Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Интерфейс қолданылуы және мүмкіндіктерін түсіндіріп көрсетіңіз



бет12/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96
Интерфейс қолданылуы және мүмкіндіктерін түсіндіріп көрсетіңіз

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр турлі салаларында қолданылады. Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.

Пайдаланушылық және программалы-аппараттык интерфейстерді құру технологиялары кешенді  түрде қарастырылуы тиіс.  Соңғы жылдары адам компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аякталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:

- пайдаланушының    клиенттік   программамен    өзара    қарым-қатынас   денгейдегі интерфейсі;

- клиенттік машинамен  сервер машина арасындагы өзара  қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;

- сервердің шеттік программамен  немесе басқа сервермен  өзара  қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

Компьютерлік жүйелер  интерфейсі түсініктемесінің бірнеше  анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдасгырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет