Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Микросұлбалардағы құрылғылар мен типтік түйіндердің сапасының мәселесін бағалаңыз



бет91/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Микросұлбалардағы құрылғылар мен типтік түйіндердің сапасының мәселесін бағалаңыз

Микросұлбалардағы құрылғылар мен типтік түйіндер Бұранданың тозуы-әдетте, ыстық ортаны тасымалдаушы насостардың білігіндегі қорғағыш қауызбен жанасу орындарында байқалады. Мұның себебі бұл, оны кұрастыру барысында майлау майымен граннтті араластырып майланбағандықтан болады.Біліктің сынуы, әдетте, бір диаметр екінші диаметрге өтер жерлерде болады және де онда кернеулердің жергілікті шоғырлануымен түсіндіреді, атап айтқанда артық күш әсері кезінде. Біліктің сынуы әдетте оның майысуының салдары болып табылады.Біліктерді тексеру және жөндеу. Білікті сыналуға тексеру агрегаттың толық бөлшектеу мен жүреді, бөлшектеуді кажеттігінің себебінсіз.Тексеру жұмыстарын бастар алдын, біліктің кескін беттеріндегі және де оның геометриялык өсімен сәйкес келетін, центірлік саңылаулардың болуын тексереді.



Микросұлба, интегралдық сұлба, микросхема(mіcrocіrouіt) – элементтері (транзисторлар, диодтар, конденсаторлар және резисторлар) бір технологиялық циклда дайындалған, бір-бірімен бірыңғай өткізгіштер арқылы байланысқан, өте шағын етіп жасалған электрондық құрылғы; бір ғана шалаөткізгішті кристалл ішінде немесе бетінде орналасқан электрондық сұлба. Құрамы мен құрылымына қарай ол микропроцессор, адаптер (контроллер), т.б. қызметін атқара алады. Алғашқы интегралдық сұлба 20-ғасырдың 50-жылдары күрделене бастаған электрондық сұлбалардың сенімділігін, жылдамдығын арттыру, құнын төмендету, көлемін кішірейту мақсатында жасалды. Интегралдық сұлба ақпаратты түрлендіруге, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған. Элементтерді біріктіру (интеграциялау) тәсіліне қарай интегралдық сұлба – шалаөткізгішті (немесе монолитті), пленкалы және гибридті (сондай-ақ, көп кристалды); өңделетін сигналдар түрлеріне қарай – цифрлық және аналогтық интегралдық сұлба; құрамындағы элементтер (құраушылар) санына (яғни элементтердің интеграция дәрежесіне) қарай кіші, орта және үлкен интегралдық сұлба болып ажыратылады. Шалаөткізгішті интегралдық сұлба аса таза материалдардан (кремнийден, германийден) жасалады. Цифрлық интегралдық сұлба компьютерлердің логикалық және есте сақтау құрылғыларында қолданылады. Аналогтық интегралдық сұлба радио және бейнелік сигналдарды, токтарды, кернеулерді туғызу, күшейту және түрлендіру мақсатында пайдаланылады. Цифрлық интегралдық сұлбалар инвертор, триггер функцияларын, «және – емес», «немесе – емес», тағы сол сияқты логикалық сұлбалар қызметін атқарады. Бір кристалда жүзден аса құраушысы бар интегралдық сұлбаны интеграция дәрежесі жоғары, елу – жүз құраушысы барды – орта, он – қырық құраушысы барды – төмен, мыңнан аса құраушылары бар және электрондық аппаратураның толық бір бөлігінің қызметін атқаратын интегралдық сұлбаларды үлкен интегралдық сұлбалар, ал миллиондаған құраушылары бар бөлікті – аса үлкен интегралдық сұлба деп атайды. Мысалы, қазіргі компьютер процессорларының кремний кристалы (ауданы 150 мм2) 30 миллионнан астам элементті құраушылардан (диод, транзистор, т.б.) тұрады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет