Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз


Микропроцессорлық жүйелердің түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз



бет88/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96
Микропроцессорлық жүйелердің түрлерінің айырмашылығын көрсетіңіз

Микропроцессорлық жүйелердің түрлерінің айырмашылығы

Микропроцессорлық жүйелердің түрлері


Микропроцессорлық техниканың қазіргі заманғы қолданылым аймағы ұшан байтақ, оларға қойылатын талап та алуан түрлі. Сондықтан, микропроцессорлық жүйелердің, қуаты, әмбебаптылығы, тезәрекеттілігі және құрылым ерекшеліктерімен ажыратылатын, бірнеше түрлері қалыптасқан. Олардың негізгі түрлері:

-микропроцесорлар мен микропроцессорлық жинам микросхемаларының негізіндегі дәстүрлі микропроцессорлық жүйелер;

-микроконтроллерлер – құрамына жүйе буындарының барлығы немесе көпшілігі енгізіліп, жеке микросхема түрінде орындалған, микропроцессорлық жүйенің ең таралған түрі;

-контроллерлер – жеке модулдер түрінде орындалған, микропроцес-сорлық басқару жүйелері;

-микрокомпьютерлер – сыртқы құрылғылармен ұштастырылу мүмкіндіктері аса дамытылған, қуаты жағынан көтеріңкі келетін, микропроцессорлық жүйелер;

-компьютерлер (оның ішінде, дербес түрлері де) – аса қуатты және әмбебаптылығы жоғары дәрежедегі микропроцессорлық жүйелер.

Микропроцесорлар мен микропроцессорлық жинам микросхемаларының негізінде құрылатын дәстүрлі микропроцессорлық жүйелер өндірісте шығарылатын қалыпты микроконтроллерлердің қойылған талапқа сай сипаттамаларды қамтамасыз ете алмайтын жағдайда пайдаланылады. Мысалы, олардың құрамына қажетті сыртқы құрылғылардың сәйкесті интерфейстік құрылғыларын орналастыру арқылы олардың жұмыс мүмкіндігін кеңейтуге болады. Микроконтроллерлер іс жүзінде жеке түрінде емес, олардан күрделірек құрылғылардың құрамында пайдаланылатын (мысалы, контроллер құрамында), әмбебап құрылғылар. Микроконтроллердің жүйелік желісі микросхема ішінде орналастырылған, яғни оған пайдаланушының қолы жетпейді. Микроконтроллерге сыртқы құрылғыларды қосу мүмкіншілігі шектелген. Микроконтроллерлі құрылғылар, әдетте, жеке бір мәселені шешуге ғана бағытталып құрылады. Контроллерлер, әдетте, жеке топқа біріктірілген, мазмұны жағынан бір-біріне жуық келетін бірнеше мәселені шешу үшін құрылады. Оларға, әдетте, қосалқы буындар мен құрылғылар (мысалы, үлкенірек жады, енгізу/шығару құралдары) қосу мүмкіндігі болмайды. Олардың да жүйелік желісіне пайдаланушының қолы жетпейді. Контроллердің құрылымы қарапайым келеді және ол ең жоғарғы тезәрекеттілікке ыңғайландырылған. Көптеген жағдайда орындалатын бағдарламалар тұрақты жадыда сақталады және өзгертілмейді. Контроллерлер жекетақталы құралым түрінде шығарылады. Микрокомпьютерлер, контроллерлерден ерекше, ашық құрылыммен құрылады, яғни олардың жүйелік желісіне бірнеше қосалқы құрылғыны қосу мүмкіндігі болады. Микрокомпьютерлердің пайдаланушымен байланыс мүмкіншілігі де (видеомонитор, түймежинам) кеңейтілген. Микроком-пьютерлерді түр-түрлі мәселелерді шешуге пайдалануға болады, бірақ әрбір мәселеге байланысты оларды қайтадан ыңғайлау керек болады, бұл оған жаңа бағдарлама енгізу арқылы жүзеге асырылады. Компьютерлер және олардың аса таралған түрі – дербес компьютерлер – микропроцессорлық жүйелердің әмбебаптылығы жағынан ең жоғарғы түрі. Оларды жетілдіру және оларға жаңа құрылғылар қосу мүмкіншіліктері алдын ала ескерілген. Сыртқы құрылғылар оларға бірнеше порттар арқылы қосылады. Компьютерлердің қолданылым аймағы ұшан байтақ, олар:  математикалық есептемелер, дерек қорларымен жұмыс атқару, күрделі электрондық жүйелердің жұмысын басқару, компьютерлік ойындар, құжаттар дайындау және т.б. Әрине, басқару жұмысына арналған микропроцессорлық жүйелерді дербес компьютерлер негізінде де құруға болады. Бұл жағдайда дербес компьютер бағдарланған жұмысына сәйкесті қосалқы ұштастыру құрылғыларымен қамтылу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет