Физикада нобель сыйлығы кімдерге, не үшін беріледі?
Физикадан Нобель сыйлығы — физика саласында ғылыми жетістіктерге жеткені үшін Стокгольмдегі Швед корольдық ғылым академиясымен берілетін жоғары сыйлық.
Вильгельм Рентген (1845-1923)
Физика саласындағы Нобель сыйлығының бірінші лауреаты.
Физика саласындағы Нобель сыйлығының үш лауреаты. Бірінші қатарда солдан оңға қарай: Альберт А. Майкельсон, Альберт Эйнштейн және Роберт Милликен.
Қызықты фактілер
1)Физика саласында Нобель сыйлығының тарихында лауреаттар арасында екі әйел бар — 1903 жылы Мария Кюри, ол тіпті бірінші Нобель сыйлығын алған әйел-лауреат, және Мария Гепперт-Майер 1963 жылы алған.
2)Физика саласында Нобель сыйлығын екі рет алған тек Джон Бардин — 1956 және 1972 жылдары алған.
3)Марапаттау кезіндегі ең егде лауреат Раймонд Дэвис атанды, оған сыйлық 2002 жылы 88 жасында берілді.
Физикадан Нобель сыйлықтарын беру қашан өткізіледі!
Физикадан алғашқы Нобель сыйлығы Вильгельм Рентгенге рентген сәулелерін ашқаны үшін берілді. Әрбір сыйлық иегері медальға, дипломға және соммасы жыл сайын өзгерілетін ақшалай сылыққа ие болады. Мараппаттау рәсімі жыл сайын Швецияның астанасы Стокгольм қаласында 10 желтоқсан күні өткізіледі.
Менің ойымша:
Физика саласында жаңалық ашқан адамдарға Нобель сыйлығын беру қате емес. Себебі олар көп еңбектеніп, ізденіс жасайды. Сол себепті адамның еңбегін бағалау керек.