3-тапсырма Орындаған: Уразбекова Ақжан ЕҚ111 Салыстырмалы талдау



Дата17.12.2021
өлшемі21,86 Kb.
#102034
Байланысты:
Социология СРС 3


3-тапсырма

Орындаған: Уразбекова Ақжан ЕҚ111


Салыстырмалы талдау

Бір мемлекет мысалында демографиялық дамудың ерекшеліктерін ашыңыз. Орын алған демографиялық өзгерістер мен олардың қоғамға әсерін талқылаңыз

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар тәрізді сан-салалы мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың өзара күрделі байланыстары тұрғысынан талдап, қарастыру қажет. Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде (XIX ғасырдың бас кезінде) экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша (мысалы, ағылшындық климатолог-ғалым Джеймс Лавлок) Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.

Демография халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін қоғамдық тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым. Экологиялық демография –демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

ХХ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азялық елдер –Қытай, Үндістан, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады.Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады.Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. 1 сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэфицентінің төмендеуі туу коэфицентінің төмендеуінен алда болады. Сол себепті халық саны артады. 2 сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді, сондықтан халық өсімі баяулайды. 3 сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэфиценті артады, туылымның төмендеуі баяулайды. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын. 4 сатысында өлім коэфиценті арта отырып, туу коэфицентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.

Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға тек бай елдер ғана емес, кедей елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Ал кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы т.б. арқылы көрінеді. Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар. Елдегі немесе планетадағы, аймақтағы демографиялық жағдайларды зерттеу адам экологиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халық, қала тұрғындарының тез санының өсуі экожүйелерге қосымша экологиялық салмақ түсіреді. Сондықтан адам экологиясы демографиялық факторлар мен урбандалу процесінің қоршаған табиғи орта жағдайына әсерін жан-жақты зерттеуге міндетті.

Демография дегеніміз халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді. Демографиялық тарихтағы ерекше феноменге демографиялық жарылыс (60-80 ж. ж) жатады. Әлемдегі жыл сайынғы халық санының өсуі: 1000 жыл бұрын-10/1 бөлігінің %. XX ғасыр басында-0,7 %. 1950 ж.-1 %. 60 ж. аяғында-2,1 %. 1970-1975 ж.-2,0 %. 1980-1985 ж.-1,7 %. Халық саның өсуі әртүрлі жерде әртүрлі өскен.

Соңғы 40-50 ж. ішінде халық санының төменделуі байқалды: Шығыс және Оңтүстік Европа, Австралия,  Япония. Халық санының төмендеуіне қарамастан, халық санының теңесуі дамушы елдер арқылы жүзеге асып отыр. Әрбір мемлекет елдің ерекшелігін ескере отырып, өзінің демографиялық саясатын жүргізіледі. ҚР -ның демографиялық саясатты ұстай отырып, жоғары туылым мен халықтың өмір сүру ұзақтығына бағытталған. Ғаламдық мағынасы бар 2-феномен-адамдардың қартаюы, яғни халық құрылымындағы егде адамдардың санының өсуі. Бұл өлімнің азаюына байланысты. Халық көбеюі-ата-аналық ұрпақтың балалармен алмасуы. 3-феномен демографиядағы-балаға деген экономикалық қажеттілігінің жоғалуы, аз отбасы идеалы, ананың борышы 2-планға шығуы, біріншілік-ол әйелдердің қоғамға енуі, семьядан тыс өндіріс. 1979-1981 ж. ж. 40 жасқа дейінгі «орта» әйелдің бала саны 4,4 тен 2,2 дейін түсті. Ауылда 2,6 жоғары, ал қалада 1,8 төмен көрсеткіштерді береді. Адамдарда жас кезінен бастап, демографиялық мінез-құлық қалыптасады, ол өмірінің барысында ереже болып қалады.

Демографиялық жағдайларға келесідей факторлар кіреді: әлемде 3,3 млрд. адам күн сайын тоймайды және 5000 млн. ашығады. 1 млрд. астам- кедейшілік шегінде тұр. 0,5 млрд.-жартылай немесе толық жұмыссыз. 0,8 млрд. астам ересектер сауатсыз. 0,2 млрд.-бала мектепке бармайды.Тамақтану проблемасы халық санымен байланысты. 6,1 млрд. адам қалыпты тамақтану үшін мал өсіруді 4 есе, ал (өсімдік) астық өнімдеріні 3 есе өсіруі қажет. Демографиялық ахуалға қоршаған ортаның экологиялық жағдайымен қатар ауыру деңгейі де әсер етеді. ВОЗ-денсаулық ұғымына мынандай анықтама берген- Денсаулық бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.

Антропогендік факторлар бұрын болмаған жаңа техногенді ауруларды туғызады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға оған тән емес 4 млн.т. астам заттар шығарылған. Олардың көпшілігі ксенобиотиктер, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін бөтен заттар. Табиғи орта физикалық-химиялық тұрғыдан таза болса да, әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін көруге болады.

Демографиялық жағдайға адамның қала экологиялық ортасында өмір сүруі де жатады. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальды орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жинақталады. Планетадағы халықтың жартысы қалада шоғырланған. Бірақ урбанизация процесі тек қана қала халқының немесе қалалардың мөлшері мен санының артуымен ғана шектелмейді. Сонымен қатар бұл процесс қоғам өміріндегі қалалардың ролінің артуынан. Қала халқының санының өсуімен қатар оның территориясының өсуі ұлғаймалы урбанизация деп аталады. Көптеген адамдардың өмір сүру салтының өзгеруінен де көрінеді. Үлкен қалалар –күрделі әлеуметтік-экономикалық ағза. Ол демографиялық, экономика-географиялық, инженерлік құрылыс, сәулетфакторларының әсерінен қалыптасады. Қала адамның басты сапасы оның денсаулығына әсер етеді. Ол әсерлер эмоциогенді қысым, уақыттың жетіспеуі, ақпараттың көптігі, гиподинамия, электромагнитті өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы т.б. Сол себепті қала тұрғындары көбінесе рекреациялық ортада демалғанды қалайды.



Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм, терроризм, соғыс ХХІ ғ. ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет