Қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдерін айқындаңыз



бет93/96
Дата24.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#113888
түріПрограмма
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Жаңғырту себептері

Егер компьютер жылдамдығы берілген тапсырманы шешуге жеткіліксіз екендігіне, қалаған нәтижеге қол жеткізуге кедергі келтіретініне сенімді болсақ, онда ең алдымен әлсіз буынды анықтап алған жөн. Тек сонда ғана компьютердің жұмысын арттырудың бағытын, жолын таңдауға болады. Егер оның графикалық мүмкіндіктері қанағаттандырмаса, онда орнатылған графикалық бейімдеуішті талдап, тексеріп және қандай операцияларды шеше алатынын, ал егер процессор жылдамдығы жеткіліксіз болса, онда оған қандай тапсырма жетіспейтінін анықтап алу қажет.

Компьютерді жаңғыртуға әкелетін себептер көп. Алдымен ақау жерлерін аңықтау қажет, мәселен, қатқыл дискінің шуылы, процессордың қызуы. Бірінші жағдайда жүйелік қорапты ыдыратып, тыңдау жеткілікті, екінші жағдайда – арнайы бағдарламаны орнатып, температурасын тексеру керек. Қалған құраушылардың жұмысын тек компьютермен жұмыс жасау кезінде алған әсерінен анықтауға болады.

Жаңғыртуға келетін негізгі құраушылар:

1. Процессор 3D-графиканы қолданғанда, бейне және дыбысты өңдегенде және кез келген бағдарламалармен жұмыстанғанда үлкен маңызды роль атқарады.

2. Жедел жады ешқашан көп болмайды. Қарапайым бағдарламалармен жұмыс істеуге, ережеге сәйкес, 512 Мбайт жеткілікті. Егер компьютерлік ойындарды алсақ, жадының көлемі кем дегенде 2-4 Гбайт болу керек. Ол процессордың, жадының жылдамдығына кепіл бола алады, компьютердің жалпы өнімділігін 15-20 % -ға арттырады.

3. Бейнекарта жадының көлемі кем дегенде 64 Мбайттан кем болмауы тиіс. Егер қолданушы графикалық бағдарламалармен жұмыстанса, онда PCI Express 16x интерфейсті, графикалық жадының көлемі 512 Мбайттан жоғары болса жеткілікті.

4. Қатқыл дискі тек сақтау қоймасы ретінде маңызы зор десеңіз, қателесесіз. Негізінде бұл ақпаратты сақтауға арналғанымен, жедел түрде қажетті ақпаратты алатын құрал. Ол әрбір ақпаратты жазғанда жылдамдыққа бағынады. Оның жұмысы жай болса, онда компьютердің де жұмысы баяулайды. Ол процессорға, бейнекартаға, жедел жады көлеміне тәуелді. Сондықтан компьютерге жай қатқыл дискі қойылса, оны жаңа көлемді жылдамдығы көп қатқыл дискіге ауыстырған ыңғайлы.

5. CD/DVD диск-жетекке көптеген мәліметтерді сақтап қоюға болады, мәселен, музыка, бейнефильмдер, кітаптар және т.б. Жаңғыртуға келгенде қазіргі заманның талабына сай екі қатарлы және екі жақты DVD-дискіге жаза алатын DVD диск-жетегіне ауыстырған жөн.

Компьютер жұмысының жылдамдығы көптеген құраушылырынан бағынады. Сондықтан қай жері жаңғыртуға келетінін анықтау керек болса, тестілік утилиталар көмектеседі.

Жүйенің өнімділігін Windows Vista/Seven стандартты құраушысымен тексеруге болады, немесе өзге тестілік бағдарламалар арқылы: BurnIn Test Pro, SiSoftware Sandra, 3DMark және т.б.
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет