Дербес компьютердің сыртқы құрылғыларына болжам жасаңыз
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары оның интерфейсіне қосылады, ол қосымша операцияларды орындауға арналған. Арналуы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей бөлуге болады:
деректерді енгізу құрылғылары
деректерді шығару құрылғылары
деректерді сақтау құрылғылары
деректерді алмасу құрылғылары
Монитор— ақпаратты компьютер экранына шыгару қүрылғысы. Бұл жалгыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы.
Мониторларды екі белгілері бойынша жіктеуге болады:
- Бейнелеу түсі бойынша;
- Шығаратын ақпараты бопынша;
Принтерлер — басу құрылғылары, олар деректерді шығару құрылғылары ретінде колданылады және құжаттардың көшірмесін қағаз бетінде алуға мүмкіндік береді. Әрекеттерінің принципі бойынша олар матрицалык, сия бүріккіш және лазерлік принтерлерге бөлінеді.
Матрициалық принтерлер — бұл карапайым басу құрылғынары. Деректер қағазға инелгрдің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер турінде шығарылады. Лазерлік принтерлер полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Олар минутына бет баспаға шығу жылдамдығымен өлшенеді. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы — «Маус» манипуляторымен жабдықталған. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі олі — сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі: ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды. Маус — бұл манипуляторлык, типті енгізу қүрылғысы, оның тегіс кілемше бетінде жылжуы экранда бейнеленеді.
Джойстик(терте) — кішкене рычагты манипуяятор, ол экрандағы жылжитын объектілерді басқару үшін қолданылатын енгізу құрылғысы.
Достарыңызбен бөлісу: |