынын ешқандай блоктық құрылымсыз ұсынады немесе қабылдайды. Символдық құрылғы адрестелмейді және іздеу операциясын орындамайды. Дискке ұқсамайтын принтерлер, желілік интерфейстік адаптерлер, тышқан (экранды позицияны көрсету үшін), атжалмандар (психология бойынша лабораториялық эксперименттер үшін) және көптеген басқа құрылғыларды символдық құрылғылар ретінде қарастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет