Ж. Ж. Абдрахманова1, аға оқытушы, Л. У.Үмбеталиева



Дата08.09.2017
өлшемі43,4 Kb.
#30561
Ж.Ж.Абдрахманова1, аға оқытушы, Л.У.Үмбеталиева2, аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы1, Шымкент қ.

«Авиценна» медициналық колледжі2, Шымкент қ.
ФИЗИКАДАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ҚОЮ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
ТҮЙІН
Мақала физикалық оқу экспериментінің проблемаларына арналған. Оқу үрдісінде эксперименттің дидактикалық мүмкіншіліктерінің толық қолданылмау себептері қарастырылған. Физикалық оқу экспериментінің қазіргі кездегі оқыту жағдайына сәйкес жүйесі ұсынылған. Физикалық эксперименттік есептерді қою және оны шешу жолдары көрсетілген.

Түйін сөздер: физикалық оқу эксперименті, оқу экспериментінің жүйесі, виртуалды эксперимент, лабораториялық жұмыстар.
Қазіргі кезде студенттің ой – өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып,өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, студенттерді өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.

Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Осыдан студенттердің физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.

Менің ойымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды студенттің мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз ету және физиканы оқытуды жандандыру әдістерін пайдалануға болады.

Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.

Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы төмендегідей болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер.

Физикадан эксперименттік тапсырмалар орындау студенттің мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады.

Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперимент нәтижелерін жазу және қорытындылау).

Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану)

Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау).

Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы т.б.).

Физикалық эксперименттік тапсырмалар жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:


  • тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;

  • физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;

  • техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу;

  • техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану.

Эксперименттік есептер нақты физикалық құбылыстардың, оларды түсіндіретін тәжірибелердің мәнін түсіндіруге арналады [2].

Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр студентте бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет

Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.

Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.

Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті қою және өлшеу лер жүргізу маңызды.

Сабақ барысында демонстрациялық үстел үстінде қойылатын көрсетілімдерді мұғалім дайындап, экспериментті қойып және оның физикалық мағынасын түсіндіру мәселесі қажетті деңгейде деп айту қиын. Компьютерлік техниканың керемет мүмкіндіктерін қолдана отырып физикалық тәжірибе қою әдістемесі мен техникасына көп көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені құрал-жабдықтарды тиімді қолдану үшін оларды барлық уақытта жұмысты күйде ұстап отыру қажет [3].

Оқыту процесінде виртуалды экспериментпен қатар «жанды» экспериментті қойып сабақ жүргізуді ұмытпауымыз керек. Физикадан оқу экспериментін дайындау, қою, түсіндіру, сабақ тақырыбымен үйлестіру т.б. көптеген мәселелерді шешу пән мұғаліміне жүктелетіндіктен, ол бұл жұмысты атқаруға дайын болуы тиіс. Физикалық оқу экспериментін жүргізудегі проблеманың бірі кабинетте бар бұрынғы құрал-жабдықтармен кейінгі шыққан құралдар мен қондырғылардың бір-біріне сәйкес келмеуі болып тұр [1]. Мұндай қиындықтарды шешіп беретін оқу орны көлемінде жұмыс атқаратын, техникалық құрылғыларды жақсы меңгерген инженер қызметкері керек болады. Сондықтан физика курсындағы оқу экспериментінің мәні мен мағынасын түсінетін, оны жүргізуге дайын, «жанды» эксперимент пен виртуалды экспериментті оқыту барысында дұрыс қолданып, үйлестіре білетін мамандар өте қажет деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР

1. А.В.Перышкина, В.Г.Разумовского и др. Основы методики преподавания физики. –М.: «Просвещение» – 1984. – 397с



2. Жаңабаев З. Ж, Ильясов Н.И, Тынтаева Ш.Б. Физиканы оқыту теориясы және әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Жазушы. – 2006. – 169 б.

3. Керімбаев Н.Н. Компьютерді пайдаланып физикадан зертханалық практикалық жұмыстар жүргізу. – Алматы: Жазушы. – 2002. – 98 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет