Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Электронды сұлбалардың элементтерінің мүмкіндіктерінің әсерін талқылаңыз



бет89/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96
Электронды сұлбалардың элементтерінің мүмкіндіктерінің әсерін талқылаңыз

Электронды сұлбалардың элементтерінің мүмкіндіктерінің әсері. ункционалдық сұлба бұйымның жекеленген функционалдық тізбегінде немесе тұтастай алғанда бұйымда жүріп жататын белгілі құбылыстарды анықтайды. Бұндай сұлба бұйымдардың жұмыс істеу принципін оқуда, оларды ретке келтіруде, тексеруде және жөндеуде қолданылады.

Принциптік (толық) сұлба элементтердің толық құрамын және олардың арасындағы байланысты анықтайды, сол сияқты бұйымның жұмыс істеу принципі туралы жете танысуға мүмкіндік береді. Принципті сұлба басқа конструкторлық құжаттарды, оның ішінде сызбаларды да, жасау үшін негізгі құжат болып табылады. Сонымен қатар бұйымдардың жұмыс істеу принципін оқуда, оларды ретке келтіруде, тексеруде және жөндеуде қолданылады.

Құрамдық (монтаж) сұлба бұйымды құрайтын бөліктердің біріктірілуін көрсетеді және осы біріктірулерді іске асыратын сымдарды, бұрауларды, кабельдерді, сонымен қатар олардың түйісіп қосылатын жерлерін анықтайды. Сұлбаның бұл түрі бұйымдағы сымдарды, бұрамдарды, кабельдерді бекіту әдістері мен салуды анықтайтын сызбаларды жасау кезінде пайдаланады.

Іске қосу сұлбасы бұйымның сырттай іске қосылуын көрсетеді. Бұл сұлба бұйымның іске қосылуын орындауда және пайдалануда қажет.

Жалпы сұлба белгілі бір эксплуатациялық қызмет атқаратын бірнеше бұйымның өзара байланысын анықтайды, ол монтаждау және жобалау кезінде қолданылады.

Орналастыру сұлбасы бұйымды құрайтын бөліктердің салыстырмалы орналасуын, қажет болғанда сымдарды, бұрамдарды, кабельдерді көрсетеді. Конструкторлық құжаттарды, бұйымдарды жасағанда және пайдаланғанда осы сұлбаның қажеттілігі туындайды. Біріккен сұлба жекеленген жағдайда бір графикалық құжатта бір бұйым үшін сұлбаның екі типін орындауға рұқсат етіледі.

Орындалған сұлбаға әріптік және санды бөліктерден тұратын код қойылады. Мысалы: электрлік принциптік сұлба коды - Э3.

Электр сұлбаларында электр бұйымның не қондырғының элементтері кескінделеді және элементтер арасындағы байланысы, токтың өту реті көрсетіледі. Бұйым тетіктерінің конструкциясын кескіндеу талап етілмеген жағдайда олардың кескіндерін МЕСТ 2.102-68 ережесіне сәйкес айтарлықтай оңайлатып орындайды. Электр қондырғылары үшін сұлбалардың барлық типтері қолданылады.

Электронды Сұлба мәтінінде кездесетін кейбір терминдер туралы түсінік берейік.

Элемент – бұйымның құрамдық бөлігі, ол белгілі қызмет атқарады және өз алдына функционалдық міндеті бар бөліктерге бөліне алмайды (резистор, трансформатор, конденсатор және т.б.).

Құрылғы – бірыңғай конструкция (блок, плата, шкаф, механизм) құрайтын элементтер жиынтығы. Бұйымда құрылғы белгілі қызмет атқармауы да мүмкін.

Функционалдық топ – бұйымда белгілі бір қызмет атқаратын және бірыңғай конструкцияға біріктірілмеген элементтер жиынтығы.

Функционалдық топтарды немесе құрылғыларды құрайтын элементтерді сұлбада жіңішке үзік нүктелі сызықтармен бөліп көрсетуге рұқсат етілген. Бірақ мұнда функционалдық топтың атын немесе құрылғының атын, белгісін немесе типін көрсету керек.

Шартты графикалық белгілеулер белгіленетін элементтердің нақты өлшемдерін бейнелемейді, тек олардың түрін анықтайды, яғни сұлбаларды орындағанда масштаб сақталмайды, бірақ олардың айқындылығы мен оқуға қолайлығына зиян келмейтіндей болып жинақты түрде орындалады.

Қандай да болмасын графикалық белгілеулерді сұлбаларда қолдану – сәйкес түрлердің сұлбаларын орындаудың ережелерімен анықталады. Электр сұлбаларын орындау қезінде, сұлбаларда тіліктер қолданылмайды, тек сыртқы кескіндер, шартты графикалық белгілеулер мен тікбұрыштар пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет